Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық:сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дыбыс пен әріпті ажыратуда ойын дәлелдейді.
Тәрбиелік: үлкендерге қолғабыс жасауға, ақылды болуға талпынады.
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/уақыты
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы (1–7 мин)
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу.
Психологиялық ахуал орнату. «Сиқырлы қапшық» ойыны. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар бар. Балалар кезекпен келіп қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алады. Мысалы: екі бота, екі қой т.б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң,
сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.
Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Б» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Б б» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Б б» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.