Сабақтың тақырыбы: Кітап асыл қазына



Дата30.03.2024
өлшемі20.03 Kb.
#497063
түріСабақ
Кітап -асыл қазына 1 А


Сабақтың тақырыбы: Кітап — асыл қазына
Мақсаты: Оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.
Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін, тіл байлығын, ой — өрісін дамыту.
Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, презентация, мақал — мәтелдер, тақтадағы суреттер, көріністер, кітап кейіпкерлері мен бетперделері, жадынама, кітаптар көрмесі.
Сабақтың барысы:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,
Кітабыңның әр бетін.
Жұмбақ шешу.
Көп әңгімем өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Мен де оны жақсы көремін. (Кітап).
Не білеміз?.
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Адам кітап басатын құралды ойлап тапқанша көп уақыт өтті. Кітаптар мазмұны жағынан әртүрлі болады. Олардың қағазы да, тысы да мұқабасы да, безендірулеріне де қарай әртүрлі болады. (түрлі кітап көрсету)
Ал кітап ханшайымы өз туралы не айтады екен?
(Кітап кіреді).
Тарихтан мәлімет
Кітап ханшайымы. Сәлемсіздер ме, достарым! Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздердің достарыңмын. Достарың туралы көп білесіңдер ме? Менің әжем қандай болғанын білесіңдер ме? Ендеше, тыңдаңдар. Кітаптар жүздеген жылдар бойы өмір сүріп келеді. Ертеде олар мүлдем басқаша болды. Баспа кітаптарға дейін адамдар өз қолымен жазған екен. Ол өте қиын және ауыр жұмыс болды. Он ғасыр бұрын Еуропада қағаз жасап үйренді, сосын біздің елде.
Қазір кітаптар тез басылып шығады. Кітап жасауда көп адам еңбектенеді. Кітап жасайтын машина өзі кітап істей алмайды. Қағазды жасауды орманшылардың да еңбегі зор. Қағазды ағаштан жасайды. Жазушылар мен ақындар ертегі, өлең, әңгіме жазады. Суретшілер түрлі суреттер салады. Мәтінді теріп жазатын адамдар, басып шығаратын адамдар, кітапты қапсырмалайтын адамдар да еңбек етеді. Адамның еңбегі мол. Сол адамдарға рахмет айтайық балалар. Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Мұғалім:- Оқушылар, ертеде болған кітаптың түрлерін тамашалайық.
Түркі халықтарының көне жазба ескерткіші.( слайд)
“Папирус” кітабы.( слайд)
Мысырда жазуға папирус қолданыла бастады. Кітап “Папирус”деп аталатын су өсімдігінен дайындалған материалға жазылып, жұмыр таяқшаларға шиыршықтап оралды.
“Пергамент” кітабы.( слайд)
Кітап басу цехы.( слайд)
Түптеу цехы.( слайд)
Мұғалім: Кітап жасау оңай ма? Кітап жасауда қанша адам қатысады? Кітаптың өмірі ұзақ па? Ұзақ не қысқа болса ол неге байланысты? Ал сен өз кітаптарыңды қалай сақтайсың?
(«Сыныптағы ең таза, ұқыпты кітап» тексерісінің қорытындысы.)
(Әліппе жылап кіреді.)
Кітап ханшайымы: — Бар кітаптың төресі, сізге не болды?
Әліппе: О, кітап ханшайымы, мені ұқыпсыз оқушылар құртып жібере жаздады, Бір әдепті бала көмек беріп, құтқарды
Кітап ханшайымы: Қатты реніштісіз ғой.
Әліппе: Қалай ренжімейін?! Бар білімнің көш басы Әліппе едім салмақты. Бүлдіршіндер менімен Сауат ашып достасып, Құрметтеп мені қоштасқан. Балаларға не істегенімді білмеймін, парағымды паршалап, қорғаныш мұқабам қабырғасын күйретіп, мені апарып сүйретті…
(жылайды)
Кітап ханшайымы: Қиын болған екен, бұл бұзық балалардың ісі ғой. Аман құтылған екенсіз, сабыр сақтаңыз. Сіз бүгін осы жерден нағыз дос табасыз. Мына балалар кітаппен дос боламыз отыр.
(Қатты әуен ойнайды)
Кітап ханшайымы: Ал, достарым, сендерге не болды? Сендерді тану мүмкін емес қой. Сендер өзі қай кітап боласыңдар?
Көрініс: «Кітаптар мұңы».
Кітап ханшайымы:
Кітаппен дос болайық,
Ата — баба үмітін біз ақтайық!
Балаларым, оқы, ойна,
Оқу — білім саған пайда.
Ана тілі: Кітабыңның шетін жыртып,
Сияменен бояп қойма.
Мұғалім: әр балаға жадынама үлестіру.
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.

Мұғалім: Ал балалар, кітап туралы өлең, тақпақ білесіңдер ме? Ортаға шақырамыз.


Әдеби монтаж.
1 — оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
2 — оқушы:
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.
3 — оқушы:
Ағаш кесіп қаншама адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
4 — оқушы:
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы,
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.
5 — оқушы:
Заводтарда күн — түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
6 — оқушы:
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.
7 — оқушы:
Әдемілеп берсем деп,
Бояу жағып не түрлі.
Суретшілер көркемдеп,
Қанша уақыт отырды
Республикалық «Әлем әдебиетін бірге оқиық!» шарасы бойынша оқыған шығармадан сурет салу, мазмұнын айту.

Қорытынды.


Мұғалім: Кітап – күш. Кітап – құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені – кітапхана туралы кітапханашының біліміне құлақ асайық.

Қітапханашы Білім көзі – кітапта, ал кітаптың мекені – кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда «кітап сақтайтын орын» деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай - ақ «Балдырған», «Асыл сөз» сияқты газет - журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.
Кітапхана – жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден – бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата - бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет