Сабақтың тақырыбы «Мәнерлеп оқудың өзіндік шарттары» Сабақтың түрі Практика



бет1/2
Дата21.12.2023
өлшемі162.62 Kb.
#487446
түріСабақ
  1   2
Ерке 1сабақ жоспар 1


Шымкент қаласының «Отырар» колледжі
Оқу сабағының жоспары

Модуль/Пән

«КМ5 Кәсіби қоғамдастықпен және білім берудің барлық мүдделі талаптарымен өзара қызмет жасау».



Мұғалім

Анарбай Еркебұлан

Дата: « » 11.2023

Жалпы мәліметтер

Курс_3_ топ ҚТ-2211б

Сабақтың тақырыбы

«Мәнерлеп оқудың өзіндік шарттары»

Сабақтың түрі

Практика

Мақсаты (оқу нәтижелері)

Барлық студенттер: Студенттерді мәнерлеп оқуға үйрету, білімін шыңдауға дағдыландыру. Оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;



Міндеттері (бағалау критерийлері)

Студенттердің ауызша тілдік дамыту, мәнермен оқи білу. Шығармашылық іскерліктерін арттыру.



Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу,түсіну.сұрақ -жауап, топтық жұмыс,

Күтілетін нәтижелер

1.Білімділік: Мәнерлеп оқуға тілдерін жаттықтыру;
2.Тәрбиелік: Студенттерді дұрыс сөйлеуге тәрбиелеу.



Қажетті ресурстар

Оқулық,парақша,лекция жинағы, слайд

Сабақтың барысы

Уақыт

Іс-әрекеттер мен тапсырмалар

Бағалау

Ресурс

2 мин

Сәлемдесу. Түгендеу.
1.Студенттермен амандасу
2.Кезекшінің мәліметін тыңдау
3.Студенттердің зейінін сабаққа аудару




Интербелсенді тақта.
Қосымша 1
Презентация 1-бет

10 мин

Өткен тақырыпқа шолу
«Мақал-мәтел» жылдамдық пен білімділік шеберлігі.Мақал-мәтел әдісі бойынша студенттерге өткен сабақ бойыншы сұрақтар қойылады.

Тапсырманың қадамдары:
Студенттер сұрақтарға жауап береді, білім алушылармен талқылайды,сабаққа белсенді қатысады.
Бағалау: Әр студентке бағаланады

Сұрақтар жазылған түрлі парақтар




20 мин

Жаңа сабақ
Біріншіден, оқуға байланысты әрекет болғандықтан мәнерлеп оқу үшін оқушының тыныс алу, ауаны жұту және сыртқа шығару, еркін дем алу дағдыларын қадағалаганы жөн. Оқу барысында дем алуын басқара алмаған окушының мәнерлеп оқу дағдысы оңайлықпен қалыптаспайды. Қалыпты тыныс алу жағдайында адамның дем алуы мен дем шыгаруы бірдей. Ал сөйлеу, оқу, ән салу сияқты вербальды әрекеттерде демді алу мен сыртқа шығару ұзақтығындағы тепе-теңдік өзгереді. Демді ішке алу жиілейді, не демді ішпе ұстау уақыты ұзарады. Осы әрекеттерді оқушылардың білгені және жаттыққаны мәтінді мәнерлеп окуда өз әсерін тигізеді.
Екіншіден, мәтін графикалық белгілерден құралғандықтан орфогра фиялық заңдылықтармен таңбаланады. Ал мәтінді оқу орфоэпиялық қалып тарға сәйкестендірілуі керек. Осы заңдылықтар жете меңгерілмеуі көбіне мәнерлеп окуда нұқсан келтіреді. Қазақ тілінде орфоэпиялық заңдылықтар сингармонизм, ассимиляцияға сүйенеді. Оқушы ларға орфоэпиялық заңдылықтарды меңгерту аса маңызды. Жаттығу мақса тында орфоэпиялық сөздіктен жұмыс жүргізу, оқитын мәтіндегі орфографиялық таңбаларды орфоэпиялық сөздікпен қайта жаздыру, оны жат тыққанша оқыту жұмыстары нәтиже берері анық.
Үшіншіден, сөзге дұрыс екпін түсіре білуге дағдыландыру керек. Мәтіндегі әр сөздің өзіндік логикалық, грамматикалық синтаксистік, дискурстық қызметі, мағыналық салмағы болады. Сөздердің қызметі автордыңидеялық мақсатына тәуелді. Мәтіндегі авторлық ойды түсіну, сөздін қызметін тану окушының мәтін окудағы екпінді дұрыс түсіруіне көп көмектеседі.

Студенттер сұрақтарға жауап береді, білім алушылармен талқылайды,сабаққа белсенді қатысады.
Бағалау: Әр студент жеке бағаланады

Қосымша 3
Интербелсенді тақта,презентация,слайд



18 мин

Топтық жұмыс.
1.Тапсырма.
«Вен диаграммасы».
Студенттер мәнерлеп оқумен қарапайым оқудың ұқсастығы мен айырмашылығын жазады.
2.Тапсырма «Микс» әдісі арқылы
Тақтада жазылған негізгі түйінді тірек сөздерді «Поэзия,поэма,қара өлең» қолдана отырып шығырмашылық жұмыс орындайды



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет