№16 КОЛЛЕДЖ МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
«КЕЛІСЕМІН» «БЕКІТЕМІН»
Әдіскер __________ Е. Мырзабеков Директордың ОІЖ________Е.Билалов
«____»__________20... ж «____»__________20... ж
АШЫҚ САБАҚ
Баскетбол. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі
Пәні: Дене тәрбиесі
Оқытушы: Абдуллаев Қ.С
Шардара
_____ курс ______ тобы «____» ______2019 жыл
Пәні: Дене шынықтыру
Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Қауіпсіздік ережесі. Ойын ережесі
Сабақтың мақсаты
1 Білімділік: Оқушылардың баскетбол ойынына қызығушылығын арттыру, ойынның қауіпсіздік ережесі мен ойын ережесін үйрету.
2 Тәрбиелік: Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, күш және т. б. қасиеттерін дамыту.
3 Дамытушылық: Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу..
Сабақтың түрі, әдісі: аралас сабақ
Өтілетін орын: спорт алаңы
Қажетті құрал-жабдықтар:Баскетбол добы, ысқырғыш, шығыршық, кедергі, суреттер
Пәнаралық байланыс: Физика, Геометрия, Тарих
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі ( 25 минут)
Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорт секторынан мәлімдеме қабылдау. Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру. Бір қалыпты жәй жүгіру. Бой жазу жаттығулар. Үй тапсырмасын тексеру. Акробатикалық жаттығулар.
Дайындық бөлімі
1. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қол белде басты оңға екі рет, солға екі рет айналдырамыз.
2. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде қолды иыққа қою. Бір, екі иықты алға айналдыру. Үш, төрт артқа айналдыру.
3. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Бір, екі алға. Үш, төрт артқа қолды ауыстыра сілтеу.
4. Б. Қ. Аяқ иық көлемінде оң қол жоғарыда сол қол белде. Бір, екі солға иілу.
5. Б. Қ. Қолды белге қойып секірудің әр түрлі әдістерін жасаңыз.
6. Бастапқы қалып аяқ иық көлемінде, қолды алға созып10 - 15 рет отырып тұрамыз.
7.Жүгіру жаттығулары кезінде аяқты дұрыс қою және қолдың жұмыс істеуіне мән беріп бақылау.
Жылдам жүгіру.
Жаттығудың бірдей жасалуына мән беру.
Денені тік ұстаймыз, көзді жұмбаймыз.
Денені тік ұстаймыз, қолдың иыққа толық тиюін және толық айналуын қадағалаймыз.
Денені тік ұстаймыз қолдың жазылуын, қолдың бүгілмеуін қадағалаймыз.
Қол белде, дұрыс еңкеюін қадағалаймыз.
Толық еңкейеміз.
Толық айналдырамыз.
Дұрыс отырып тұруын қадағалаймыз.
2 Негізгі бөлім ( 45 минут)
Жаңа сабақтың тақырыбы:«Баскетбол. Баскетбол ойынының жалпы ережелері»
1. Баскетбол ойынының ережесін түсіндіру.
2. Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
3. Ойын элементтерін үйрету.
- бір орында тұрып оң және сол қолмен допты жерге соғып, ыршытып жаттығу.
- допты бір қолмен жетелеп жүріп, жерге соғып ыршыту.
- екі қарама - қарсы тұрып, допты екі қолмен кезек жерге соғып ыршытып тоқтамай бір - біріне кеуде тұстан лақтырып жаттығу.
Эстафеталық ойындар.
Оқушыларды екі топқа баскетбол элементтері бар эстафеталық ойын ойнату.
- кедергінің арасынан допты соғып алып өту
- допты жоғарыдан беру
- допты төменнен беру
- жерге қатар қойылған 5, 6 шығыршықтың ішіне соғып келе жатқан допты дәл түсіре ыршыту
- бірден алаңның ортасынан баскетбол қалқанына қарай допты ыршытып келіп, қалқанға жақындағанда тоқтай қалып, допты шығыршыққа екі қолмен лақтырып түсіруге тырысу.
Қорытынды (15 минут)
Сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Бағалау. Кемшіліктерін және жетістіктерін айту.
Үй тапсырмасы (5 минут)
Үйге тапсырма. Қоштасу. Баскетбол добымен жаттығулар орындау.
Оқытушы: _________ Абдуллаев Қ.С
(қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |