5 б сынып
Қарабаева А.Қ.
Тақырыбы: Эмоция.Көңіл күй.
Мақсаты: Адамда болып тұратын психикалық процесс эмоция туралы
түсінік беру.
Оқушыларға адам ағзасына эмоциялық әсердің заңдылығы туралы
білімді қалыптастыру.
Оқушыларды өз көңіл күйін игере білуге және басқаруға,
қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың эмоция, көңіл-күй туралы білімдерін
өмірде, практикада қолдана білуін қалыптастыру.
Қажетті құралдар: бояу қарындаштар, әр түрлі эмоция түрлері бейнеленген
суреттер, карточкалар, нақыл сөздер.Сіз қалай күлесіз?».
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Психологиялық бағыт.Ортаға шығып шеңбер бойлай тұрып, әр ұлт өкілдері болып амандасу.
2.Негізгі бөлім.
- Балалар бүгін біз сендермен «Эмоция.Көңіл күй» атты тақырыпта сөйлеспекшіміз.Сабағымызды бастамас бұрын эмоция дегеніміз не? Сол сұраққа жауап берейік.
(Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу- келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім, эмоция дейміз).
Адам өмірінде эмоциялық күйдің үлкен мәні бар. Олар белгілі бір кезеңде адамның бүкіл психикалық әрекетіне өң беріп, алуан түрлі көңіл күйінде аффектілік жағдайда көрініс береді.
-Ал енді балалар қандай эмоция түрлерін білеміз мына шарларға қарап көрейік. (суретпен жұмыс )
Жаттығу «Көңіл күй түсі».
Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып қорапқа тастайды. Психолог түстерді қарап балалардың көңіл-күйін біледі.
Жаттығу «Мен күн сәулесі астындамын».
Бір парақ қағазға шеңбер сызып ортасына «Мен» деп жазасыңдар.Сол шеңберден сызықтар тарап әр сызыққа сенде бүгінгі күні қандай эмоция түрлері басынан кештін соны жазасыңдар.Оң эмоцияны қызылмен, теріс эмоцияны көкпен бояу керек.
(талдау түстерге байланысты жүреді)
-Балалар әр түрлі эмоцияларды басқара білу керек.Сол үшін қазір «Сен-арыстансың» атты жаттығу орындайық.
Көзімізді жабамыз, елестетіңдер, сен арыстансың, күштісің, қуаттысың, құдіреттісің, өз-өзіне сенімдісің, әдемісің, ұстамдысың, абыройлысың, еркінсің.Бұл арыстанның аты- сенің атың сияқты, сенің көзің, сенің қолың, сенің аяғын барлығы саған ұқсас.Бұл арыстан-ол сен! Ал көзімізді ашамыз.Не сездіңдер?...
Эмоциялық күйлер өтіп жатқан психикалық әрекет сипатына ғана тәуелді болып қана қоймай , оған өзі де орасан зор әсер етеді.Мысалы, көңіл күйі жақсы болса адамның танымдық және еріктік әрекетінің белсенділігі артады.Көңіл күй бұл адамның барлық толғаныс, тербелістері мен әрекетіне өң беретін біршама ұзақ эмоциялық күй.Көңіл күйдің өзгеруінің әрқашанда себебі болады.Ол себеп не деп ойлайсыңдар?
(табиғат, түрлі оқиғалар, адамның қарым-қатынасы, денсаулық жағдайы, орындалатын әрекет)
Адамның көңіл күйі жақсы, сергек кезінде елеулі қиындықтардың өзі оңай, орындалып жатқан жұмыс қызық, ал адамдар қайырымды және ұнамды болып көрінеді.Адам өз көңіл күйінің қожасы.Ендеше балалар, психологиялық күйдің бірі-күлкі болып табылады.
А.Н.Толстойдың айтуынша «Күлкі-әсемдікті білдіреді» екен және ол кісі күлкінің 97 түрін атап шыққан .
Жаттығу «Күллі әлемнің күлкілері».
Балалар күлкінің қанда түрлерін білесіңдер? (Күлкі түрлерін тақтаға ілу)
Сауалнама «Сіз қалай күлесіз?».
-Балалар сендер күлкі туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер білесіңдер ме?...
-Ал енді балалар ұлы ақынымыз А.Құнанбаевтың төртінші қара сөзінде күлкі туралы былай делінген:
«Үнемі уайым-қайғыға жан шыдай ала ма екен?Үнемі күлмей жүре аламыз ба, үнемі күлмей жүруге жөн шыдай ма екен?Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін.Шығар есігін таба алмай, уайым –қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де – бір антұрғандық және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл ызалы күлкі өзі де-қайғы.Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау Құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі»(жасанды).
Күлкі жаттығулары:
1.Таңертең үйде , көшеде таныстарыңызды кездестіргенде демді ішке тартып, демді шығарарда и-и-и дыбысын шығарыңыз (2-3 рет)
2.Көзді сықситып ,ерін бұрыштарын көтеру (10-15 сек).
3.Терең дем алу , демді шығарарда «ха-ха-ха» деп 7 рет қайталау , бұл өкпедегі ауаны сыртқа шығарады.
4.Одағай сөздер арқылы жымию а, о, ух.
Сурет бойынша эмоция түрлерін жасату.
Қорытынды.Рефлексия.
Балауыз шам қолдарына алып, алақанымен шамның жылуын сезініп , бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.
Ұсыныс:
1.Өзге адамдармен сұқбаттасқанда үнемі өз эмоцияларын , іс- әрекеттері мен сөздерін бақылап жүру керек.
2.Ұйықтар алдында өміріңіздегі ең көңілді кездерді еске алу ,жымию.
Достарыңызбен бөлісу: |