Сабақтың тақырыбы: «Мектебім- мейірім мекені»



бет1/2
Дата04.09.2023
өлшемі36.45 Kb.
#476488
түріСабақ
  1   2
ҚМЖ жоғары сынып


Қысқа мерзімді жоспары

Педагогтың аты-жөні

Абылбекова А.Ж

Күні

01.09.2023 ж

Сыныбы: 7 б

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

«Мектебім- мейірім мекені»

Сабақтың мақсаты:

Мектептің тарихымен таныстыра отырып, білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру. Мектепті, яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата – анасының, Отанының адал ұл – қызы болуына жетелеу, оқушыларды мектебіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушылармен амандасу

  • Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау

  • Oқyшылaрдың зeйiнiн caбaққa аудару.

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

  • Жағымды психологиялық ахуал /оқушылар жылы лебіз білдіре отырып жіптер тарта отырып шарды жерге түсірмей сынып басынан аяғына дейін жеткізуі керек/

1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.



Интерактивті тақта, компьютер, презентация, мерекеге орай көрнекіліктер



Сабақтың ортасы

Кері байланыс





  • Кіріспе:Құрметті оқушылар! Сіздерді алғашқы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы оқу жылында сіздер қажымай, талмай еңбектене отырып, білім нәрін сусындап, шыңдайсыздар деген үміттемін.

Мектеп есігін алғаш рет ашқан күннен бастап біз үшін мектеп өмірі басталды. Сабаққа бару , үзіліске шығу, күнделік толтыру, үй тапсырмасын орындау, ғылыми жұмыстарға дайындық жасау, түрлі мерекелерге қатысу- міне осының бәрі мектеп өмірі.

  • Оқушылар, мектеп, мейірім деген не, осы ұғымды қалай түсінесіңдер?

«Мектеп, мейірім» менің түсінігімде:
(оқушылардың жауаптары тыңдалады)
Менің мектебімнің тарихы» әдісі:



  • Оқушыларға «Құндылық» атты бейне ролик көрсету

https://youtu.be/mRkhpkuDQZw?si=UOyyAAfOmZrLXcjn
Оқушылар бейнеролик көріп ой қорытады.
Топқа бөлу:. Білім алушылар суреттерді топтастыра отырып, 3 топқа бөлінеді. (кеспе қағаздарда Оқу, білім, ғылымға қатысты суреттер болады)
1-топ «Оқу»
2-топ «Білім»
3-топ «Ғылым»
Кім болса да мектебін ұнатады,
Кім болса да ұстазын сағынады.
Әрқашанда әнін, биін саған арнап,
Осы екеуін құрметпен еске алады.
Үйретейік, үйренейік біз бүгін,
Білімнің толтырайық сандығын.
Білім жолы басталады мектептен,
Білімсіз қандай адам алыс кеткен.
Кәне балалар, мектеп туралы жұмбақтар шешіп көрейік.


Дүниеде бір дария беті қайтқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан.
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. (Оқу, білім)

Сай бойында сары алтын. (Білім)

Ауыр-ақ,бірақ түсер салмағы жоқ,
Артқанның арып кейін қалғаны жоқ
Арқалап бірін қоймай көтергеннің
Аяғы ешуақытта талғаны жоқ. (Білім)

Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең. (Білім)

Ұзын - ұзын ұсқауын,
Ұзынына кім жетер?
Шұбар ала күйкентай,
Шұбарына кім жетер? (Кітап)

Бір қобди дүние жүзін бағалаған,
Әсемдеп, талай адам қамалаған.
Қобдидың ашылмайтын кілті өзінде,
Ашылса табылар еді не қалаған. (Білім, кітап)

Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,
Ашылар мезгілінде баурын жазып.
Ішінде толып жатқан қазынасы бар,
Қорек қып пайданалар тамам халық. (Кітап, оқу)

Бiлiмнен мол сый - асы,
Балғындардың ұясы. (Мектеп)

Ақыл - ойдың шырағы,
Зәулiм көктей шынары.
Биiгiне бойлаған,
Қанбайды адам құмары. (Бiлiм)

Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)

Шәкiртке жанашыр,
Мейiрман кiм, жаны асыл? (Ұстаз)
оптық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі.
Әр топқа өз топ атауларына қатысты ұлы адамдардың нақыл сөздерінің адам өміріндегі маңызы мен рөлі туралы алдымен жеке ойланып, жұптаса отырып пікірлесіп, топта талқылап, шешімдерін постерге түсіріп, қорғайды.
1) «Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенін біле бер»
2) «Еңбек –қуаныш, жалқаулық айырылмас азап...» Абай Құнанбаев.
3) «Өз Отанын жан тәнімен сүю – адамшылықтың асқар шыңы» Виссарион Белинский
«Мейірімділік» өлеңін оқу: (мұғалім)
Мейірімділік – ғажайып өмір есігі,
Мейірімді болсаң – сазды әуенмен тербетілер бесігің.
Ашық болсын мұқтаждарға көңілің мен есігің,
Мейірімсіз болсаң, алладан болмас кешірім.
Қол ұшын бер жетімдерге жылаған,
Қайтарма қолын, ананың көмек сұраған.
Оу, адамзат, сіңірген бойға мейірімді,
Өтініп соны, сіздерден әркез сұранам.
Мейірімді ізде, таза, аңғал жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірім ана бойында сіңірген бойға, мойында,
Өмірге мына жылылықпен гүл еккен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет