Сабақтың тақырыбы: «Білгір іскер»



бет2/2
Дата12.12.2022
өлшемі46.05 Kb.
#467072
түріСабақ
1   2
интеллектуалды ойындар

АНАГРАММА
1) НЕИ (ИНЕ)
2) АШЙЫҚ (ҚАЙШЫ)
3) КҮІТ (ҮТІК)
4) ҚАШАРАТЫҚЫҚ (АРАҚАШЫҚТЫҚ) Қол жұмыстарын орындауда көз бен бұйым арасындағы арақашықтық шамамен неше см болады? (30)
5) ШИМАСЫНА ГІНТІ (ТІГІН МАШИНАСЫ)
6) ОҚТ (ТОҚ)

ІСКЕР
1) Ылғалды - жылумен өңдеу дегеніміз не? (Үтіктеу)
2) Кестені, кілемді керіп қоятын арнаулы зат қалай аталады? (Кергіш)
3) Тігін машина тігіс түрлері (сырып тігу,қосып тігу, көмкеру, қондыру, бастыру, айыра қайып тігу)
4) Қол тігіс түрлері (көктеу, көшіру, көмкеру, қиғаш көмкеру, қайшы тігіс, тор тігіс, қайып тігу)
5) Қалдық маталарды құрастырып жасалатын бұйымды атаңыз (құрақ)
6) Әр нәрсені көркемдеп жобалау қалай аталады? (Дизайн)



МАҚАЛ-МӘТЕЛ

1) Еңбек (Еңбек етсең ерінбей, тояды карның тіленбей)


2) Ине (Оқу – инемен құдық қазғандай)
3) Білім (Күш-білімде, Білім – кітапта)
4) Жақсы (Жақсыдан үйрен, Жаманнан жирен)
5) Жұмыс (Жақсы жұмыс – жанға тыныс)
6) Қол (Көз - қорқақ, Қол – батыр)


БІЛГІР
1) Кестенің Отаны қай ел? (Қытай)
2) Әртүрлі маталардың қиындыларын жапсырып, мағыналы көркем жұмыс орындауды қалай атайды? (Коллаж)
3) Оюды үлкен неше топқа бөлеміз? (4 топқа. Жануарлық, ғарыштық, өсімдік тектес, геометриялық)
4) Бисердің Отаны? (Египет, АҚШ, Канада, Жапония)
5) Ең алғашқы тігін машинасын ойлап тапқан кім? (Леонарда да Винчи) (Қазіргі заманауи түрін ұсынған Исаак Зингер)
6) Стеклярустың бисерден айырмашылығы? (Ол түтікше болып келеді)

Жүргізуші: құрметті сайыс қатысушылары барлық ұяшықтар ашылды.
Енді үй тапсырмасына кезек берсек. Яғни, уйде өз ойларымен салынған Қазақ киымдерінен дизайнерлік жұмыс, альбом бетіне түсіру.
Әділ-қазылар жеңімпаз тобын анықтағанша, жанкүйерлермен ойын ойнасақ.
Мен сіздерге мақал- мәтелдің басын оқимын сыздер жалғасын табу керексіздер. Тапқан жанкүйерлер тәттілерге ие боласыздар. (сұраққа жауап берген оқушыларға кәмпит беру)
1. Шыдамды еңбек, алғыр ой, (нағыз досың біліп қой!)
2. Ер дәулеті — (еңбек)
3 Ер қадірін ер білер, (Зер қадірін зергер білер)
4. Жігіт адамға (жетпіс өнер де аз)
5. Қыз еркем кестесімен көркем, (Ұл еркем өнерімен көркем)
6. Білетінің бір тоғыз, (Білмейтінің тоқсан тоғыз)
7. Қыз - әкесіне жұлдыз, (шешесіне күн)
8. Қыз – (қонақ)
9. Қыздың қабағы күлімдесе – (құт келеді)
10. Әділін айтсаң —(әдемі айтқаның)
11. Ұстаның бізі сүйкімді, (жақсының сөзі сүйкімді)
12 Шебердің инесі де алтын, (соққан күймесі де алтын)
13. Шебердің қолы — ортақ, (Шешеннің тілі ортақ)

Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/makal/page/2/
14. Көп ісінде (береке)
15. Еңбек етсең ерінбей,(тояды қарның тіленбей)
16. Ащы еңбектен (тәтті нан)
17. Ермек қуған бәлеге жолығады, (еңбек қуған қазынаға жолығады)
18. Еңбек – ширатады, (өмір –үйретеді)
19. Шеберді (саусағы асырайды)
20 Еңбектің көзін тапқан, (Байлықтың өзін табады)

Жүргізуші:-Жанкүйерлер сіздерге көп рахмет.. Сөз кезегін сараптауға және ұтып алған ұпай санын атауға әділқазы алқасына берелік.
Жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және түрлі сыйлықтармен марапатталады.

Жүргізуші: Рахмет сіздерге, құрметті әділқазы алқасы.

Осымен бүгінгі білім додасын аяқтауға рұқсат етіңіздер, қашанда ойымыздың көк жиегі биік болсын, жүрісіміз нық, еңсеміз биік, Тәуелсіздігіміз қуатты, жастарымыз намысты, ұлдарымыз қайратты, қыздарымыз сымбатты да білімді болсын, ағайын!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет