Отбасы – алтын ұя, киелі шаңырақ.
Отбасы – жылулық.
Отбасы – ананың аялы алақаны.
Отбасы – әкенің мейірімді жүрегі.
Отбасы – бала бақыты.
Отбасы —шағын мемлекет.
Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады.
Отбасы – кішкентай бір мемлекеттік ұя.
Мұғалім: Әрбір адам көзін ашып дүниеге келгенде мейірімді, жүректері жылыжандарды көреді екен. Ол – АТА-АНА. Балаға олардан артық, оларданқымбат жан жоқ. Әрбір ата-ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстыңболмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді. Ендігі кезекте оқушыларғаой-қозғау ретінде ата-аналары жайлы сұрақтар қойылады, солардыңжауаптарына құлақ түрейік.
V.Ой қозғау.
Оқушыларға сұрақтар:
Ата-ана сен үшін кім?
Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?
Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етесіңдер?
Мұғалім: «Ата-ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы
айтқандай ата-ана баласының түйсігіне қандай із салса, бала сол жол-мен жүре беретіні белгілі. Қазір оқушыларға отбасы жайлы мақал-мәтелдердің басы оқылады, ал аяғын оқушылар жалғастырып табады.
VI. Мақалдың жалғасын тап.
Әкеге қарап ұл өсер, ………………………
Анасы қандай болса — …………………….
Ананің көңілі балада, …………………….
4. Жақсы сөз — …………………………………..
5. Ұяда не көрсең ……………………………..
6. Отан …………………………………………….
7. Қыз өссе елдің көркі, …………………….
Бала жақсы болса – қуаныш, ………….
Мұғалім: «Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кеткен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-
ана балам жақсы болып өссе екен, елімнің қалаулы азаматы болса екендеп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оғанқойылатын талаптар да күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |