Тоқбаул Д,Сулейменова А, Төлеубек Б,Сейсенбай А,Утепбай М,Советова А,Затыбек Д



бет1/7
Дата21.11.2022
өлшемі82.13 Kb.
#465303
  1   2   3   4   5   6   7
2 Сөж Экскурсия


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Факультеті «География және табиғатты пайдалану»
Кафедрасы «Туризм»

СӨЖ
Тақырыбы: Алматы қаласының шолу экскурсияның мәтіні

Орындағандар: Тоқбаул Д,Сулейменова А, Төлеубек Б,Сейсенбай А,Утепбай М,Советова А,Затыбек Д.
Тексерген: Абдреева Ш.Т
Алматы 2021

КІРІСПЕ
Экскурсия: "Сырлы қала - Алматы!"
Ұзақтығы: 4 сағат
Маршруттың ұзындығы: 25 км
Экскурсанттардың құрамы: топтық (студенттер)
Экскурсияның мақсаты: жастарды тәрбиелеу,қалаға деген сүйіспеншілік, мәдени,экскурсанттардың ой-өрісін кеңейту және ең басты қаламен таныстыру.
Экскурсияның міндеті: қаланың көрікті жерлері, қаланың сәулеті мен мәдени-тарихи ескерткіштерін көрсету
Әзірлеме құрастырушы: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, туризм кафедрасының студенттері.
Жылдың кез келген уақытында қызыққа толы, өзінің керемет атмосферасы бар әсем қала! Сонымен қатар, Алматы – жарты сағатта ғана халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курортына жетуге болатын әлемдегі жалғыз мегаполис десек артық айтпаспыз! Қыс мезгілінде мұнда өте жайлы – мүлде суық болмайды деуге болады, ал айналадағы аппақ ұлпа қар және ақ жамылған үлкен шыршалар қаланы жаңа жылдық фильмдерге арналған декорацияға ұқсатып жібереді. Көшедегі түрлі түсті шамдар, жарқырап тұрған дүкен сөрелері, салтанатты ғимараттар, қызықты мүсіндер мен әшекейлер... Көктем мен жаз мезгілдерінде Алматы сізді өз жылуымен, қылқан жапырақты ағаштарының хош иісімен және жазғы дәмханалардан, кофеханалардан аңқып тұратын иістермен баурап алады. Кешкісін, қалаға салқындық түсе салысымен серуенге шығып, таңға дейін қыдыруға болады. Бұл жерде көңіл көтеруге арналған сан алуан қызық түрлері бар!
Сәлеметсіздер ме, қымбатты достар! Бүгінгі экскурсиямыздың тақырыбы <Сырлы қала - Алматы>. Экскурсияның ұзақтығы 4 сағатты құрайды, маршруттың ұзындығы 25 км болып келеді. Бүгінгі экскурсиямызда Алматы қаласының қызықты, көрікті жерлеріне экскурсия жүргізетін боламыз. Бізбен бірге экскурсиямызды тамашалай отырыңыз!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет