Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және оны бағалау. Бағдарламалық Оқулық. дидактикалық Жұмыс дәптері



Дата03.07.2016
өлшемі107.23 Kb.
#175146
түріСабақ
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат және оны бағалау.

Бағдарламалық – Оқулық.

дидактикалық Жұмыс дәптері.

қамсыздандыру:

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабарлардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету.

2. Оқушылардың алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға

болатынын, қай кезде болмайтынын, ақпараттың қандай қасиеттері

бар екенін, ақпаратты өлшеу бірліктерін білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың типі: Пікірлесіп - түсіндіру

Білім – білікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - алынған хабарды қай кезде ақпарат деп санауға болатынын, қай

кезде болмайтынын;



  • ақпараттың қандай қасиеттері бар екенін;

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін;

Оқушылар үйрені тиіс:

  • ақпараттың пайдалы, жаңа, әділ, толық түрлерінің мысалдарын келтіруді;

  • хабардың ақпараттық көлемін анықтауды.


Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ОНЫ БАҒАЛАУ
Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастау керек. Оқушыларды екі-екіден дәптерлерімен алмасып, бір-бірінің хабарларын декодтауға тартып, үй жұмысын өздерін тексертуге болады.

Бұл сабақтың теориялық материалы оқулықта мейлінше толық сипатталған.


1.2.8.Тапсырма.

Егер ақпарат ПАЙДАЛЫ, ТОЛЫҚ, ӘДІЛЕТТІ, ЖАҢА болса, онда ол біз үшін құнды болады.

Егер алынған хабар ақпарат болса, онда тор көзді жасылмен, ал болмаса қызыл түспен бояңдар.
Кестеде келтірілген мысалдардың кейбірін сыныпта оқушылармен бірге талдау ұсынылады. Әр түрлі адамдар үшін әрбір хабардың мәні әр түрлі болуы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы...) және сонымен байланысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін.Жауаптар әр түрлі болуы мүмкін, бірақ кестеде келтірілген кейбір мысалдар адамның көзқарасы бойынша ешкім үшін ақпарат болып табылмайды. Ал техникалық көзқарас бойынша, әрбір хабар ақпарат болып табылады.
Ақпаратты битті пайдаланып өлшеуге болады.

8 бит = 1 байт

1024 байт = 1 килобайт (1К)

1024 килобайт = 1 мегабайт (1М)

1024 мегабайт = 1 гигабайт (1Г)

Ақпараттың 1 байты (8 бит) 0000000-ден 11111111-ге дейін 256 әр түрлі кодтары болуы мүмкін.

1 байт мәтіндік, сандық, дыбыс немесе графикалық ақпараттың бір белгісін кодтауға жеткілікті.

1.2.9.Тапсырма.

Берілген сөйлемнің (фразаның) ақпараттың көлемін анықтаңдар.



Пікірлесу шамамен мынадай болуы керек:

Сөздегі символдардың саны, бос орындарды қоса саналады. Әрбір символды 1 байтпен кодтауға болатындықтан, байттарсаны сөздегі символдар санына тең болады. Бір байт сегіз битке тең, сондықтан ақпараттық көлемді битпен өлшеу үшін, байттар санын сегізге көбейту керек.


М

Е

К

Т

Е

П

-

Б

І

Л

І

М




О

Р

Д

А

С

Ы

Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.


1.2.10.Тапсырма.

290 беттік кітаптың бір бетінде 39 жол, әр жолда 67 символ бар. Сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискетте оны орналастыруға бола ма?



Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі

39Ч67 = 2613 символ = 2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлімі

2913Ч290 = 757770 байт = 757770 :1024 = 740 Кбайт

740 : 1024 = 0,722 Мбайт

0,722 < 1,44

Жауабы: кітапты бір дискетте сыйғызуға болады.
1.2.11.Тапсырма.

Мәтінді оқу жылдамдығын анықта.



Сөйлеу жылдамдығын анықта.

Оқу жылдамдығы мен сөйлеу жылдамдығын анықтау үшін оқушыларға екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.

Шешу үлгісі:

Минутына 1140 символ

Секундына 1140 : 60 = 19 символ

19 байт

19 * 8 = 152 бит

19 : 1024 = 0,0185 Кбайт

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт.
Сөзжұмбақ (Ү)
Тігінен:

  1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.

  2. Олармен тіл таңбалары көрсетілетін символдар жиыны.

  3. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

  4. Үздіксіз сигнал.

  5. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

Көлденеңінен:

  1. Ақпаратпен жасалатын әрекет.

  2. Айналадағы дүние туралы мәліметтер (орыс тілінде).

  3. Ол арқылы адам немесе құрылға ақпарат алатын физикалық процесс.

  4. Сегіз разрядты екілік сан.

  5. Белгілі алфавиттің көмегімен ақпаратты көрсету.




























3




















































Ө




















































Ң




















































Д








































2










Е


































6

1


С

А

Қ

Т

А

У


































Б




Л











































7

И

Н

Ф

О

Р

М

А

Ц

И

Я

























Т




А




4














































В




А








































8

С

И

Г

Н

А

Л




























9

Б

А

Й

Т




А




5














































Л




Б














































О




Е














































Г




Р


































10

К

О

Д

Т

А

У














































Ы




















































Қ




































Сабақтың аяғына қарай «Ақпарат» тақырыбы бойынша білімін тексеру тестін өткізу ұсынылады.
IV. Жаңа тақырыпты бекіту

1.2.8, 1.2.9, 1.2.10, 1.2.11– тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Ақпарат және оны бағалау.



Сөзжұмбақты шешіп келу.

2)Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет