Сабақтың тақырыбы: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен бүктемелі кітабын жасаймыз



Дата22.04.2024
өлшемі91.69 Kb.
#499544
түріСабақ
3 кмж 20.10


Бекітілді: IOI Бисенгалиева С.А

Мектеп:

«Шежін «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ

Бөлімі:

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»



Педагогтің аты-жөні:

Ермеккалиев Б.С.

Сынып: 3 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні:

20.10.2023

Сабақтың тақырыбы:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бүктемелі кітабын жасаймыз.



Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

3.1.3.1 – орындау техникасын негіздеп таңдай отырып, шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл күйі, мінезі) көрсету;
3.2.2.1 – аса күрделі əдістер мен тəсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи жəне жасанды) жəне құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу;
3.2.4.1 – қауіпсіздік техникасын сақтап, материалды жəне құралдарды қолдану;

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:
• Берілген тақырып бойынша тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың көбі жасай алады:
• Алған білімі бойынша жоба жасап, мұғалімнің көмегімен түсіндіре алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
• Тақырыпқа байланысты қосымша тапсырмаларды орындай алады.

Сабақтың мақсаты

Уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

«Өз күлкіңмен бөліс!» жылулық шеңбер
Балалар шеңбер құрып тұрады,бір-біріне жылы сөздер айтып,әдемі күлкілерін сыйлайды.педагог үй жануарларын атап шығуды және неліктен үй жануарлары деп аталатынын естеріне түсіруін сұрайды. С андар арқылы
Ортаға бала санына қарай 3 түрлі сан қойылады Оқушылар қағазды алып, артындағы сандар бойынша топтасады.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Смайликте ҚБ






2 3 сандар суреттері






Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар: 1. Жағымды сезім неден көрінеді? (Қандай қасиеттерді жақсы деп айтасың?) Жауап. Достарымен араласқанда, жақсы жаңалық естігенде, қонақ келгенде, саяхатқа шыққанда, жақсы кітап оқығанда (кино көргенде, мұражайға барғанда), жақындарым мен достарыма барғанда, ауа райы жақсы болғанда қуанамын. Жақсы қасиеттерге мейірімділік, сөзде тұру, құпияны сақтай білу, өз ойын білдіре білу т.б. жатады. 2. Не нәрседен жиренесің? (Қандай қасиеттерді жаман деп ойлайсың?) Жауап. Жағымсыз жаңалықтар, өзің немесе жақының ауырғанда, бір нәрсені қатты күтіп, ол орындалмағанда, ауа райы нашар болғанда, өзің істегің келмеген нәрсені істегенде жағымсыз сезімде боласың. Жағымсыз қасиеттерге менмендік, мақтаншақтық, қорқақтық, біреуді ренжіту, сөзінде тұрмау, сөзшеңдік, дөрекілік, селқостық және т.б. жатады. 3. Кітап жасау барысында қандай әсерлегіш құралдарды пайдалануға болады? Жауап. Түс, сызық, штрих, қарама-қарсылық заңы, пішім, өлшем. 4. Суретшілер қарама-қарсылық заңын не үшін қолданады? Жауап. Жұмысын әсерлі етіп көрсету үшін. 5. Мәтіннің мазмұнын ашатын суреттер қалай аталады? Жауап. Иллюстрация. 6. Суретші-иллюстратор дегеніміз кім, ол не істейді? Жауап. Суретші-иллюстратор әртүрлі кітаптарға сурет салады. Олар мәтін мазмұнын ашады және иллюстрация деп аталады. 7. Кітапқа не үшін сурет салатынын айта аласыңдар ма? Қандай кітаптарда сурет көп болады? Жауап. Оқырманды қызықтыру үшін. Мәтін мазмұнын ашу үшін. Оқулықтарда, балалар энциклопедиясында, ертегілерде. 8. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойланып, өзіңді және достарыңды жақсырақ білдім деп ойлайсың ба? (Сұрақты сабақтың соңында қояды.) Жауап. Иә, бұл өзіңнің және достарыңның іс-әрекетін түсінуге көмектеседі (нақты мысалдар келтіру керек). 9. Жасаған кітаптарыңа жаңа суреттер мен жазбаларды орналастырасыңдар ма?
(Сұрақты сабақтың соңында қояды). Жауап. Иә, мұндай кітап қоршаған ортаны және өзін жақсы түсінуге көмектеседі, бұл кез келген жағдайға өз көзқарасыңды жазатын күнделік тәрізді. 10. Ненің жақсы, ненің жаман екені туралы әлі де ойланасыңдар ма? (Сұрақты сабақтың соңында қояды.) Жауап. Иә, бұндай сұрақ төңірегінде ойлану керек, ол кемшіліктерді түзетуге септігін тигізеді

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Белсенді оқу тапсырмалры



ҚБ:«Жұлдызша» әдісі



1 2 3 суреттері



Соңы

.

Өз ойын жеткізеді

ҚБ смаилик








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет