Сабақтың тақырыбы Кітап-білім бұлағы Сабақ мақсаты



Дата19.02.2024
өлшемі18.58 Kb.
#492452
түріСабақ
кітап -білім бұлағы


Педагогтің аты-жөні

Иманбекова У

Күні:

29.01.2024ж

Сынып: 1 «г»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Кітап-білім бұлағы

Сабақ мақсаты

Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарды күтіп ұстауға үйрету

Сабақтың барысы.




Сабақтың кезең
уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс
тар

Басы

Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы бағааламыз!

Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.




Психологиялық ахуал.



Ортасы

Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы, Кітабыңның әр бетін,- деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде - ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге мен тәрбие аламыз. Оқығаның, тоқығаның көп болса жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Кітап туралы не білеміз?
Кітап – араб сөзі, “жазба”,
ал түрікше “дәптер”, мерзімді баспасөз басылымы” деген сөз
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құрал
Кітап – араб сөзі, “жазба”, ал түрікше “дәптер”,”мерзімді баспасөз басылымы”деген сөз.
Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.
Жұмбақ шешу. Мұғалім: Балалар бүгін бізге қонаққа Кітап келіп отыр.
Кітапты ортаға шақырайық.
Кітап: Балалар, мен білім көзі - кітаппын. Мені жасау үшін көп адам еңбек сіңірді. Балалар кітап қайдан шығатынын білесіңдер ме?
Балалар: Ағаштан 
Мұғалім: Кітап шығару үшін көп еңбек сіңіреміз. Кітап сен бізге қонақ болып, балалардың білімін тамашала. Оқушылардың кітаптың жасалу жолы туралы тақпақтары:
Мағынаны таны.
Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Тұңғыш қазақ кітаптары 1800 жылы шығарыла бастады.
Балалар, кітап туралы жазған ұлы ғұлама ақын, жазушыларымыздың қандай нақыл сөздерін білесіңдер
Кітап маған тақтан да қымбат. Шекспир.
Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге. Абай.
6. Көрініс 
2. «Науқас кітап» көрініс. Дәрігер ролінде: Гүлсәт,
Науқас кітап рөлінде: Сағындық.
„Кітаптың мұңы „
Самал: Ұқыпты баланың кітабы. Наурыз: Жалқау баланың кітабы
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен
Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!
Жалғастыр
1. Кітап - таусылмайтын байлық. 2. Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
3. Кітап – алтын қазына. 4. Өнерліге нұр жауар
5. Өнер - ағып жатқан бұлақ, Білім - жанып жатқан шырақ.
1. Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
2. Білім тозбайды, Ақыл азбайды.
3. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті
4. Білекті бірді жығады,..................
5. Оқу білім бұлағы,....................
Мұғалім: Ұлы адамдарымыз кітапты жоғары бағалаған. Алғаш қазақ балаларына арнап «Әліппе» оқулығын жазған кім? Оның балаларға арнап жазған өлеңін кім біледі?
Ы. Алтынсарин Кел, Балалар оқылық тақпақ
Мұғалім: Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздан көп нәрсені үйрендік. Кітап балаларға білім беруде, жан - жақты тәрбие беруде әр түрлі әдеби шығармалармен таныстырады. Сондықтан «Кітап - білім бұлағы» деп бекер айтылмаған.
Мұғалім: Балалар, дәрігер апайымыз айтқандай, кітаптарда ауырады екен. Сол зиянды болдырмау үшін мынандай ережелер бар екен

Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.



Форма
тивті бағалау.

ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.



.


Соңы

Есіңе сақта!
1. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Өздеріңнен кейін оны көптеген балалар оқитынын есіңнен шығарма.
2. Кітапты төсекте жатып, ас ішіп отырып оқыма, кітап оқуды үлкен ой еңбегімен оқу керек.
3. Кітапты қалай болса солай оқыма.
4. Кітапты жыртуға, сызуға болмайды.
5. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресің.
6. Кітап бетіне сурет салма!

Тірек сөздермен жұмыс жасау.










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет