Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері Сабақтыңмақсаты



Дата02.07.2016
өлшемі32.55 Kb.
#173036
түріСабақ
Айтқұлова Гүлнұр Төлегенқызы,

№74 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО, Шымкент қаласы

Сабақтың тақырыбы: Буын түрлері


Сабақтыңмақсаты:

Білімділік:оқушыларға буын және оның түрлері жайында жалпы мағлұмат бере отырып, буын түрлерін жаттығу жұмыстары мен тапсырмалар арқылы меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, фонетикалық талдау жасау дағдыларын арттыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбекке, ізгілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау, АКТ пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, тақырыпқа байланысты кесте, тірек сызбалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі сабақтың ұраны.

Зейін қойсаң - ұғарсың,

Іздесең – табарсың,

Талаптансаң – жетерсің.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

“Ана – ұлы есім” тақырыбында әңгіме жазу

Қызығушылықты ояту

“Құпияларды ашу”

Оқушы өзі таңдаған жұлдызшаны алады. Жұлдызшаның артқы жағында көрсетілген тапсырманы орындауы керек.

5-конечная звезда 55-конечная звезда 75-конечная звезда 8

1.Фонетика нені зерттейді?

2.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

3.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?

Мағынаны тану.

Буынның түрлері.

Ереже қорыту: Оқушыларға осы кестеге сәйкес мұғалімнің көмегімен анықтаманы өздеріне шығартқызу.

1. Ашық буын. Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға аяқталған буынды ашық буын деп атаймыз: а-ға, ба-ла, қа-ла т. б. Ашық буынның ішіндегі жалғыз дауыстыдан болған буынды жалаң буын дейміз: а-дам, а-та.

2. Тұйық буын. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды тұйық буын деп атаймыз: ат, аз, ақ, өрт, ұл, ант, т. б.

Тұйық буынға жалаң буын қосатын болсаң, онда буын жігі өзгереді: өрт+і-өр-ті, оқ+ы-о-ғы, еп+і-е-бі, ек+ін-е-гін т. б.

3. Бітеу буын. Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған (дауысты дыбыс ортада келетін) буынды бітеу буын дейміз: тал, төрт, бар, жаз, кел, кең, қант, т. б.

Сөздік қорды құрайтын түбір сөздердің көбі тұйық және бітеу буынды болып келеді. Ашық буынның өз алдына сөз болуы өте сирек.



Талдау-табыс кілті.

302-жаттығу

Бір шумақ өлеңіне талдау жасап, буын түрлеріне ажырату.

Ел қонбаса, жер жетiм,

Құс қонбаса, көл жетiм,

Кемпiрi жоқ шал жетiм,

Иесi жоқ мал жетiм.

Кітапты жауып, сұрақ- жауап алу

«Не жетім?»

Әл – Фараби туралы тың мәліметтер айту.

303-жаттығу

1) Мәтінді мәнерлеп оқу.

2) Әл-Фараби жайлы тың мәліметтер, әңгімелеу.

«Топтастыру» стратегиясы

Сергіту сәті

“Жоғалған буын” ойыны

Өр... Тар... Ас...

Тыр... Ай... Жас...

304-жаттығу.

Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек: әуелі надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-зұлымдық.

Әдебиеттен жақсы әдет пен жаман әдет туралы қандай өлең білесіңдер?


Ой толғаныс

Ребус шешу

Т10, қ10ақ, к3, 5ік, 2лік.

«Сәйкестендіру» стратегиясы

Ата Ашық буын

Ат Тұйық буын

Тал Бітеу буын

Қант

Өрт


Ұл

Жаңа сабақты бекіту

“Әріп қысқарса” ойыны

Палау Қанар Жолақ Дауыс Қатаң Ашық Мысық Басу

Алау Анар Олақ Ауыс Атаң Шық Сық Асу

Сабақты қорыту

ББҮ әдісіндегі «Үйрендім» бөліміне бүгінгі сабақта нені үйренгенін қолдарындағы стикерге жазып іліп, қорғау.


Білемін

Білдім

Үйрендім

Үйге тапсырма:

1. Фонетика тарауын қайталау.

2. 305-жаттығу.



3. «Болашақ менің мамандығым»

тақырыбында әңгіме жазу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет