Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты
|
«Нұр себеле ұлыстың ұлы күні»
|
Күні
|
|
Класс жетекші:
|
|
Класс:
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)
|
|
Сабақтың мақсаты:
|
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып,
|
Құндылықтарды дарыту
|
“Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
|
Ресімдеу
|
Слайд,презентация
|
Музыкалық және бейне көркемдеу
|
интерактивті тақта, слайд
|
Үлестірмелі материалдар
|
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар . нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар .
|
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
|
Презентация
|
Дайындыққа арналған әдебиет
|
Интернет материалдары
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
|
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
|
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр, аңыз.
Қызық дулы мереке,
Қызық думан құрамы!
Күн әкелген жыл көрім,
Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер – анамыз жайнайды.
Құрметті, оқушылар! Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы, мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
(Шашу шашылады)
Хор: «Наурыз думан»
|
Компьютер
видеожазба
|
Сабақ басы (13 мин)
|
Тапсырмалар:
1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ж: Ананың сүті тәтті.
Ананың қолы жұмсақ.
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіңдер?
Ж: Малды теппе,
Аяқты төкпе.
Отты шашпа,
Күлді баспа.
Бүйіріңді таянба,
Жағыңды таянба.
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.
|
Оқушылар жауап береді
|
Суреттер
|
Ортасы (20 мин)
|
3. Жеті атаңды ата.
Ж: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Ж: Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, т.б.
5. Наурыз көже қалай жасалады?
Ж: Наурыз көже жеті түрлі тағам қосу арқылы жасалады.
6. Ұлттық ойындарды ата.
Ж: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.
7. Жеті қазынаны ата.
Ж: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.
8. Үш алысты ата.
Ж: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.
|
Оқушыларұлттық тағамдар жасап әкеліп таныстырады
|
Ұлттық тағамдар
|
Соңы
|
Күн мен айға әлемнің,
Бердің ыстық сәлемін.
Қарттарыма сүйеніп,
Сәлем бердік иіліп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын бүгінгі,
Наурыз атты тойларың,
-деп бүгінгі тойға үлкендерден бата сұрайық.
|
Қыдыр ата болып киінген оқушы
Бата береді
|
Ұлттық киімдер
|
Достарыңызбен бөлісу: |