Сабақ тақырыбы:
Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуы
|
|
Уақыты:
|
Мұғалімнің аты – жөні : Б.Дүйсенұлы
|
Сынып: 7
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың мақсаты:
|
Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың орналасуын картадан көрсетіп, сипаттау;
Географиялық шартты белгілерді қолдана отырып, карталарды оқу.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану, талдау
Зерттеу және қорытынды жасау.
|
Бағалау критерийлері
|
Литосфералық тақталардың қозғалысына байланысты болатын жер бедерінің түрлерін анықтай алады.
Карта бойынша ірі литосфералық тақталарды көрсете алады, кескін картаға сыза алады.
Литосфералық тақталардың қазіргі қозғалысын карталардан анықтап, талдау жасайды, өз ойларын нақты дәлелдермен қорытындылай алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық тақталардың және сейсмикалық аймақтарды орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды.
Сызбаларды, карталарды және мәтіндерді қолдана отырып, литосфералық тақталардың қозғалыс түрлерін ажырата алады және салдарын түсіндіреді.
Жердің геохронологиялық кестесін ауызша сипаттай алады (айтылым, тыңдалым, жазылым дағдылары) дамытады.
Пән бойынша сөздер мен терминдер:
Геохронологиялық кесте, жер қыртысы, қозғалыс, сейсмикалық аймақтар, субдукция
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер (айтылым және жазылым дағдылары)
Тектоникалық құрылымның таралу заңдылқтары мен Жер бедері арасындағы айырмашылықты анықта
Тектоникалық картада .................. орналасқан
Литосфералық тақталар ........................... тұрады
Сейсмикалық облыстар ............................... орналасқан
|
Құндылықтарды дарыту
|
Барлығына тең құқықтар мен мүмкіндіктер туғызу, үздіксіз білім алу.
Оқушының бойына құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту
|
Пәнаралық байланыстар
|
Химия, физика, геология
|
АКТ қолдану дағдылары
| Интербелсенді тақта, бейнефильм, презентация
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар литосфера құрылысын және плиталардың қозғалысын білу қажет.
Картамен, сызба –нұсқалармен, фотосуреттермен, бейнематериалмен жұмыс істей алу керек.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |