Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейту



бет1/3
Дата16.02.2024
өлшемі45.38 Kb.
#492120
түріСабақ
  1   2   3
Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуашык сабак



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:С.Торайғыров жом
5.3В Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану
Күні: 2.02.2018 жыл. Мұғалімнің аты – жөні: Айтуғанова Ж.Ж.
Сынып: 5 «А» . Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ондық бөлшекті натурал санға көбейту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.2.28.Ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке көбейтуді орындау;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Ондық бөлшекті натурал санға көбейте алады.
Көпшілігі: Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді есептеуде қолдана алады.
Кейбіреуі: Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді мәтін есептерді шығаруда қолдана алады.

Ойлау дағдыларын деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  1. Ондық бөлшекті натурал санға көбейтеді.

  2. Ондық бөлшекті натурал санға көбейтуді есептеуде қолданады

  3. Мәтін есептерді шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Тілдік мақсат — ондық бөлшекті натурал санға көбейту жолын түсіндіре алады; Пәнге қатысты лексика мен терминология — ондық бөлшекті натурал санға көбейту; — үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; — үтірден кейінгі таңбалар саны; Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер — ондық бөлшекті натурал санға көбейту үшін … керек; — … неше цифр болса, көбейтіндіде оң жақтан сонша цифрды үтірмен ажырату керек;



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет