Сабақтың тақырыбы: Б. Майлин «Шұғаның белгісі»



Дата13.01.2020
өлшемі43.01 Kb.
#447813
түріСабақ
Есбаева Майра ҚМЖ


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектебі:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Есбаева Майра

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Б.Майлин «Шұғаның белгісі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау;

9.2.4.1 - автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу



Сабақтың мақсаты

Барлығы орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазайды



Көпшілігі орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін салыстырып анықтайды. Шығармашылық жұмысты түрлендіре отырып, автор стиліне сай жасайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып анықтайды. Автор стиліне сай дәлелдемелер келтіре отырып, жұмыс жасайды.



Бағалау критерийі

- көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды,

-автор стиліне сүйенеді

-шығармашылық жұмыс жасайды


Ойлау дағдысы

түсіну, талдау, жинақтау

Тілдік мақсаттарТалқылауға

Оқушылар орындай алады:

Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазайды



Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

атастыру,жазғытұрғы, ертоқым, нәшәндік, тілмаш, песір, болыс



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Сөз байласу, Қара құмды жайлау, Қамыстыкөл. оқыған жігіт, көңіл қосу, қалың ойға шомылу, хат жазысу, төсек тарту.



Талқылауға арналған сұрақтар

-Шығарма неліктен Шұғаның белгісі деп аталған?

-Майлин шығармаларының өміршеңдігінің себебі неде?

-Шығармадағы Шұға бейнесі, Абдрахман бейнесінің шығарманың идеясына әсері қандай?

- Шұға Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке не арқылы жеттік?

-Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен салыстырмалы түрде қандай деп ойлайсыз?


Құндылықтарға баулу

Білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті жетілдіре отырып


«Өткенсіз бүгін жоқ екенін» ұғындырып, туған жеріміздің өткен тарихын құрметтеуге баулып, ата-бабаларымыздың ұлы істерінен тағлым алғызып, жас ұрпақты Отансүйгіштікке тәрбиелеу; «Мәңгілік ел» идеясы арқылы тұлға бойына патриоттық сезімдерін, ұлттық рухты, бәсекеге қабілетті қасиет-сапаларды егу

Пәнаралық байланыс

тарих, география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

«Бір айналым» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.

-«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнеледі?

- Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

7 минут



Ұйымдыстыру кезеңі

- Сәлемдесу

- Оқушыларды түгелдеу

- Сабаққа зейінін аударту


«Менің жақсы қаситім.....» тренингі арқылы психологиялық ахуал туғызу.

Оқушылар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін айтады.


«Бейджик-стикер» арқылы топқа бөлемін

1-топ: күн

2-топ: ай

3-топ: жұлдыз


Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Әр тапсырма дескрипторлары уақытында беріліп отырады.

«Бір айналым» әдісі арқылы «Шұғаның белгісі» шығармасы бойынша білімдерін жинақтайды, шолу жасайды.



-«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнеледі?
- Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?





Сабақтың ортасы

30 минут



1-тапсырма: «Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беріп,шығарма идеясын талқылайды:

Шығармада Шұғаның бейнесі қалай суреттелген ?Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара,  үріп ауызға салғандай, ажары қандай болса,ақылы да сондай, жеңілтек дегеннің не екенін білген емес.

Шұға мен Әбдрахман бір-бірін алғаш рет қашан, қандай жағдайда  көреді?

Алтыбақанда



«Жап-жас жігіт екен ғой »-деген Шұға сөзінен қандай ой тұжырымдауға болады?

Шұғаның Әбдрахманды ұнатып қалғанын аңғаруға болады.



Шұға мен Әбдрахман арманына неге жете алмады?

Олардың қосылуына Шұғаның әкесі Есімбек қарсы болды? Шұға қайғыдан ауырып қайтыс болды.



Екі жас өз бақыттары үшін күресті ме?

Иә, күресті.



Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз?

Қатал әке.



Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?

Өйткені ол Абдрахмансыз өмір сүргісі келмеді.

Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз?

Махаббатқа берік, ақылды, бірін-бірі шын жақсы көруі , 

Дескриптор:











Қ/Б. Сөздік бағалау (ауызша кері байланыс): мұғалімнің кері байланысы арқылы оқушы тапсырманы сәтті орындағанын немесе қателері кездескенін түсінеді.

Қалыптастырылатын дағдылар:

  • Ойлау;

  • Шешім қабылдау;

  • Ақпаратты басқару;

  • Өзін-өзі басқару;

  • Креативтілік;


«Зерделі сұрақ, ұтымды жауап» әдісі оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға бағытталған. Осы арқылы ақпаратты ашуға, жинақтауға, мәселені терең зерделеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзін-өзі басқаруға дағдыланады және оларды жауапкершілік сезімге ынталандырады. Сондай-ақ, сұрақ қою үдерісінде креативтік ойлар мен идеяларды туғызу қабілеті дамиды.

Диалог негізінде саралау мұғалім тарапынан қолдау барысында жүзеге асады. Мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат арқылы өткен тақырыпқа оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау, толық жауап беруге итермелеу, сұрақты басқа оқушыға бағыттау сияқты іс-әрекеттерге қатысты сындарлы кері байланыс беріп отырамын.






2-тапсырма: Концептуалдық кестені толтыр:

Кейіпкер

Іс-әрекеті

Менің көзқарасым

«Күн» тобы

Шұға








«Ай» тобы

Әбдірахман









«Жұлдыз» тобы

Есімбек










Дескриптор:

- Кейіпкерлер іс-әрекетін ажырата алады;

- Іс-әрекеттерін анықтап, жазады;

- Өз көзқарастарын білдіреді;

- Маңыздылығын айқындайды.
Қ/Б. «Не жақсы?» әдісі арқылытоптық бағалау жүргізу:

  • Нені жақсы деп айтуға болатынын айта аласыз ба?

  • Дәлелдемелер туралы не ойлайсыз?

  • Не туралы айтқан дұрыс деп ойлайсыз?



Қалыптастырылатын дағдылар:

  • Бірлескен жұмыс, ынтымамақтастық;

  • Ақпаратты жинақтау, сұрыптау;

  • Белсенді тыңдау;

  • Ойлау, шешім қабылдау;

  • Креативтілік


«Концептуалдық кестені толтыр» кезеңінде бірлескен жұмыс жүзеге асады. Оқушылар проблемаларды шешудің тиімді құралдарын іздейді. Сын тұрғысынан ойлау жолдары арқылы ең жақсы түсініктемелерді табуға ұмтылады. Дәлелдерді талап етіп, дәлелдемелерді бағалау үшін нәтижелерді өз беттерінше түсіндіруге тырысады. Шынайы қорытындылар жасап, тұжырымдарға қол жеткізеді.

Қарым-қатынас формалары бойынша саралау: Бұл саралау түрі ынтымақтастық оқыту арқылы іске асырылады. Шағын топта қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар. Яғни білімді өз бетінше игере алмаса да, бірақ құрбысының көмегімен (ЖАДА) қажетті білімге қол жеткізе алады. Ал қабілеті жоғары оқушы өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.

Қима кесте

Постер қорғау




Сабақтың аяғы
10 минут

3-тапсырма: «Салыстырма кестесі» әдісі:

Кейіпкер

Мінезі

Нақты мысалдар



















Дескриптор:

- Шұғаға тән мінездемені іріктеп жазады;

- Әбдірахманға тән мінездемені іріктеп жазады;

- Нақты мысалдар арқылы дәлелдейді;


Қ/Б. Өзара бағалау. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы бағаланады.
Қалыптастырылатын дағдылар:

- Ойлау, шешім қабылдау;

- Тиісті ақпаратты жинақтау;

- Нақты және түсінікті сипаттама беру;

- Құндылықтарды мойындау

- Есте сақтау
«Салыстыру аймағы» әдісі оқушылардың зейіндерін шоғырландырып, өз беттерінше білім алуын ұйымдастырады, мәліметтерін ортаға жинақтайды, білім алушыны қойылған мәселе бойынша салыстыра білуге дағдыландырады. Нақты дәлелдер келтіруге ұмтылып, білімге құштарлығы артады, алған білімдерін есте сақтайды.

Оқулық, дәптер
























Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралықбайланыс; денсаулық және қауіпсіздік; АКТ-мен байланыс; құндылық-

тармен байланыс (тәрбие элементі)












Қорытынды бағамдау:




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет