Сабақтың тақырыбы : №1,2 эем-де есеп шығару кезеңдерін біледі Модуль /пән атауы



бет1/3
Дата19.09.2023
өлшемі28.65 Kb.
#477951
түріСабақ
  1   2   3
1-2


Абай обласы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК

Колледждің миссиясы:

Терең білімді, кәсіпқой, әлемнің тұрақты экономикалық дамуына ықпал ететін жаһандық экономиканың көшбасшыларын қалыптастыратын сапалы білім

Колледждің пайымдауы:

Әлемдік білім аренасында танылу, бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауда сапалы білім беру



Оқу сабағының жоспары

 Сабақтың тақырыбы:

№1,2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерін біледі

Модуль /пән атауы

КМ04 ОН5 Компьютерлік құрылғыларды алгоритмдеу және бағдарламалау

Педагог дайындады

Дүйсембекова А.Н.

1. Жалпы мәліметтер:




Сабақтың өтетін күні:

Курс, топ

____.09.2023

І, 21 BQ-1

Сабақтың түрі

дәріс

2. Мақсаты, міндеттері:

ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерін білу

3. Күтілетін нәтижелер:

ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерін толық меңгеру

4. Қажетті ресурстар:

Алгоритмдеу және программалау тілдері. Н.С.Заурбеков, Б.Ж.Жұмаханов Алматы 2008 ж, тірек конспект

5. Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтың мазмұны

Ескерту

Ұйымдастыру

  1. Оқушылармен амандасу

  2. Оқушыларды түгендеу

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру




Үй тапсырмасын сұрау:




ЭЕМ


Студенттердің ЭЕМ туалды білімдерін нақтылау



Жаңа сабақ



Қаралатын сұрақ:
Компьютерде есепті шешу процесі
ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңі

Студенттермен бірлесе отырып талдау

Жаңа сабақты бекіту:

ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңі:

  1. есептердің қойылуын ұғу (түсіну)

  2. формалдау деңгейі (есептің математикалық түрде қойылуы)

  3. шешу әдісін таңдау (немесе құрастыру)

  4. алгоритмді жазу (құру)

  5. программасын құру

  6. программасының дұрыстығын тексеру

  7. есептеу және нәтижелерді өңдеу




Рефлекция

«Смайликтер арқылы көңіл –күйлерін білдіру




Үй тапсырмасы

Өткен тақырыптар бойынша 10 күрделі тест құрау, 4 нұсқадан тұратын. Ауызша дайындалу






Оқытушы Дүйсембекова А.Н.
(қолы) (аты жөні)
Сабақ тақырыбы: №1,2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдерін біледі

Компьютерде есепті шешу процесі - бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.


Бұл этаптарды келесі мысалдарда қарастырамыз: екі бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін шығару.
Кез келген есепті ЭЕМ-де шешу бірнеше кезеңнен тұрады:

  1. есептердің қойылуын ұғу (түсіну)

  2. формалдау деңгейі (есептің математикалық түрде қойылуы)

  3. шешу әдісін таңдау (немесе құрастыру)

  4. алгоритмді жазу (құру)

  5. программасын құру

  6. программасының дұрыстығын тексеру

  7. есептеу және нәтижелерді өңдеу



Есептің қойылымын түсіну.
Есептің қойылымын ұғыну барысында алдымен соңғы нәтижені қойылған есептің шешімі бар ма және ол жалғыз ба; қарастырылатын физикалық құбылыстың немесе объектінің жалпы қасиетттерін танып білу; нақты ЭЕМ-нің мүмкіндігін талдау және программалау жүйесінің мүмкіндігін талдау. Бұл кезеңде қойылған есептің негізін терең түсіну талап етіледі. Есепті дұрыс тұжырымдау, кейде оны шешуге қарағанда қиын соғады.
Формалдау.
Формалдау қарастырылып отырған құбылыстың ережеге сай математикалық моделін құруға алып келеді. Есепті талдау нәтижесінде берілген мәліметтердің спецификасы мен көлемі анықталады, шартты белгілеулер жүйесі енгізіледі, шешілетін есептің танымал есептердің қайсысына жататындығы анықталады және және сәйкесінше математикалық аппарат таңдалады. Бұл үшін математика тілінде физиканың, механиканың, экономиканың, технологияның және т.б. нақты есептерін ұйымдастыра алу қажет. Бұл кезеңнен жеңіл өту үшін сәйкес пән саласынан терең біліммен біргеесептеу математикасын жақсы білу керек, яғни машинада есептер шешуде пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді білу керек.
Көптеген күрделі есептердің толық қойылуы есептеу техникасы құралдары арқылы орындалмайды. Сондықтан бұл есептерді ықшамдау қажет. Қарастырып отырған есеп үшін қай параметрлердің қажеттігі жоғары, ал қандай параметрлердің қажеттігі төмен екендігін білмей, есепті сауатты ықшамдау мүмкін емес.
Шешу әдісін таңдау.
Есептің математикалық тұжырымдалуы анықталған соң оны шешу әдісін таңдау керек. Жалпы айтқанда, кез келген әдісті қолдану бірқатар формулаларды құруға және осы формулалардың арасындағы байланысты анықтайтын ережелерді тұжырымдауға алып келеді. Мұның барлығын есемтеу процесін машина орындай алатындай жеке қадамдарға бөлуден тұрады.
ЭЕМ-де есептерді шығарғанда кез келген алынған нәтиже жуық мән екенін есте ұстау қажет. Егер дәл шешудің алгоритмі белгілі болса, онда кездейсоқ қателктен басқа (ЭЕМ жұмысындағы ақаулар), ЭЕМ-де сандарды өрнектеу – бейнелеу дәлдігінің шектеулігіне байланысты қателіктер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет