СабақТЫҢ тақырыбы: Қ. Бекхожин "Ақсақ Темір мен ақын"



Дата03.07.2016
өлшемі92.5 Kb.
#175416
түріСабақ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Қ.Бекхожин “Ақсақ Темір мен ақын”

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Қ.Бекхожиннің шығармашылығымен танысу;
САБАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ: а) білімдік: Шығарманың мазмұнына терең үңілу, Шығыс әдебиетінің өкілдеріне қысқаша тоқталу;
б) дамытушылық: Өлең құрылысына талдау жасай білу, мазмұнын тереңнен аша білуді дамыту.

САБАҚТЫҢ ТИПІ: жаңа ұғымды меңгерту

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: ақпараттық оқыту.

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСІ: түсіндірмелі, практикалық

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: интербелсенді, слайд-шоу.

ҚОЛДАНҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР: «Қазақ тілі мен әдебиеті»

журналы. 2006 ж.№11. Қ.Бекқожин туралы альбом.



САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ: а) оқушыларды түгелдеу,

ә) эстетикалық ахуалын қадағалау.



ІІ. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңін жатқа сұрау. Өлеңнің идеясын, тақрыбын ашу мақсатында бірнеше жетекші сұрақтар қою. КӨбірек сұрау үшін әр оқушыға бір-бір шумақтан сұрау.

ІІІ. АКТУАЛДАУ: Балалар, тарихта ел билеу саясатын негізінен жаулап алушылыққа арнаған қандай тарихи тұлғаларды білеміз?

ІV. Жаңа сабақ: Қ.Бекхожиннің “Ақсақ Темір мен ақын” өлеңімен танысатынымыз хабарланып, сабақтың мақсаты айтылады.

«Өмірден не аларыңды емес, не қалдырарыңды ойла», - деген эпиграфпен жаңа тақырыпты түсіндіру басталады.

1. Ақынның өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталамыз. Республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Қалижан Бекхожин – артына өшпес мұра, мол рухани қазына қалдырған эпик ақын. Гете, Байрон, Низами сынды ұлы шайырларды қазақша сөйлеткен шебер аудармашы да. Оқулық авторы, сыншы әрі зерттеуші, сан қырлы талант иесі Қалижан Бекхожиннің қазақ әдебиетінен алар орны да айрықша.

2. Ақсақ Темірден қаймықпай, онымен тірескен шығыстың азулы ақындарының бірі – Хафиз жөнінде мәлімет беріледі.

Хафизді Шығыста Ғайып ақын атайды. Ол – ғайыптан келген пенде дегендері. Оның бір өлеңін сегіз рет оқысаң, сегіз түрлі ой аласың, сегіз түрлі сезімге бөленесің. Оны тәржіма жасауға Еуропаның көп аудармашылары батпаған. Өте терең, әрі нәзік ақын. Ол парсы ғазалының атасы болған. Мұны тұңғыш рет аударған ұлы Абайдың шәкірттерінің бірі – Шәкәрім.



Өтеген Күмісбаев
Әмір Темір (Темір бін-Тарағай Барлас, парсыша: تیمور لنگ‎ — Тимур-е Ләнг, Ақсақ Темір, Темірлаң) (13361405 жж.) — Орталық Азия жаһангері. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған. Барлас руынан шыққан, Кеште туған. Қазір бұл Өзбекстанның Қащқадәрия облысының Шахрисабыз қаласы. Барлас руы түркі тілдес тайпаларына жатқан, қазір ұрпақтары өзбек халқының ішіне кіреді.


V. ДАМЫТУ КЕЗЕҢІ: 1) Өлең мәнерлеп, әр шумақыты жеке-жеке оқушыларға оқытамыз. Әр оқушы өз бетінше өлең мазмұны бойынша жоспар құруға тапсырма беріледі. Ортақ мәмілеге келіп, ақылдаса отырып, жоспар тақтаға жазылады. Жұмыс интербелсенді тақтада орындалады.

2). Баллада - итальян тілінен аударғанда “билеу” деген мағына береді. Лиро-эпостық сипаттағы сюжетті өлең. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындық, оқшау фантастикалық хал, ерлік әрекет болып келеді.

Зейнолла Қабдолов



  1. СӨЗДІК ЖҰМЫСЫ:

  • Машырұқтың – шығыстың;

  • Нәзірқой диуанадай – ойын-сауықшыл диуана;

  • Мұсатыр – амиактың судағы ерітіндісі;

  • Мүсәпір жан – қарапайым адам;

  • Күстана жан – күнәсі бар;

  • Кент – қала;

  • Мәжнүн – ақымақ, есалаң;

  • Мазлұм – мұсылман.

4). Шығарманың көркем тілін анықтау, әсерін талдау:



МЕТАФОРА

ТЕҢЕУ

ЭПИТЕТ










Оқушылар топ бойынша жұмыс жасайды.
VІ. БЕКІТУ: Ойталқы. Өлеңдегі тартыста кім жеңді? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

VІІ. ҚОРЫТЫНДЫ: Бүгінгі сабақтан не алдық? Кімге не ұнады?

VІІІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: Ақсақ Темір туралы тарихи мәлімет жинау; Баллададан үзінді жаттау.

19 орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:


Ақтөбе қаласы, 2009ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет