Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы Қалдығараев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақкөзова Алтынгүл Қосбармаққызы
Қазақ тілі 4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қарама – қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Сабақтың білімділік мақсаты: Қарама – қарсы мағыналық сөздер туралы түсінік беру, тақырыпты меңгерту. Сауатты, қатесіз жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Балалардың тіл шеберлігіне деген қызығушылығын және еркін мәнерлі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға халық ауыз әдебиетін насихаттай отырып, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сөзжұмбақ, сөздік жұмысы, мақал – әтелдер жазылған плакат, жылжымалы тақта.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтағы пәнаралық байланыс: ана тілі, математика.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
-
Үй тапсырмасын тексеру.
-
Сұрақ – жауап арқылы пысықтау.
-
Сөздік жұысын жүргізу. «Сөзден сөз» шығару. Мәндес сөздер табу.
Дөң – қырат, өң – көрік, ел – халық, еле – тазала, дөңгеле – айнал, лек – нөпір, ек – отырғызу, кел –
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Өткен тақырыпқа байланысты сөз жұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа көшу.
Мәндес сөздерді ата?
-
|
т
|
А
|
я
|
у
|
|
|
Н
|
ы
|
с
|
п
|
ы
|
|
|
қ
|
а
|
Т
|
е
|
р
|
|
|
қ
|
О
|
р
|
л
|
ы
|
қ
|
|
қ
|
а
|
Н
|
т
|
|
|
д
|
И
|
д
|
а
|
р
|
|
ж
|
ы
|
л
|
д
|
а
|
М
|
| жуық
-
есім
-
қауіп
-
азап
-
шекер
-
келбет, ажар
-
тез.
2. Көрнекілікті пайдалана отырып жаңа сабақты түсіндіру.
-
Мағыналары бір – біріне қарама – қарсы сөзді қарсы мәндес сөздер немесе антоним деп атаймыз. Мысалы: Жарық – қараңғы, қуаныш – реніш, жылдам – ақырын, жақсы – жаман, арзан – қымбат.
3. Дәптермен жұмыс.
Қарашаның жиыра бесі
Қарсы мағыналы сөздер (антоним)
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ
4. Жаттығулар орындау.
205 – жаттығу (ауызша орындалады)
Күн – түн, еңіс – ор, есік – төр, жарық – қараңғы, ақ – қара, жомарт – сараң, биік – аласа, ұзын – қысқа, адал – арам, бейнет – зейнет.
206 – жаттығу (мақалды жатқа жазу)
Жомарт дос көбейтеді,
Сараң мал көбейтеді (оқушылар түсіндіреді)
5. «Жалғастыр» ойыны арқылы мақал – мәтелдерді жалғастыру (қарсы мәндес сөздер қою).
Дәптерге орындау.
-
Көз қорқақ, қол ...
-
Өтірік – қаңбақ, ... – салмақ.
-
Қорлық өмірден, ерлік ... артық.
-
Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ... інісі бол.
-
Көп тыңда, ... сөйле.
-
Білімнің басы – бейнет,
Соңы - ....
(әр оқушы мақал мәнін түсіндіреді).
207 – жаттығу
Қыс пен жаз, күн мен түн, тақ пен жұп,
Жақсылық пен жамандық – болды сегіз. (Абай)
Абай туралы әңгімелесу (балалармен бірге)
-
Абай кім? Қай жылы өмірге келді?
-
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
-
Жатқа айт.
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат,
Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат.
Арзан, жалған күлмейтін, шын күлермін
Ер табылса, жарайды қылса сұхбат.
209 – жаттығуды орындау.
Мәндес сөздер
|
Қарсы мәндес сөздер
|
Өжет, батыл, именшек, тартыншақ, мәлімет, мағлұмат, ақпар.
|
Қалың – жұқа, терең – таяз, алды – арты.
|
7. Үлестірме қима қағаздары арқылы сабақты пысықтау.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Үйге тапсырма 208 – жаттығу.
Ү. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |