Әдебиеттік оқу 3 «Ә» сыныбы 18.11.2015.
Сабақтың тақырыбы: «Құстар айтысы» (Үнді ертегісі)
Сабақтың мақсаты:
1. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып,ертегідегі негізгі ойды,идеяны ұғындыру. Ой қозғау страрегиясын пайдалана отырып,оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс жүргізу барысында оқушыларға өзіндік жұмыс жасай білулеріне,өз бетінше ізденуге үйрете білу және сөздік қорларын молайту.
2. Өткен сабақтарда алған білімдерін бір жүйеге келтіру, түсініктерін ары қарай дамыту
3. Құстарды қорғауға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға ,адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, дамыту картасы, болжау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі:Құстардың суреттері, интерактивті тақта, ,оқулық
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу,дүниетану, өзін-өзі тану, сурет,қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Оқушылармен сәлемдесу,жағдайларын сұрау.
Мұғалім: Екі көз не үшін керек?
Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін.
Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: Екі қол не үшін керек?
Оқушылар: Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек?
Оқушылар: Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін.
Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар. Сендер Отанымыздың жарқын болашағысыңдар!
Бүгін біздің сабағымызда қонақтар бар. Сабаққа жақсы қатысуларыңды сұраймын.
Топқа бөлу: 1-топ –« 100» 2-топ – «170» 3-топ – «2017»4-топ-«2050»
II.Үй тапсырмасына шолу жасау.(топқа тапсырма) слайд 100
III.Жаңа сабақ.
1.Қызығушылығын ояту.
Құстардың дауысын тыңдату
Ойын: «Кім жылдам?»
Жыртқыш құс (қыран)
Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)
Қонақ шақыратын құс(сауысқан)
Құстардың үйі (Ұя)
Орман дәрігері(тоқылдақ)
Әнші құс (бұлбұл)
-Жарайсыңдар, балалар.
-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады. Үнді ертегісі.
- Бұл өнерді қалай атаймыз?
- Айтыс.
- Дұрыс айтасыңдар, айтыс өнері ат жарысымен, балуандар күресімен пара - пар.
Демек айтыс - бұл жарыс. Өнер жарысы. Ал күнделікті өмірде сендер айтысасыңдар ма? Қай кезде адамдар арасында айтыс туады? Екі адамның келіспеуі, ойларының бір жерден шықпауы.
- Олай болса, бүгін құстар айтысы атты үнді ертегісімен танысамыз.(видео)
2.Оқулықпен жұмыс.(сөздік жұмыс)
а/ «Құсбегі» сөзін түсіндіру.
ә/Ертегіні 4 топқа бөліп іштей оқыту.
б/Әр топқа дауыстап оқыту.
Сергіту сәті: қимылдар жасау
в/ Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.
Топтарға тапсырма
-Құстар тордан қалай құтылмақ болды?
-Ертегіде қандай құстардың аттары кездесті?
-Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді?
-Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады?
- Құс аулаушы торды не істеді?
Слайд 2017
IV.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.
Шығармашылық тапсырма:
1-топ: Қанатты құстар әдемі,
Қызық-ау құстар әлемі- демекші қызықты деректерге назар аударайық
ең кішкентай құс- колибри
ең үлкенқұс- түйеқұс
ең алып құс-самұрық
ең жүзгіш құс- пингвин
ең қырағы құс- сұңқар
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс тіршілігіне арқау етіп қолдана білген. Құстар арқылы ауа райын болжаған, көрген түсін де жори білген. Мысалы,
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады
Бозторғай ән салса, күн ыстық болады
Үйрек бір аяғымен тұрса, аяз болады
Егер түсінде көгершін көрсе, өңінде ісі оңғарылады
Қараторғай көрсе қуанышқа бөленеді т.б.
2-топ: Бірлік, Ынтымақ туралы мақал-мәтел айту
3-топ: Сыныптағы бірлік, достық туралы айтып беру.
4-топ: Ауызбіршілік пен жанжал сөздерінің мағынасын ашу
Күш бірлікте (видео)
V.Жаңа түсінікті тексеру.(мәтінге мақал таңдау)
Бекіту
Қорытынды
Слайд Қазақстан -2050 (видео)
Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.
Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.
1-топ
VIII.Үй тапсырмасы:
Ертегіні түсініп,ролге бөліп оқу.
Ынтымақ, бірлік туралы ертегі қарау.
IX.Бағалау.( смайликтер арқылы бағалау, мақтау)
Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектеп» ММ
Өткізген: Ермаганбетова Г.К
Қостанай қаласы, 2015 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |