№134 орта мектеп
Физика-информатика пәні мұғалімі
Жаксылыкова Зауре Азимбаевна
8 сынып. Компьютерлік байланыстың негізгі түрлері
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік желінің түрлері, жергілікті желі
Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: Компьютерлік желінің түрлері, жергілікті желі ұғымдарымен таныстыру; олар туралы түсінік беру; оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби бағытқа даярлау.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.
Білімділік: Интернет арқылы электронды хабарлармен жұмыс істеуді үйрету.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту, ойын сабағы
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілік: оқулық, компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үйге берілген тақырыпты пысықтау:
Оқушыларға бағалау парақтарын таратып беремін.
Аялдамалар атауы
|
Жұмыстың мазмұны
|
Жұмыс ұпайы
|
Ескертулер
|
«Білгенге маржан»
|
Үй тапсырмасын тексеру
|
|
|
«Білімді мыңды жығар»
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
|
|
«Ойнайық та ойлайық»
|
Жаңа сабақты бекіту
|
|
|
Кестені толтыру
Қасиетіне қарай
Қолданылу аймағы
Уақыт факторы
Көрсету тәсілі
Білім саласы
Оқу
Тәжірибелі
ғылыми
ойын
имитациялық
материалдық
ақпараттық
геометриялық
динамикалық
статистикалық
таңбалық
вербалдық
компьютерлік
Компьютерлік емес
ауызша
математикалық
логикалық
арнайы
Кестені толтырып болғаннан кейін деңгейлі тапсырмалар беремін.
І деңгей (қызыл түс)
-
Тәжірибелік модель дегеніміз не? (жобалау обьектісінің кішірейтілген немесе өте ұқсас обьектілер үшін олардың үлкейтілген көшірмесі болып табылады)
-
Статистикалық модель дегеніміз не? (обьект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады)
-
Динамикалық модель туралы түсінік бер. (уақыт барысындағы обьектінің қасиеттерінің өзгерісін көрсету мүмкіндігін береді)
-
Ақпараттық модель дегеніміз не? (обьектінің, процестің, құбылыстың қасиеттерін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс)
-
Вербальдық модель дегеніміз не? (ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель)
-
Таңбалық модель деп нені айтады? (арнайы таңбалармен көрсетілген ақпараттық модель)
-
Компьютерлік модель дегеніміз не? (программалық орта көмегімен іске асатын модельдер)
-
Статистикалық модель мен динамикалық модель айырмашылығы қандай? (үй салу кезінде оның іргетасының қабырғалары мен тіреулерінің үнемі түсіп тұратын күшке шыдамдылығы – үйдің статистикалық моделі. Дауылға, жер сілкінісіне байланысты болатын өзгерістерді динамикалық модельге сүйенеді)
-
Материалдық модельге мысал келтір. (балалар ойыншықтарымен қоршаған орта жөнінде түсінік ала бастайды. Биология кабинетіндегі құстар сұлбасы, жер серігінің макеттері)
ІІ деңгей (көк түс)
-
Модель дегеніміз не? (нақты обьектіні, процесті, құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету)
-
Модельді қасиеттеріне қарай қандай топтарға жіктейді? (қолданылу аймағы, уақыт факторы, білім саласы, көрсету тәсілі)
-
Модельді уақыт факторына байланысты нешеге бөледі? (динамикалық, статистикалық)
-
Модель көрсетілу әдісіне қарай нешеге бөлінеді? (материалдық, ақпараттық)
-
Ойын модельдеріне не жатады? (әскери, экономикалық, спорттық ойындар)
-
Көрсетілу түріне қарай ақпараттық модель қандай топтарға жіктеледі? (геометриялық, ауызша, математикалық, құрылымдық, логикалық, арнайы)
-
Статистикалық және динамикалық модельдерге мысал келтір. (статистикалық –тіс емханасында сол уақыт мезетінде оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет, динамикалық – жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасы)
ІІІ деңгей (сары түс)
-
Модельге мысал келтір. (қала туралы өзіміз білетін мәліметтерден соң қаланың моделін жасаймыз.)
-
Ақпараттық модель нешеге бөлінеді? (таңбалық, вербальдық)
-
Таңбалық модель нешеге бөлінеді? (компьютерлік, компьютерлік емес)
-
Модульдеудің ерекшелігі (адамның іс-әрекетін алдын-ала жоспарлап, дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді)
Жаңа сабақты меңгерту.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түрінде порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Олсылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз- ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез-келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады.
Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Қазіргі кезде компьютерлік желі кез-келген мекемеде, зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі, желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
Корпоративті және аймақтық желілер. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпаративті есептеуіш желілер алады. Корпаративті желілер қашықта ораналасқан бөлмелердегі филиалдардағы, қонақ үйлердегі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады.
Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса модем қажет болады.
Модем (модулятор/демодулятор сөздерінің қысқартылуы)- таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген сигналдарға айналдыруды қамтамасыз етеді. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық поштаны пайдаланады.
Интернет желісі. Ауқымды желі немесе Интернет –адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің бірі.
Интернет- (ағылшынша Internet – желі аралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы. Әр желінің жұмыс істеу аймағын айтарлықтай дәрежеде кеңейтетін желілердің біріктіру тәсілі –Интернет болып табылады. Интернет пайдаланушылардың саны шамамен ай сайын 1млн-ға өсіп отырады.
Жергілікті желі. Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті құрылғыларға концентратор мен коммутаторлар жатады.
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент сервер және бір деңгейлі желі.
Жергілікті желі топологиясы. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.
-
Ең қарапайым топология түрі – шина.
-
Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.
-
Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір-бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.
-
Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп оны ақшақар деп атайды.
Жаңа сабақты қорытындылау.
А) Оқушылардан түсіндірілген тақырыпты бекіту үшін физикалық диктант алынады.
1. ------------ -------- - ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған --------------- тізбегі.
2. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір-бірімен -------------- байланысу тәсілі -------------- деп аталады.
3. ----------------- бүкіл Жер шары бойынша ақпарат ағынын --------------- қамтамасыз ететін ------------ жиынтығы.
4. ---------- ---------- қашықта орналасқан бөлімдердегі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады.
5. ------------- -компьютердегі ---------- сигналдарды үзіктелген ------------ сигналдарға айналдыратын құрылғы.
Б) Тақырып бойынша тест жұмысы.
1. Интернет желісінде сандық информацияны телефон сигналдарына түрлендіретін құрылғы?
А) модем В) телетайп С) антенна д) компьютер
2. Пошта адресінде қандай символ қолданылады?
А) * В) # С) @ Д) +
3. Желінің ең қарапайым топологиясы:
А) жалпы шина В) жұлдыз тәрізді С) сақина тәрізді Е) асимметриялы
4. Пошта программаларының ең кең тараған түрін көрсетіңіз.
А) Eudora В) Internet mail С) Outlook Express Д) Microsoft Exchange
5. Интернетпен қосылуды жүзеге асыратын заңды тұлға:
А) сервер В) провайдер С) модем Д) браузер
Қорытынды: Бағалау парағы бойынша оқушылар жұмысын қорытындылау негізінде оқушылар түгелдей бағаланады.
Үйге тапсырма беру: Компьютерлік желінің негізгі түрлері. Жергілікті желілер
Достарыңызбен бөлісу: |