Тақырыбы: Ұлыдан ұлағат Жүрісі: І. Ұйымдастыру



Дата08.07.2016
өлшемі35.8 Kb.
#185831
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу селосы Қалдығараев орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақкөзова Алтынгүл Қосбармаққызы
Тақырыбы: Ұлыдан ұлағат
Жүрісі:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Тәрбие сағаты.
Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп – оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірінде өте көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай – ақ келеді.

И. Гете


  • Сеніңше, ең жоғары адамгершілік қасиет не?

  • Біреуді ұялудан құтқару.

Ф. Ницеце
Шынайы сыпайгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.

Ж.Ж.Руссо

Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен – кішінгі сыйлау инабаттылық көрінісі.



Ғ.Мұстафин
Дөрекі болу – өз басының қадір – қасиетін ұмыту деген сөз.

Н.Г.Чернышевский
Әдептің не екенін әдепсіз адамды көргенде білесіз.
Аға әдепті болса, іні әдепті,

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.


Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.


Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы бала.


Әдепті елдің баласы

Алыстан сәлем береді.



Қазақ мақалы
Әдеп базарда сатылмайды.
Әдепті әдепсізден үйрен,

Әдепсізге қарап, не істемеуді үйрен



Өзбек мақалы
Ата – ананың қадірін білмеген – халы қадірін білмес.

Ғ.Мұстафин
Ата – бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.

А.С.Пушкин

Ата – анасын ұмытқан жас – опасыздың опасы, рақымсыздың рақымсызы.



Ғ.Мұстафин
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата – анасын, туған – туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата – анасын сыйламаған бала жолдасын да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

Ы.Алтынсарин
Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та алам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдары өте келе, өтіп шығады. Жақсылықтың ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың ара мөлшері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

С. В. Михалков
Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдық құқы бар. Бұл моральдық құқыны құрметтей біл.

В.А.Сухомлинский
«Сөз мергені» тіл сайысы
Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.


Жүйрік болсаң шауып көр.
«Мақал - сөздің мәйегі» дегендей, берілген сөздермен мақал құрастыру.

  1. Тәуелсіздік, татулық, азаттық – бақыт (Татулық – табылмас бақыт)

  2. Жалқау, еріншек, салақ – егінші (Еріншек егіншіден, елгезек масақшы озар)

  3. Жақсы, сабырлы, төзімді – орамал (Жақсының ашуы шай орамал кепкенше, жаманның ашуы – басы жерге жеткенше)

  4. Тамшы, жаңбыр, бұршақ – дария (Тамшыдан тама – тама дария болар)

  5. Ата, қария, қарт – дария (Ақылды қария – ағып жатқан дария)

  6. Үй, сарай, лашық – түтін (Туған үйдің түтіні жылы)

  7. Тон, шекпен, шапан – келте (Келісіп пішкен тон келте болмас)

  8. Киім, тамақ, мәдениет – білім (Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде)

  9. Жеті, алты, он – тіл (7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл)

  10. Ешкі, қой, жылқы – ысқырық (Айдағаны 5 ешкі, ысқырығың жер жарады)

  11. Үй, бөлме, дала – кісі (Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар)

  12. Айлалы, қу, зымиян – алдырмас (Айлалы батыр алдырмас)

Ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.


Мықты болсаң (тіркесі тауып, мағынасын ашу)

  1. Тай, құлын, жылқы – таңба (Тайға таңба басқандай – әсем)

  2. Қыз, бойжеткен, келіншек – жүк (Қыздың жиған жүгіндей – әсем)

  3. Тон, шекпен, шапан – ала қашты (Ала тонын ала қашты – азар да безер болу)

  4. Ұйқы, күлкі, өмір – төрт бөлді (Түн ұйқысын төрт бөлді – қамқор болу)

  5. Жұлдыз, ай, күн – туды (Айы оңынан туды – жолы болды)

  6. Ат, құлын, тай – із (Ат ізін салмау – хабарласпау)

  7. Бет, бас, қол – аты шығу (Бетінен оты шығу – ұялу)

  8. Құм, топырақ, тас – су (Құмға сіңген судай – жоқ болу)

  9. Тас, су, құм – бауыр (Тас бауыр – мейірімсіз)

Ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.


«Ойлы болсаң, озып көр» Көнерген сөздердің мағынасын ашу.
Жеңімпазды марапаттау.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет