Сабақтың тақырыбы: Тарихи тұлғалар Сабақ мақсаты: Алаш зиялыларының негізгі мақсатын тапсырмалар арқылы түсіндіру



Дата08.02.2023
өлшемі37.5 Kb.
#469279
түріСабақ
8.3.7.2


«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша 8 сынып оқушысының өзіндік жұмыс парағы

ІІІ тоқсан


7-тарау, 2-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тарихи тұлғалар
Сабақ мақсаты:
Алаш зиялыларының негізгі мақсатын тапсырмалар арқылы түсіндіру.


Тапсырмалар:

  1. Мәтінді оқы, мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.

Алаш зиялыларының саяси және рухани күресіндегі негізгі мақсат, орасан міндет, ол ұлтымызды ұйыстыру, сол арқылы елдігімізді айқындау десек, онда осындай ұланғайыр сауапты істің аясында ана тілімізді сақтау мәселесі тұрды. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш сияқты аса ірі қозғалыстың рухани тінінде қазақ тілі мәселесі ерекше орынға ие болды.
Біріншіден, Алаш азаматтары қазақ ғылымының төлбасы әрі арналы саласы ретінде ең алғаш болып тілтану ғылымының іргетасын қалады. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды, анағұрлым байытты. Үшіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Бұл құбылыс тиісінше әдеби тіліміздің көсемсөз жанрын дүниеге әкелді. Төртіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Бесіншіден, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды


Сұрақтар:

  1. Алаш зиялыларының саяси және рухани күресінің негізгі мақсаты не?

  2. Ана тілімізді неліктен ұлтты біріктіруші күш деп таныды?


  1. Мәтін бойынша түсінгеніңді «ПОПС» формуласына сал.

«ПОПС» формуласы
• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

Дескриптор:




Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды

2

Сұрақтарға жауап береді

2

Мәтін бойынша түсінгегін «ПОПС» формуласына салады.

6



Кері байланыс. Тапсырманы орындап, Classroom- ға тіркеңдер.


СӘТТІЛІК!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет