Сабақтың тақырыбы: Сыртқы келбет және тазалық Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет1/2
Дата14.09.2024
өлшемі289.91 Kb.
#503628
түріСабақ
  1   2
23.02.2024 5 сынып





Бөлім:

8. Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :




Күні:




Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сыртқы келбет және тазалық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5. 1. 4. 1- тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
5. 3. 3. 1-сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

Сабақтың мақсаты

Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады. Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыра алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//
уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы
5 минут
5 минут

Сабақтың ортасы


15 минут

15 минут


Сабақтың соңы
5 минут



Оқушылардың қатысуын түгендеу.
1.Психологиялық ахуал қалыптастыру
«Айдаһар»
2.Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру;
Ойтүрткі
1-тапсырма
1. Адамның сырт келбеті дегенді қалай түсінесіңдер? Оған не жатады?
2.Сыртқы келбет пен адамның ішкі дүниесінің байланысы бар ма?
3. «Киіміңе қарап қарсы алады, сөзіңе қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіңдер ме? Адамның сыртқы келбеті маңызды ма, ішкі жан дүниесі маңызды ма?
2-тапсырма

1. Суреттегі балалардың сырт келбетіне қарап, олардың қандай адам екенін ажыратуға бола ма?
2. Сыртқы келбет пен тазалықтың байланысы бар ма? Ойыңды дәлелде


3-тапсырма (оқулықтан)
1)Мәтінді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап бер.
1.Мәтіннің бірінші бөлігінде не тураы айтылған?
2.Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы не білесің? Олар туралы қандай шығармаларды оқыдың?
3.Мәтіннің екінші бөлігіндегі Қожанасырдың әрекеті туралы не айтар едің? Кімнің әрекеті дұрыс: Қожанасырдың ба? Байдың ба? Өз ойыңды дәлелде. Өз сөзіңде сөз әдебі орамдарын қолдан (менің ойымша, менің пікірімше, қорыта айтқанда және т.б).
2) Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін,басына – мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жаз.
4 -тапсырма
Сурет бойынша жеке тазалығы және оны сақтаудың маңыздылығы туралы сюжетті әңгіме құрастыр.
Тірек сөздер: тазалық, сырт келбеті, сүйсінеді, мінез-құлық, мұнтаздай, тап-таза, әдепті, ажарлы.



Рефлексия 3-2-1
Оқушылар таратпа қағаздарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді.
1.Сабақта маған пайдалы болды.
1. ................... 2. .............................. 3. .........................
2. Маған көмек қажет?
1. ................... 2. ..............................
3. Сабақта алған ақпаратты қайда қолдана аламын?
1. ...................





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет