Мұғалім: Барлығыңның жақсы көңіл күйде болғандарыңды көргеніме өте қуаныштымын. Жақсы көңіл күймен сабағымызды бастасақ, жақсы нәтижелерге жетеміз деп ойлаймын. Сабақтың басында өткен сабақты қайталайықшы.
Қайталау білімнің анасы
«Таңдаулы сауал» әдісін пайдаланайық! тәсілі арқылы алдыңғы білімді бекіту.
Мына сұрақтарға жауап берейік.
Табиғи қатерлердің болу себебі неден деп ойлайсыңдар?
Төтенше жағдайларда не істеу керек?
Төтенше жағдайларда қайда хабарласу керек?
Жарайсыңдар балалар,ендеше қандай сурет көріп отырмыз?
Отбасының берекесі бәрінен де қымбат
Е ндеше біз сендермен қандай тақырыпты сөз етеміз? Дұрыс, біз сендермен отбасы жайында сөйлесетін боламыз.
Отбасы-жылыұямыз,
Тірегі – ата-анамыз.
Уыз сүт еміп осында, Уылжып біздер өсеміз. Осында үлгі аламыз, Осында адам боламыз. Еркелеп, ойнап, еліктеп,
Осында өсіп толамыз. (Естеу Нүсіпбеков )
Отбасы дегеніміз –сыйластық, жарастық орнаған орта.
Отбасы –бір үйде тұратын жақын адамдар.
Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз.
Ендеше әрбір адам бақытты отбасы болу үшін не істеуі керек.
Оқулықпен жұмыс
Ендеше оқушылар сендердің ойларынша бақыт дегеніміз не?
Балалар, барлық адамдар бақытты болғысы келеді, солай емес пе?
Яғни, бақыт деген ұғымды әр адам әрқалай түсінеді.
Ендеше мына берілген бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді мәнділігіне сәйкес нөмірлеп көрейікші.Бақытты болу үшін бірінші орынға нені қоямыз?
Оқулықтағы «Бақытты өмір сүруге қажеттіліктерді өз түсінігіңе сай нөмірле?» деген тапсырманы орындау.
Бақыт
Отбасы балалар ма отбасы балалар материалдық игілік демалыс мансап
Дескрипторлары:
* Сұрақтарға жауап береді.
* Қажеттіліктерді мәнділігіне сәйкес нөмірлейді.
* Отбасының бақытты өмір сүруіне байланысты өмірдегі құндылықтарды біледі.
Қараңдар, барлығың 1 және 2 деген нөмірде отбасы және бала сөздерін бірауыздан жазған екенсіңдер. Жарайсыңдар! Ең бірінші отбасы және балалар болу керек.Онан кейін материалдық игілік ,дмалыс болса мансабымыз өсіп жатса ,бұлардың барлығы бақытты өмір сүруге қажеттіліктер болып саналады.
Отбасы – қоғамның негізі. Себебі қоғам отбасыдан тұрады.
Отбасы- біздің өміріміздегі ең басты құндылық.Егер біздің басымызға жамандық,қиындық және бақытсыздық төнсе ,бізді кім тыңдайды,кім көмек береді,сабырға шақырып ақылын айтып,кім қорғайды?Біз бірінші көмекті және ақылды кімнен сұраймыз?
|