Сабақтың тақырыбы: «Денсаулық зор байлық»



бет2/2
Дата09.11.2023
өлшемі23.51 Kb.
#482773
түріСабақ
1   2
денсаулық


Тақырыбы
: Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ
Сабақтың мақсаты:
1. оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігі, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2. ой – өрістерін, сана, сезімдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Сайысқа түсетін оқушылар:
Еркебұланқызы Ақбота
Жарасова Гүлжамал
Бітімов Ақниет
Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру: 
1. Танысытыру;
2. "Тәрбие көзі – халықта
3. " мақал-мәтел сайысы;
4. "Сөз тапқанға қолқа жоқ" сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
5. "Дені саудың - жаны сау" қимыл-қозғалыс ойындары
6. "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" шығармашылық тапсырма
7. Қорытынды
I. Танысытыру;
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
Өмірде бақыттысың денің сауда.
«Денсаулық- терең бақыт» деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Денің сауда күштісің бұл әлемде,
Денің сауда сұлусың жер бетінде .
Сол мықты денсаулықтың арқасында,
Жетерсің әлі талай бақыттарға. - дей отырып алғашқы турымызды бастаймыз.
IІ. «Тәрбие көзі – халықта».
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің.
1) Денсаулық - зор байлық
2) Ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығады.
3) Жан ауырса, тән азады.
4) Тәні саудың – жаны сау.
5) Тәуіптің жақсылығы - ауруға ауру жамамағандығы
6) Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
7) Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі.
8) Ауруын жасырған өледі
9) Денің сау болса ... жарлымын деме
10) Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
11) Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
12) Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ.
ІІІ. "Сөз тапқанға қолқа жоқ" - сұрақтарға бір әріптен басталатын сөздермен жауап беру;
Денсаулықты сақта түзу өсесің
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәңірді улап не етерсің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетерсің. 
Біз сайысымыздың кезекті туры "Сөз тапқанға қолқа жоқ"-қа береміз.
А Б Ж
1. Жасыңыз нешеде?
2. Денсаулығыңыз жақсы ма?
3. Сабақта басыңыз ауырса не істейсіз?
4. Денсаулық - зор байлық па?
5. Қан тобыңыз қанша
6. Адамда қанша саусақ бар?
7. Спортпен шұғылданасың ба?
8. Ден сау болу үшін не істеу керек?
9. Сүйікті тағамыңыз қандай?
10. Гигенаны қалай сақтаймыз?
11. Бөлмені қанша уақыт сайын желдету керек?
12. Іш ауырса не істейсің?
13. Дәрігерден қорқасың ба?
14. Мақалды жалғастырыңыз: "Денсаулықтың қадірін ....."
15. Денсаулық жайында тілек айтыңыз.

ІV. "Дені саудың - жаны сау" қимыл-қозғалыс ойындары


Денсаулық- ол шынықан
Барлық дене мүшесі:
Ден саулық- ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық – ол күлуің,
Көңіл күйің жадырай.
Денсаулық- ол жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.
Болсаң да әлі қаршадай,
Ойнау үшін шаршамай,
Оқу үшін мектепте,
Ашу үшін тәбетті,
Құру үшін сен сауық
Керек мықты денсаулық.
1. Қасқырдан қорқып, қашып келе жатқан қоянның қимылын көрсетіңіз. 1 минут
2. Балға тойып алған аюдың аралардан қашуын көрсетіңіз. 1 минут
3. Иесі тамақ әкеле жатқан күшіктің қимылын көрсетіңіңз. 1 минут
V. "Дені сау ұрпақ-жарқын болашақ" шығармашылық тапсырма
Басты байлық – денсаулық.
Бабам айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық.
Дені саудың- жаны сау.
Денсаулық сенің байлығың.
Мықты болсаң досым ау
Жуымас саған қайғы мұң.
1-топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.
2-топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.
3-топ:
…………………………………………жанымыз,
………………………………………….әніміз,
……………………………………………….
……………………………………………сәніміз.
Флешмоб - 9-сынып
Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 
VII Қорытынды:
Денің сау болсын десең,
Ұзақ өмір сүргің келсе
Жаңа достар тапқың келсе
Көңілің сергек болсын десең,
Зиянды әдеттен аулақ болғың келсе,
Салауатты ғұмыр кешем десең,
Арманыңа жетем десең,
Үлгілі болам десеең,
Таза болам десең,
Өнерлі болғың келсе,
Өз еркіңе тоқтау салып,
Спортпен шұғылдан!
Ән: Көңілді күн
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет