Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық қасиеттері: жыныстық жетілуі, көбею, өнімділік, ас қорыту ерекшеліктерімен танысу



бет1/5
Дата22.09.2023
өлшемі38.21 Kb.
#478352
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшелігі


Шошқаның биологиялық және шаруашылық ерекшелігі
Сабақтың мақсаты: Шошқалардың биологиялық қасиеттері: жыныстық жетілуі, көбею, өнімділік, ас қорыту ерекшеліктерімен танысу.
Жоспары:

  1. Шошқалардың жыныстық жетілуі, көбеюі

  2. Төлдердің ірілігі

  3. Мегежіндердің сүттілігі

  4. Шошқалардың еттілігі, майлылығы

Басқа үй жануарларына қарағанда шошқа бірсыпыра биологиялық касиеттерге ие: бұл эмбрионалдық дамудың қыска мерзімі, көптөлділігі, азық талғамауы, буаздылық кезеңінің қысқалығы, шошқаның өсуінде азық аз жұмсалатындығы, сондай-ақ шошқа етін өндіруге көп еңбек жұмсалмайтындығы шошқа бойындағы зор қасиет.
Шошқалардың жыныстық жетілуі ерте, 6-7 айлық торайлар ұрықтануға қабілетті болып келеді. Ұрғашы шошқаның мол тұқым беруін қамтамасыз ететін барлық ағза мен жыныстық жүйенің даму сатылары, шошқа ұрығының эмбриональдық және постэмбрионалдық даму кезеңі шошқаның 9-10 айлық кезеңіне дәл келеді. 12 айлық ұрғашы шошқа-мегежін алғашқы төлін туа алады.
Шошқаның ерекше маңызды ерекшеліктерінің бірі көбею қабілетінің күштілігі. Мегежіндер әрбір 21 күн сайын күйекке түседі. Дұрыс ұрықтанғаннан кейін ұрықтың эмбриональдық даму кезеңі басталады.
Шошқаның эмбрионалдық дамуының ұзақтығы 114 күн. Салыстыратын болсак, ірі кара 285 күн, қойдікі -152 күн.
Жана туған торайдың салмағы 1,1-1,2 кг және ол ересек жануардың салмағының 1 пайызынан аспайды. Оның денесінің құрамында 82 пайыз су, 14 пайыз белок, 2 пайыз май және 3 пайыз күл болады.
Жаңа туған торайдың жылу реттейтін жүйесі, қан айналысы мен асқорыту жүйесі нашар дамыған болады.
Басқа үй жануарларымен салыстырып карағанда жаңа туған торайлардьщ зат алмасуы қарқынды болып келеді және бойлары да неғұрлым тез өседі. Туғаннан кейінгі 8-күннің өзінде-ақ оның тірі салмағы екі есе артады. Салыстыру үшін қозылардыкі - 12, бұзаулардікі - 47, кұлыңдардыкі - 60 күннен кейін ғана.
Торайлардың карқынды өсуі мен жалпы дамуы қалған уақыттада сақталады.
Жаңа туған торайлардың денесінің ұзындығы мен кеудесінің оралымы 26 мен 20 см, кеудесінің жалпақтығы 7 см қолқасының ұзындығы 4 см, жүрегінің салмағы 13 г болып келеді.
Екі айлық жасқа келгенде денесінің тұрқы мен тірі салмағы 15-17 есе, кеудесінің оралымы мен қолқасының биіктігі екі есе, ағзаның көлемі 23 есе, ішегі 4 есе ұзарады, жүрегінің салмағы - 4 есе өседі.
Көптөлділігі. Шошқаның көп ұрықты болуы — айрықша маңызды шаруашылықтың белгісі.
Шошқа шаруашылығы қызметінің нәтижесі бір аналыққа шақканда торай санымен өлшенеді. Көптөлділік оқыс жағдайларды есептемегенде (6 торай және одан кем) барлық аналықтың берген төлінің орта көрсеткішімен өлшенеді.
Көптөлділік потенциалдық және шынайылық болып бөлінеді.
Потенциалды көптөлділік деп - қалыпты дамыған және барлық ұрықтанған аналық клеткаларының (олар 25-тен 35-ке дейін) пісіп жетілуіндегі ұрықтардың қалыпты дамуының нәтижесіндегі торайлардың алынуын айтамыз.
Шышайы көптөлділік потенциалдықтың 50-60 пайызы болып келетін тірі туған торайлардың санымен өлшенеді.
Мегежіндердің көптөлдігін арттыру үшін, потенциалдық және практикалық көптөлділіктің арасындағы айырмашылықгы азайту керек. Бұл үшін бәрінен бұрын жыныс клеткаларының толық ұрықтануына, дамудың ерте сатысында ұрықтар мен зародыштардың өмірлік қабілетінің артуына қол жеткізу керек.
Эмбрионалдық кезенде зиготалар өліп, төлдің туар алдында немесе туу кезеңінде қазаға ұшырайтыны белгілі.
Зерттеушілер аналық шошқадан 16-20, ал орташа алғанда 158 жыныс клеткасы бөлінеді деп есептейді. Олардың тек 0,6- 13% ғана ұрықтанады да, қалғандары ұрықтанбайды. Жыныс клеткаларьгаың толық ұрықтабауының және олардың көп бөлігінің өліп кетуінің себептері мыналар болып есептеледі: аталық пен аналық жыныс клеткаларсының жетілмей қалуы, мегежіндер мен қабандардың дұрыс қоректенбеуі, күту мен ұстаудағы режимнің бұзылуы және т.б. Алайда біздің елімізде және шетелдерде өткізілген зерттеулерге қарағанда жалпы жұғымдылығы төмен рационмен қоректендіргенде буаз кездегі жас аналықтардың тірі салмағының өсуі және жаңа туған орайдың тірі салмағының өсуі бәсеңсиді. Көптөлділіктің төмендеуі азық-түліктегі негізгі элементтердің жетіспеушілігіне байланысты екендігі дәлелденген. Шошқаларды жүйелі түрде жеткіліксіз азықтандыру салдарынан көптөлділікті төмендетіп алуға болады.
Алайда қарқынды азықтаңдыру нәтижесінде, генетикалық тұрғыдан қалыптасқан мөлшерден артық көптөлділікке қол жеткізуге әлі ешкімнің сәті түскен емес. Сондықган да әлі белгісіз биологиялық факторлардың әсерінен аналық ағза өзінің көптөлділігінің көлемін реттей алады деген пікір күшінде кала береді. Шошкалардың калыптасқан тұқымқуалаушылық көптөлділік деңгейін өз мөлшерінде ұстау үшін аналықты қалыптасқан нормаға сай азықтандыру керек.
Азық рационының қуаты және протеині, ауыстыруға келмейтін аминоқышқылдары, минералдық заттары мен витаминдері толық сәйкестендірілген болуы тиіс. Келесі фактор - жетілген аналық клеткалардың шығуының жоғарылауы болып табылады.
Қазіргі кезенде Шошқалар мен тұқымдардың одан арғы көпттөлділігін жетілдіру, популяциялық генетикалық әдістерін қолдана отырып, жануарлардың тұқымқуалаушылық негіздерін өзгерту арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет