Сабақтың тақырыбы:
«Табиғатты қорғау – болашақты ойлау»
Өту мерзімі: 14 қараша 2008 жыл
Өтетін орны: Н.Нұрмақов атындағы мамандардырылған облыстық
дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Мұғалімнің аты-жөні: Сатмолдина Фарида Әліпқызы, химия пәнінің мұғалімі
Өту уақыты: 10.20-11.05 сағ.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың экологиялық білімін тереңдетіп,қоршаған табиғи ортаны қорғауға, табиғатты аялауға, құрметтей білуге, еліміздің сан-алуан байлығын барынша тиімді пайдалануға,ұлтшылдыққа тәрбиелеу және болашақтарына кәсіби бағыт бағдар беру.
Сабақтың міндеттері:
- Орталық Қазақстанның экологиялық проблемалары жайлы оқушылардың ақпараттық ой-өрісін дамыту;
- қара металлургияның қоршаған ортаға және адам мәдениетіне тигізетін әсерін талқылау;
- шетел компанияларының геоэкологиялық проблемаларға әсері;
- «Қара металлургияның дамуы және оның экологиялық проблемалары» жобасының Қарағанды аймағында іске асырылу тәжірибесін көрсету;
- осы жобаның алдыңғы уақытта іске асырылуын анықтап, қорытындылар шығару.
Көрнекі құралдар:
-компъютер, мультимедиялық проектор, жиһаз, интерактивті тақта;
-слайд корсетілімдері.
Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу).
ІІ. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
ІІІ. Пікір-талас:
- сыныппен жұмыс;
- эколог-мамандардың пікірлері.
IV. Сабақты бекіту.
Сабақтың барысы
Сабақтың тақырыбы, эпиграф, дәйек сөздер интерактивті тақтада жазылып тұрады:
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»
«Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды, бәрі орынды, бәрі шындық, ал адасу мен жаңылысу тек қана адамда болады»
Гете.
«Табиғатпен ортақ тіл табылған жағдайда ғана адамзат өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыра алады»
Ш.Айтматов
Қатысушы қонақтар, оқушылар белгіленген орындарында отырады, мұғалім Ф. Сатмолдина тақтада тұрады.
Қоңырау соғылды.
Мұғалім:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық .Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзілуіне мыңдаған жылдар кететінін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеп соқтыруда.Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр.Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері , қолдан жасалған заттар тағы басқа ғылыми прогрес жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп қатер туғызуда.
Бір ғана мысал:бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған озон қабаты тесілуінің өзі-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулыға зауал болмақ.
Бұның бәрін бір апта немесе бір кеште айтып шығу мүмкін емес.Сондықтан бүгінгі
« Табиғатты қорғау- болашақты ойлау» атты экоклубымыздың кезекті отырысының мақсаты- туған өлкеміз Қарағанды облысының экологиялық хал-ахуалы туралы мағлұмат беру, оның ішінде қара металлургия өнеркәсібіндегі экологиялық проблемаларға тоқталу, оны жақстарту үшін оқушылардың қолынан келетін істерге бағыт беру, оларға экологиялық білім баршаға қажет екенін ұғындыру, оларды туған табиғатты сақтауға байытуға шақыру.
Сонымен әсем табиғаттың ажары мен тепе-теңдігін сақтауға үлес қосып жүрген Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың биология-география факулетінің ғалымдары мен аға оқытушылары б.ғ.к. ,
профессор Бекишев Қ.Б., б.ғ.к. Мырзабаев А.Б.,профессор Мырзаханов Н.М. білікті мамандарымен кезесу отырысымызды ашық деп жариялаймыз.
« Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуына ірі аймақтардың бірі – Қарағанды облысы өз үлесін қосып келеді.Қарағанды облысы ел призиденті Н.Ә.Назарбаевтың еңбек және саяси отаны болып табылатынын мақтаныш етеміз.Әрине мұның өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді.Сондықтан да біздің облысымыз мемлекет басшысының сенімді тірегі болу үшін қолдан келгеннің бәрін істейміз.»- деген болатын Қарағанды облысының әкімі Н.Нығматулин.
Елбасымыздың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформалар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай үлестерге жетуге мүмкіндік берді.
(слайд)
Қарағанды облысының 1997 -2007 жылдар аралығындағы
экономикалық даму көрсеткіштері.
-
Жалпы өнеркәсіп өнімінің көлемі - 4,4 есе
-
Инвестициялық негізгі кпитал - 11,9 есе
-
Шағын кәсіпорындар - 2,8 мың бірліктен 7,6 мың бірлікке өскен
-
Бөлшек тауар айналым - 37 миллиардтан 120 миллиард теңгеге дейін өскен
-
Жұмыссыздықтың деңгейі - 13,2% - тен 6,7 % - ға азайды
-
Орташа айлық жалақы - 4,4 есеге өсті
-
Тұрғын үй құрылысындағы инвестиция -7 есе өсті
Осы табыстар біздің мемлекетіміздің инвестицияға тартымды болуына, соның ішінде ірі аймағы Қарағанды облысы ерекше тартымды болып отыр
Біздің өлкеміз өнім өндіру жағынан алдыңғы қатарда келеді.Ғылыми-техникалық және өндірістік қуаттардың, маман кадрлардың, бай табиғи ресурстардың болуы, біздің өнімімізді тұтынушы ретінде ел астанасының жақын болуы кәсіпкерлер үшін өз капиталын салуға үлкен мүмкіндіктер береді.Міне осыған байланысты өткен жылдың мамыр айында І Халықаралық «Қарағандыинвест-2007» форумы өтті.Оған тек қана отандық емес көптеген шетелдік компаниялар көңіл бөлді.Атап айтсақ , Иран , Иордания , Корея , Израиль өкілдері үлкен қызығушылық тудырды.Бұл шара мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылғандай, мемлекеттер мен бизнес қауымдастықтардың тығыз әріптестігінің негізінде экономиканың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруда маңызды қадам болды.
-Ендеше Орталық Қазақстанның өндіріс орындары және олардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік:
1-оқушы.Орталық Қазақстан аймағы тек мемлекетіміздің ғана емес, ТМД елдерінің ірі көмір-металлургиялық базасының бірі. Қазақ металлургиясының қара шаңырағы болып саналатын Қарағанды облысы Қазақстанның темір-марганец, барит-полиметалл, мыс кені, сирек металлдар және көмір қорына бай бірден-бір алқабы болып табылады. Облыста негізгі көмір өндіруші кәсіпорындар – «Арселор Стилл Теміртау» АҚ ҚД, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Молодежный», «Қушоқы» разрезі, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің филиалы «Бөрілі» АҚ және т.б. Марганец, темір-марганец және темір кенінің негізгі барлаушы және өңдеуші кәсіпорындары «Жәйрем КБК» АҚ, «Қазмарганец» РБ, «Қазхром» АҚ ТҰК, «Өркен» ЖШС, «Өркен-Атасу» ЖШС болып табылады. Қорғасын-мырыш кенін өңдеуші және өндіруші кәсіпорын – «Nova-Цинк» БК ЖШС болып табылады. Сонымен қатар қорғасын және мырышты «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндіреді. 2003 жылы «Қазақмыс корпорациясының» «Балқаштүстімет» ӨБ-де мырыш өндіру цехы салынды. Мысты өңдеу бойынша негізгі тау-кен кәсіпорыны «Қазақмыс корпорациясының» Жезқазған және Балқаш комбинаттары болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, аймақтың табиғи-экономикалық потенциалы өте зор, сәйкесінше бұл аймақта экологиялық мәселелер туындап отырғаны анық. 2007 жылғы мәліметтер бойынша республикада ластаушы заттардың түсу көлемі бойынша Қарағанды облысы республика бойынша І орынды (45,6%) иеленеді. Облыстағы 344 өндіріс орындарынан 5961 стационарлық көздер тіркелген, оның ішінде тазартқыш құрылғыларымен жабдықталғаны 1432. Облыстағы барлық стационарлық ластану көздерінен 6 млн 824 мың 900 т ластағыш заттар, оның ішінде тазартусыз тасталғаны – 1 млн 102 мың 400 т, тазартқыш құрылғыларға түскені – 5 млн 727 мың 500 т, ондағы ұсталғаны және зиянсыздандырылғаны – 5 млн 409 мың 500 т. Ендігі атмосфераға тасталған барлық ластағыш заттардың көлемі – 1 млн 415 мың 400 т құрады. 2006 жылы Қарағанды облысының ауа бассейніне көп көлемде күкіртті ангидрид (943 мың т.), көміртегі тотығы (203,6 мың т.), азот тотығы (40,4 мың т.), қорғасын және оның қосындылары (2761,7 мың т.), мыс тотығы (674,8 мың т.), мышьяк (1562,2 мың т.), күкіртті сутек (0,3 мың т.), аммиак (0,3 мың т.) және т.б. көптеген ластағыш заттар түскен.
(СЛАЙД)
Қалалар бойынша атмосфераға тасталған және ауланған (уловлено)
зиянды заттар көлемі, 2007 жыл. мың тонна
|
Барлық стационарлық ластау көздерінен шыққан ластағыш заттар мөлшері
|
Оның ішінде та-зартусыз тастал-ғаны
|
Тазарт-қыш құрылғы-ларға түсетіні
|
Ондағы ұсталғаны және зиянсыздан-дырылғаны
|
Атмосфераға тасталған барлық зиянды заттар
|
Қарағанды облысы
|
6824,9
|
1102,4
|
5722,5
|
5409,5
|
1415,4
|
Қарағанды қаласы
|
1085,7
|
10,2
|
1075,5
|
1037,1
|
48,6
|
Балқаш қаласы
|
1375,5
|
729,8
|
645,7
|
611,6
|
763,9
|
Жезқазған қаласы
|
768,6
|
96,2
|
672,4
|
624,1
|
144,5
|
Теміртау қаласы
|
1979,9
|
236,9
|
1743,0
|
1650,2
|
329,7
|
Мұғалім:
-Ендігі кезекте осы өндіріс орындарының ішінде «Қара металургия өнекәсібінің нарықтық экономикадағы даму мәселелері жайында » сөз қозғасақ.
2-оқушы.ҚАЗАҚСТАН ҚАРА МЕТАЛЛУРГИЯ КЕШЕНIНІҢ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРI МЕН НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРI.
Қазақстан Республикасының қара металлургиясы әр түрлi металлургиялық шикiзаттарды өндiру мен қара металлургия өндiрiсiнен аса зор өнеркәсiптiк кешен ретiнде қалыптасты. Прокат өндiрiсi республикада Қарағанды металлургиялық комбинатында өндiрiлді.
Қазақстандагы темiр кен орындары
1. Қостанай темiр кен бассейнi (Соколов-Сарыбай, Козырев, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл, Аят, Алешинское, Шағыркөл, Ломоносов, Елтай).
2. Атасу темiр марганец бассейнi: Қарағанды облысы, Батыс Қаражал, Солтүстiк Шығыс Қаражал, Үшқатын, Үлкен Ақтай, Ақшағат, Жомарт.
3. Көктөбе — Тоғай тобы (Қарағайлыдан 18 шақырым жерде) Кентөбе, Тоғай 1, Тоғай 2.
1992 жылы Қазақстандағы темiр кенiн өндiру 23 млн.тонна болса, ал кейiнгi жылдардағы өндiру көлемi (2002,2004 жылдарда) ол екi еседен астамға ұлғайды, оның жыл сайынғы кұйма өндiрiсi 10 млн. тоннадан асып, концентраты — 40 млн. тоннаға жеттi. Өндiрiлетiн темiр кенiнiң негiзгi бөлiгi Республикадан тыс аймақтарға және оның басты бөлiгi Ресейге жiберiледi. Темiр кенi өнiмдерiн iшкi тұтынушыларға Қарағанды металлургиялық комбинаты Ермак және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары жатады. (слайд)
Қазақстанда өндiрiлетiн марганец кенiнiң жартысына жуығы Жездi кен байыту комбинатында қайта өндiрiлетiн құрамы 33-39% болатын марганец концентратын шығарады. Осыдан марганец құрамында 5%-дан жоғары емес, марганец концентратын алудың маңызы зор. Мұндай өнiмнен құрамы төмен көмiрсулы таза ферромарганец алынады. Бұл өнiмдердегi негiзгi өнiмдi Ақсу ферроқорытпа зауыты, (Ақсу қаласы, Павлодар облысы) және Ресейдiң металлургиялық зауыттары, марганец кен орындарының iрi басқармалары Атасу кен басқармасы және Жайрем ТКБК (тау-кен байыту комбинаты) пайдаланады. Қазақстанда өзiнiң ферромарганец өндiрiсi жаңа ғана дамып келедi. Қазiр ол өз кажеттiлiгiн Украинадан алады. Болашақта марганец ферроқорытпа өндiрiсiн дамыту көзделуде және бұл Қазақстан экспортының ең басты бағыттарының бiрiне айналуы мүмкiн.
(слайд) Қазақстан Республикасындағы қара металл өндiрiсі 2000-2006 ж
(млн.т есебiмен)
Өнім
|
2001
|
2003
|
2004
|
2006
|
2007
|
Темір кені
|
21,1
|
32,4
|
40,2
|
56,7
|
62,3
|
Шойын
|
13,3
|
17,5
|
21,7
|
28,1
|
30,1
|
Болат
|
10,7
|
11,2
|
18,4
|
22,4
|
27,4
|
Феррохром
|
2,1
|
1,7
|
2,3
|
3,1
|
3,8
|
Ферросилиций
|
1,9
|
1,2
|
1,8
|
2,02
|
2,4
|
Хром кені өндірісі.
Хром кенiнiң қоры жөнiнен Қазақстан (430 млн. т) дүние жүзiнде ОАР-дан кейiнгi екiншi орынды иеленедi, ал сапасы жөнiнен дүние жүзiнде бiрiншi орында. Дөң ААҚ-ы оңтүстiк Кемпiрсай кен орындарында хромит өндiрумен бiрге хром концентраттарын және үнтақталған тауарлы кендердi өндiредi. Кемпiрсай хром кен орнының торы 310-320 млн. т. ТКБК Ақтөбе және Ақсу қалаларында ферроқорытпа зауыттарын қамтамасыз етедi. Олардың барлығы бiрге бiрiккен тау-кен металлургиялық кешенiң немесе трансұлттық «Қазхром» компаниясын құрайды. Металды екi ферроқорытпа зауыты және Миттал-Стил-Теміртау(Арселлор Миттал) металлургиялық комбинаты өндiредi. Павлодар облысында орналасқан Ақсу ферроқорытпа зауыты темiр ферроқорьттпа балқымаларын, ферросиликохром, ферросиликомарганец шығарады. Ақтөбе қаласында орналасқан «Феррохром» ААҚ феррохром мен ферросиликохром шығарады. Кәсiпорынның жылдық жобалық қуаты 350 млн. т. феррокорытпа алуға бағытталған. Республикада хром кенiнiң саны меп сапасы жөнiнен дүиие жүзiлiк рынокты қамтамасыз теуге негiзделген. Және ірі айтакететін жайт, Қарағанды облысының әкімі 21тамызда 2007ж. «Силициум Қазақстан» атты металлургиялық кремнидың салынуына қол қойды. Оған 110 млн. доллар АҚШ, оның қуаты жылына 25 мың. тонна/жылға болмақ. Менің ойымша: «Кремнийдің экологиялық жағдайына келетін болсақ, ол ауа мен тотығып, адам организмінің тыныс алу жүйелеріне аса ірі қауіпті жағдайлар мен аурулар туғызуы мүмкін. Егер осы жағдайларды ескеріп, кремний зауытын салғанда экологиялық жақтарын қолға алып, шет елдердегідей арнайы мұржа түтіктеріне синтездеуші заттарды қойып, оның алдын алуға болады және осы жәйтті ескеріп, зауытты салса екен деймін». Қазақстан дүние жүзi бойынша темiр кенiн өндiру көлемi жөнiнен Қытай, Бразилия, Австралия, Ресей, АҚШ, Үндiстан, Украинадан кейiнгi алғашқы ондық елдерiнiң қатарында, ал бұрынғы Одақ елдерi арасында Ресей мен Украинадан кейiнгi 3 орынды иеленедi. Ақсу зауыты республикадағы өз өнiмiн экспортқа бағыттаушы кәсiпорын. Зауыт жылына құрамы әр түрлi жоғары сапалы 1 млн. т. астам өнiм өндiредi және оның басым бөлiгi (60%-дан астамы) экпортқа шығарылып, жылына елiмiзге 100 млн. доллардан аса табыс әкеледi.
Мұғалім:
- Сонымен қатар балалар «Арселор Миттал- Теміртау» компаниясының қазіргі
экономикалық көрсеткіштері және оның ел экономикасындағы орны жайында айта
кетсеңдер
3-оқушы:
Коксохимия өнеркәсібі. Коксохимия өндiрiсiнiң құрамына жылына 4300 т. кокс шығаратын жетi кокс батареялары, көмiр дайындау цехы, екi көмiр байыту цехы 13500 т. қатардағы көмiр бередi, кокстеу барысында химиялық өнiмдер тұтатын екi цех, пеккокс және жiктеу цехтары бар коксохимия өндiрiсi кiредi. Коксохимия өндiрiсiнен шығатын ең қажеттi өнiм — кокс, оның 90%-ы шойын өндiрiсi мен домна пештерiне барады (фракция 40 мм арпайды). Кокс ұсағын (фракция 0-10 мм) агломерация өндiрiсiнде пайдаланады. Кокс өнiмiнен басқа 20-дан басқа өнiм шығады.
Тауар өнiмдерi: металлургия және пеккоксы, коксохимия нафталинi, тас кемiр бензолы, аммоний сульфаты (азот тыңайтқышы), көмiр концентраты, электродты тас көмiр пекi, сальвент және тас көмiр толуолы, ағаштың бойына сiңiру үшiн қажет тас көмiр майы, антрацит майы, куб қалдықтары, фенолдар, тас көмiр фенолының майы.
4-оқушы: Агломерация және домна өндiрiсi. Құрамында түйіпшіктеу-сұрыптау фабрикасы және аглофабрикасы және домна цехы, шлак ұсатататын кешенi бар. Домна цехыныц құрамында торт пешi бар, көлемдерi 1719-дан 3200 текше метрге дейiн жалпы қуаты жылына 5,2 млн.т. шойын шығады. Пештердi тексеру - өлшеу аспаптарымен жабдықталған және домнаның балқыту процесiн тексеретiн құралдардың, жергiлiктi машықтандырылған басқару жүйесiнiң болуы. Тауарлы қатты шойын 4 кг машиналарында дайындалады. Әр машинаның қуаты тәулiгiне 1600 тоннаны құрайды.
Домна цехыньщ өнiмдерi: құйма шойын (фосфоры аз, фосфорлы), қайта өңделген (фосфоры аз, фосфорлы). Құйма шойын қысылмаған және екi жерден қысылған күйiнде жөнелтiледi.
5-оқушы:Болат балқыту өндiрiсi. Болат балқыту өндiрiсiнiң құрамьша оттегi цехы және конвертор цех екi мартен цехы, бiр жылғы шығаратын өнiмнiң тоннасы 5,5 млн.т. Конвертор цехында З оттегi конверторы (сыйымдылығы 300 т.) бар және екi миксерi бар (сыйымдылығы 2000 т.). Фосфорлы шойыннан (фосфор мөлшерi 1,4%-ға дейiн) конверторлы болат өндiрiсi үшiн болат балқытудың жаңа тәсiлдер кешенi қолданылады. №1 мартен цехының құрамында әр қайсысы 600 тонналық сағатына 4500 текше метр оттегiмен үрлеу тәсiлi қолданылатын екi пешi бар. 2 мартен цехы 60-100 тонналық екi пештен және сортты прокат цехына қажет дайындамаларды үздiксiз құяын көлденең машинамен жабдықталған.
Мұғалім:
-Осыдан келіп енді «аймақтық» қара метталургия дамуындағы экологиялық мәселелерге тоқталсақ.
6-оқушы: Қазақстанның басқа өнеркәсiп орындарындағы сияқты «Арселор Миталл» АҚ-на кiретiн кәсiпорьшдарынан да келтiруге болады. Жалпы қара металлургия ксiпорындары ауа және су бассейндерiн ластау масштабына қарай жылу электр кәсiпорындарынан кейiнгi екiншi орында тұр.
«Арселор Миталл» металлургиялық комбинаты орналасқан Темiртау қаласы
Қазақстандағы ең лас, экологиялық жағдайы қолайсыз қалалардың қатарына жатады.
«Арселор Миталл» АҚ-ы қазiргi кездегi Қазақстан Республикасындағы бiрден-бiр қара металлургия саласындагы iрi толық циклдi кәсiпорын.Менің ойымша: «Комбинаттың мұндай құрылымы және өндiрiс көлемiнiң үлкен болуы қоршаған ортаға бiрiқтар зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына жағдай туғызады. Өндiрiстiк процестер кезiнде шығатын химиялық улы заттардың қосындылары қатты және газ күйiндегi зиянды заттар, жуынды-шайынды сулар, күл-қоқыс қалдықтары кәсiпорны және де жалпы аймақ үшiн экологиялық қауiп төндiредi.»
Қала ауасының ластану дәрежесi өте жоғары. Орта жылдың бензопирен концентраты 4-6 ПДК, фенол концентраты 1 ПДК-дан астам болады. Кейбiр күндерi фенол, азот диоксидi концентраттары 6-8 ПДК-ға дейiн, ал күкiртсiтек, аммиак, көмiртегi концентраттары 2-5 ПДК-ға дейiн жетедi. Ластанудың жоғарғы дәрежесi металлургиялық комбинаттың қалдықтарынан құралады. Комбинат жалны зиянды қалдықтар шығару көлемi бойынша ТМД елдерi арасында 5-шi орында, ал қара металлургия кәсiпорындары арасында шаң мен күкiрт диоксидiн шығару бойынша екiншi орында. Комбинат үлесiне қаланың ауа бассейнiне шығатын барлық пайыздың 70 пайызы тиедi. Сонымен қоса, ол Самарканд су қоймасы мен Нура өзенi суын ең негiзгi пайдаланушы және ластанушы болып табылады.
Мамандардың есебi бойынша бiр ғана шаңның жиынтық үлесiн шығару 1 тонна болатқа шақанда 72 кг шамасында екен. 2000 жылы атмосфераға 1000, 30 мың тонна шаң және диаграмма 1
«Арселор Миталл Темиртау» металлургиялық комбинаты бойынша ауаға лас қалдық шығару динамикасы
|
Шығарылған заттар көлемі(мың. тонн)
|
|
2000ж.
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
2006ж.
|
2007ж.
|
Барлығы
|
334,1
|
337,69
|
326,17
|
328,97
|
335,48
|
338,92
|
310,06
|
288,23
|
Қатты
|
77,18
|
72,91
|
57,26
|
55,16
|
54,4
|
53,46
|
43,6
|
40,6
|
Газ әріздес
|
256,96
|
264,78
|
268,91
|
273,81
|
281,08
|
285,46
|
266,46
|
247,63
|
«Арселор Миталл Темиртау» бойынша қалдықт ардың пайда болуы және оларды қайта өңдеу
|
Шығарылған заттар көлемі(мың. тонн)
|
|
2000ж.
|
2001ж.
|
2002ж.
|
2003ж.
|
2004ж.
|
2005ж.
|
2006ж.
|
2007ж.
|
Пайда болу
|
4971,7
|
5117,3
|
5586,9
|
5957,8
|
6081,6
|
6276,8
|
6813,6
|
6903,2
|
Қолдану (қайта өңдеу)
|
710,8
|
700
|
1215,6
|
1315,6
|
1084,2
|
1334,3
|
1387,8
|
1386,8
|
Қалдықтарды орналастыру
|
4260,9
|
4417,3
|
4371,3
|
4642,3
|
4997,5
|
4942,5
|
5425,7
|
5516,4
|
Металлургиялық комбинат ауаға 1 тәулiк iшiнде 78 мың тонна шаң, 9 тонна көмiрiышқыл газын және 1,6 тонна күкiртгi, газды бөлiп шығарады екен. Кәсiпорыннан шығатын қалдықтар құрамында күкiртсутек (1,2 мың тонна), күкiрт диоксидi, көмiртегi оксидi, азот оксидi, фенол, улы элементгерден хром, никель, кобальт, марганец, мырыш, қалайы, берилий және т.б. зиянды заттар.
«Арселор Миталл» АҚ-ы құрамындағы ЖЭС-2 ауаны ластайды. Ол ауа көп мөлшерде шаң-тозаңдар, түтiндер мен күйелер қосады. Электростанция орталығы тәулiгiне 2000 тоннаға жуық көмiр жағып, ауаға шамамен 300 тонна күл және 120 тонна күкiрт оксидiн шығарады.
«Арселор Миталл» АҚ-ы шахталарында көмiр қабаттарын алу кезiнде қоршаған ортаға керi әсерiн тигiзетiн келеңсiз факторлар кобеюде. Олар — аумақтың бос болмауы, су балансының бузылуы, шахта суының сыртқа шығарылуы, жер бетiнде шұңқырлардың пайда болуы, жыныстарды жойылуынан жер бетiнiң өңсiщденуi, жердi түлетудiң жеткiлiксiз жүргiзiлуi деуiмiз керек. Жыл сайын көмiрмен бiрге З млн. тоннаға жуық тау жыныстарын шығарылады. Сөйтiп үйiндiлердiң пайда болуы немесе жер қыртысының төмен түсуi салдарынан жер үстi өзгерiске ұшырауда. Шахталар жыл сайын ауаға 41,3 млн. тоннаға жуық зиянды қалдық шығрады.
Бұл қалдықтар, яғни «Арселор Миталл» АҚ-ы құрамындағы металлургиялық, жылу электростанциясы, көмiр кәсiпорындарынан шығатын қалдықтар тек қана ауаны ластаумен шектелiп қоймайды. Белгiлi бiр физикалық-географиялық жағдайда ауаны ластайтын заттар тiкелей атмосферада химиялық реакцияға шырайды. Соның нәтижесiнде өзiнiң қасиеттерi жағынан бұрынғыдан анағұрлым қауiптi жаңа заттар түзiледi. Сөйтiп, тiкелей атмосферада ететiн мұндай реакциялар «түтiндi тұмандардың» пайда болуына алып келедi. Қаланың үстiн ерекше қара түтiн басып тұрады. Ал атмосферадағы қара түтiн дегенiмiз күн нұрының 25% ультракулгiн сулесiнiң 50% жуығын жұтады екен.
Металлургиялық өндiрiстiң өнерксiптiк ағын сулары жер бетi суларына ғана емес, жер асты және грунтты суларға да керi серiн тигiзедi. Өндiрiс процестерi кезiнде шығатын қалдықтар көп жердi алып үйiндi болып жатады да, сол жердiң топырағы мен өсiмдiгiне керi серiн тигiзедi. Бұл үйiндiлердiң сумен шайылып, желмен шашылуының нәтижесiнде құрамындағы улы заттар көптеген қашықтықтарға дейiн таралып, қоршаған ортаның табиғи геохимиялық орталығын өзгертедi.
Жалпы техногендi ластануы калдықтардың физикалық сипаттамасына байланысты (агрегатты жағдайы, ылғалдылы, тығыздық) барлық зерттелген орта бойынша (топырақ, жабайы өсiмдiктер, атмосфералық жауын-шашын) белгiленген деңгейден (1 категория) асып түседi.
Қоршаған ортаның қосылыстармен ластануы адамдардың денсаулығына керi әсер етедi, көптеген аурулардың өршуiне толық жүйке жүйесiнiң, бүйректiң зақымдануына, жүрек, эндокриндi және т.б. органдардың ауруға шалдығуына келiп соғады. Жалпы атмосфераға тасталатын зиянды улы қалдықтардың 40,2% - агломерация, 23% - коксохимия, 15% - мартендiк өндiрiстер шығарады.
Диаграмма 2 (%-бен)
Мұғалім:
(Сұрақ-жауап ұымдастырылады)
-Осы жерде Қарағанды шахталарында орын алған апаттар жайлы тілге тиек етпеуге болмайды.Осы апаттардың себеп-салдары туралы не білесіздер?
Жауап:
- Өндіріс орындарында- еңбек қорғау қауіпсіздік техникасы талаптарына мән берілмеуі
-Шахтада шоғырланған метан газының кенеттен тұтанып оның арты дүлей өрт тудыруының салдарынан орын алған.
Сұрақ:
-Ал осындай оқиғаның орын алуына қандай жағдайлар себеп болған?
Жауап:
-Сарапшылардың келтірілген пікірлеріне қарағанда, Қарағанды көмір бассейініндегі шахталарда газдану үрдісінің өте жоғары деңгейде жүретіндігі анықталып отыр.Мысалы:1 тонна көмір қазу барысында 50 текше метр газ шоғырланады екен.Мұның өзі аталған шахталардың газдану жағынан әлемде алдыңғы орында екенін көрсетеді.
Сұрақ:
-Қалай қарайсыңдар бұл жағдай компанияны ақтай ала ма?
Жауап:
-Әрине бұл жағдай компанияны ешбір ақтай алмайды.Компания бұл мәселені алдын ала ескеріп, осы уақытқа дейін шахталарды газдан сейілту технологиясын енгізуі қажет болатын.Ол орындалмаған.
Жауап:
-Компания еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәсклесіне мән бермеген.Оның экономикалық саясаты шахта лаваларының өнімділігін арттыру осы арқылы алынатын пайданы көбейту мәселесіне ғана негізделіп отырған.Мысалы:оқиға орын алған шахтада лаваға жүктелетін жылдық жүктеме 2001 жылы 759 мың тоннадан 2007 жылы 1млн. тоннаға дейін, яғни 49,3 % арттырылса тәулік жүктеме 210 тоннадан 370 тоннаға дейін, яғги 60%-дан астам көтерілген.Ал өндірістегі құрал-жабдықтарды, ауа тазалағыш құралдарды ауфстырып отыру ісіне көз жұмбайлықпен қараған, соның салдарынан негізгі құралдардың тозғындалуы 70%-ға дейін, соның ішінде негізгі желдеткіштердің тозуы 100%-ға дейін, конвейерлердің тозуы 90%-ға дейін жеткен.
Айнаш:
-Қарағанды көмір бассейні шахталарынан шығатын метан газ проблемасы.Проблеманы шешу жолдары:Қарағанды көмір бассейні шахталарынан шығатын метан газды залалсызданжыру және қайта пайдалану.Атқарылып жатқан іс-шаралар «2008-2010жж. Қарағанды облысының қоршаған ортасын қорғау бойынша аймақтық бағдарлама» жобасына «Қарағанды көмір бассейні шахталарынан шығатын метан газды залалсыздандыру» атты іс-шара енгізілді, мемлекет бюджетінен 2009-2010 жылдар 101,2 млн. теңге қаржы бөлінді.
Мұғалім:
-Ендігі кезекте Қарағанды –Теміртау өндірістік зонасындағы уытты қалдықтарды сақтау және жою проблемасы жайында сөз қозғасақ.
Дана:
-Уытты қалдықтарды сақтау және жою проблемасы –жоғары уытты және химиялық қауәпті қалдықтардың зиянын жою және көму үшін арналған полигон жоқ.Қарағанды-Теміртау өндірістік зонасы .Проблеманы шешу жолы:Полигонды салу бойынша жобалы –қарастырушы жұмыстарды жүргізу.Атқарылып жатқан іс-шаралар:ТР және ТП басқармасы уытты зиянды заттарды залалсыздандыру және көму жобасына 15 млн. теңге (2008 жылы), полигон салу үшін 70 млн. теңге (2009 жылы) көлемінде инвестициялық ұсыныс жасауда.
Нариман:
-Балқаш қаласында тазалау құрылғыларының болмау проблемасы.Проблеманы шешу жолы:Балқаш қаласында тазалау құрылғыларын салу.Атқарылып жатқан іс-шаралар:2006 жылы обл\ыстық бюджеттен Балқаш қаласында тазалау құрылғыларын салу жобасын құрастыру үшін 5,4 млн. теңге бөлінген.Құрастырылып жатқан «Балқаш-Алакөл бассейнінің тұрақты дамуын қамту» деген Үкіметтік Бағдарламаға Балқаш қаласында тазалау құрылғыларын салу іс-шарасын енгізу ұсынылған. «2008-2010жж. Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» атты салалық жобаға Балқаш қаласында тазалау құрылғыларын салу жобасы енгізіліп, мемлекеттік бюджеттен 2009-2010 жж. 999 млн. теңге бөлінеді.Сонымен қатар облыс бюджетінен бұл жобаға 53 млн. теңге бөлінген.
Дархан:
-Қарағанды қаласы тазалау құрылғылары кешенінің тиімсіздігі.Проблеманы шешу жолы:Қарағанды қаласы тазалау құрылғылары кешенінің тиімділігін арттыру.Атқарылып жатқан іс-шаралар: «2008-2010 жж.Қарағанды облысының су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша аймақтық бағдарлама» жобасына Қарағанды қаласының су бұрғыш жүйесін қайта жөндеу және кеңейту жобасы енгізілді, мемлекеттік бюджеттен 2009 жылы 320 млн. теңге 2010 жылы 2000 млн. теңге , ал 2011-2013 жж. 6906,4 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылданған.
Мұғалім:
-Ендігі кезекті экология тақырыбы төңірегінде өздеріңді мазалап жүрген сұрақтарыңыз болса ғалым ағаларыңызға қоюға болады.
Оқушылар сұрағы:
1.Басқа ғылымдар сияқты экологияда да заңдылықтар бар дейді, сол туралы не айтасыз?
2.Адам баласы өзінің денсаулығын сақтау үшін радияциядан қалай қорғану керек?
3.Егер озон қабаты тесілсе, «ақыр заман» болады дейді.Осы сұраққа қалай жауап алуға болады?
4.Қандай экологиялық ластану көздерінен облысымызда эфемерлер мен эфемероидтар жойылып, азайып барады?
Мұғалім:
-«Қара метталургия даму және оның экологиялық проблемалары» бойынша шағын ғылыми жұмыс жазып жүрген Омарғалиев Нұрсұлтанға сөз береміз (ғылыми жұмысын қорғайды)
Мұғалім:
- Міне, жоғарыда келтірілген мәліметтерді саралап, аудиторияда отырған мамандардың ой-пікірлерін ортаға сала отырып, Қарағанды облысын Қазақстандағы жоғары концентратты экологиялық зиянды өнеркәсіпті орталықтардың біріне жатқызамыз.Біздің аймағымызда өндірістік күштерді ұзақ уақыт бойы экологиялық зардаптарды есептемей дамытудың нәтижесінде облысымыздың қоршаған ортасы қиын жағдайда қалды.Сондықтан облсыта өзінің шешімін күтіп тұрған едәуір экологиялық проблемаоарлың бар екенін байқап отырмыз.
Ендеше, бүгінгі «Табиғтты қорғау-болашақты ойлау» атты отырысымыздан табиғат дегеніміз-бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып тұрған болмыс, әсем дүние екендігін білдік.Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ешетеңемен уланбаған балуы тиіс.Біз бұны табиғат тазалығы дейміз.
Адам өзінің де, табиғаттың да қаласа досы, сансыз іс-әрекет жасаса жауы бола алады.
Табиғаттың тарлытпайық мөлдір кәусар тынысын
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат!Ақылға сал, қатыгездік жасыма,
Өзің-дағы содан тудың-табиғаттың ұлысың!
- деп осы отырысты қорытындылаймын.Ой – пікірлеріңізді ортаға салып, қатысқандарыңызға көп рахмет айтамын.Сау - сәлемет болыңыздар.Келесі отырыста кездескенше!
Достарыңызбен бөлісу: |