Әдістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.1/05
Қазақстан республиканың білім және ғылым министірлігі
С. Торойғыров атыңдағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология және экология кафедрасы
Зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
«Жануарлар экологиясы» пәні бойынша
050608-Экология мамандығының студенттеріне арналған
Павлодар
Ә дістемелік нұсқаулық ПМУ ҰС 7.18.1/05
бекіту парағы
Бекітемін
ХТжЖ факультетінің деканы ________________Ахметов Қ.Қ.
20____ «_____» __________
Құрастырушы: б.ғ.д., професор. Қаманұлы Ұлықпан _________________
Биология және экология кафедрасы.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Зертханалық жұмыстарға арналған
«Жануарлар экологиясы» пәні бойынша
050608 - Экология мамандығының студенттеріне арналған.
Кафедра мәжілісінде ұсынылған
2009ж. «19» 08 №1 хаттама
Кафедра менгерушісі.....................................Исимбеков Ж.М.
ХТжЖ факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінен құпталған
2009ж. «25» 08 №1 хаттама
ОӘК төрайымы..................................... Ұ.Д. Бүркітбевна
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС №1
Тацырыбы: Жануарлар экологиясының теориялық жэне практикалық мәні.
Жұмыстың мақсаты: Экожүйедегі жануарлардың иеленетін орны, маңызын құрлық, су, топырақтағы жануарлардан мысал келтіріп түсіндіру. Жануарлардың, өсімдіктердің ұрықтануына, таралуына әсері. Ауыру таратушы, ауру туғызушы жануарлар.
Құрал-жабдық, материал: Жануарлар әлемінің систематикалық топтарының шығу тегін көрсеткен сурет (дендрохронология), бір клеткалы т.б. омыртқасыз жануарлардың өсіріндісі (культура). Микроскоп, лупа, препараттық әйнек, ас тұзы, пипетка.
Жануарлар өздерінің қоректену, ін қазу, ұя салу, қозғалысы және нәжіс пен зәр шығаруын арқылы қоршаған ортасына аса зор әсерін тигізеді. Өсімдіктің қалдығын ұсатады, өсімдіктерді тозаңдырады, ұрығын таратады, зақымдайды, шірітеді. Суды ластайды немесе органикалық заттардан тазартады. Топырақты сиретеді, ауа және су сіңімділігін жоғарылатады т.б. көптеген жануарлар басқа жануарлардың және адамның ішкі-сыртқы мүшелерінде паразиттік түрде тіршілік етеді. Сондықтан жануарлардың теориялық және практикалық мәні өте зор.
Жұмысты атқару барысы мен реті:
1. Дендрохронологиялық және шығу тегі мен туыстық қатынасын
көрсеткен суретті түсініп сызып алу.
Protozoa - Phagocytellozoa- Раrаzоа – Еumetazoa аймақтарының типтік, кластық құрамын көрсеткен схеманы анықтау.
Арнайы аквариумға өсірген культуралардан амеба, эвглена, инфузорияларды микроскоппен қарап, әрбіреуінің қозғалысын бақылап, белгілеп жазып алу, бұлардың суретін салу.
Екі тамшы судың ортасын қосып, бір жағындағы суды қыздырған инемен жылытқанда инфузориялардың қай жаққа көп жиналғанын бақылап, белгілеп жазып алу.
Дизентерия амебасы, трипоносома, трихомонада, плазмодин қатарлы мал мен адамның паразиттарының дайын препарат арқылы танысу, олардың тіршілік айналымын сызып, белгілеу жасау.
Жұмысты тәмәмдағанын тексертіп, оны бағалату үшін:
а) жоғарыдағы сурет, схемаларды толық жасап орындаған;
б) микроскоптан қарапайым денелі (бір клеткалы) тауып, уақытша
препарат жасап көріп, бақылау жасап, қорытындылап жазу;
в) инфузорияның термотаксис қозғалысын бақылап қорытынды жасау;
г) тіршілік айналымы деген не? Паразиттың иесі деген не? Иелер қалай-
қалай бөлінеді деген сұрақтарға жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |