Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс. Сабақтың мақсаты


Әдісі: СТО, интерактивті,топпен жұмыс Көрнекілік



бет15/55
Дата03.01.2022
өлшемі454 Kb.
#450851
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
0005c469-24e07a24

Әдісі: СТО, интерактивті,топпен жұмыс

Көрнекілік: карта, сызба

Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау III. Жаңа сабақтың жоспары IV. Сабақты бекіту V. Бағала VI. Үйге тапсырмасы

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгендеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қазақстандағы күштеп ұжымдастырудың салдары қандай болады?

  • 1930 1932 жылдарындағы жазалау шаралары мен аштық салдары Қазақстандағыд ағы демографиалық жағдайға қалай әсер етті?

  • Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар қарсылығының ауқымы мен сипаты қандай болады?

  • Қазақ шаруаларының көшпелі, жартылай көшпелі түрмыс салты сақталған жағдайда өркениетті кооператорлар қоғамын құру мүмкін бе еді?

Жаңа сабақтың жоспары:

1.Қазақстанның 20-30-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі

2.Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің қалыптасуы.

3.Сталиндік жазалау шаралары және оның салдары.

4.Қазақстан-лагерьлер өлкесі.

5.Жаппай сталиндік террордың құрбаны болған ұлт зиялылары.

6.Еңбекпен түзеу лагеріндегі тұтқындардың тыныс-тіршіліктері туралы естеліктер.

Сталиндік қуғын-сүргін-« геноцид саясаты» кезеңдерін былай топтастыруға болады:

Ікезең-1929-1933жж.

1928ж.соңында 44 адам-бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық ұлтшылдар»деген кінәлаумен тұтқындалды. Олардың қатарында А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы,М.Жұмабаев және басқалар.

Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов,А.Байділдин атылып кетті.

ІІ-кезең- 1937-1938жж.

А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев атылды.

ІІІ-кезең- 1947-1953жж.

Ітоп.Әкімшіл-әміршіл басқару жүйесіндегі жаппай қуғындау саясатын жүргізген саяси тұлғалар кімдер?

Ф.И.Голощекин 1925-1933жж.

ІІ топ.Сталинизмнің идеологиялық аппараты халықтардың тарихын жоюға бағытталуы және сталиндік қанды террордың орнығуы.

Ф.Голощекин, Г.Рощаль,І Құрамысов қатысқан Үштіктің саяси басқармасы(ОГПУ )құрылды.

ІІІ топ.Қанды террордың соңы немен аяқталды?

ІҮ топ.Осы жазалау шараларын жүзеге асыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды.

КСРО бойынша 953лагерь болса, оның 11-і Қазақстанда Карлаг, Алжир, Степлаг, Песчанный, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған т.б.

Қорытынды: 1938 жылы Алматыдағы НКВД түрмесінде атылған азаматтар жасырын түрде Боралдайдағы Қандысайға апарып жерленген.Сталиндік тоталитарлық жүйенің салдарынан қазақ халқы өздерінің ең асыл азаматтарынан айырылды.Бірақ біз оларды ешқашан ұмытпаймыз.

Балалар,1989 жылы академик М.Қозыбаевтың төрағалық етуімен құрылған «Әділет қоғамы» қазақтың маңдайалды азаматтарының жерленген жерін тапты.Алматыдан 35 шақырым жердегі Талғар ауданында 2.5 адам құрбан болған,солардың 499-ының есімі анықталған.Қорыта келгенде, жыл сайын 31 мамырда сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған азаматтарды еске алу күні аталып өтіледі.Алматы мен Астана қалаларында 1930-1940 жылдары қуғынға ұшыраған азаматтарға арналған ескерткіш қойылды.Халық үшін басын бәйгеге тіккен боздақтар есімін үнемі қастерлеп,олардың рухына бас иеміз,аза тұтып,оларды әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз.

Сабақты бекіту:



  • «Социализм тоталитарлық, казармалық сипат алды» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Кеңес билігі тұсында қуғын сүргіннің қайталанып отыру себебі неде деп ойлайсыңдар?

Бағалау:


Үйге тапсырма: §19-20.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет