Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты



бет2/5
Дата28.11.2023
өлшемі138.23 Kb.
#484616
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тарбие сагаты Айгерим

Айтар әнім- сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика әнұраным.
(Әнұран орындалады)
«Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама» кезінде 1 млн қазақ қаза болды, «1916 - 1921ж аралығында 800 мың адам қырғынға ұшырады»;
«1930 - 1933ж Голощекиннің геноцид кезінде 2 млн 200 мыңдай қазақ аштан өлді»;
«Ұлы Отан соғысында 350 ұл - қызынан айырылған қазақ халқының саны 12% кеміді» мәліметтер интерактивті тақтада көрсетіледі.
Мұғалім: Армысыздар құрметті оқушылар!
Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас Қазақ даласы, Қазақ жері, Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңші.Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат - мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар - намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан - ұрпаққа үлгі.Осыдан 24 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Осы бір көтеріліске кім қатысқанын кім айта алады? Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Қысқаша өмірбаянынан мәлімет:
Қ. Рысқұлбеков, (кім айтады?)
Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков 1966 жылы 13 - наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, «Бiрлiк» ауылында дүниге келген. Қайрат Шу қаласына таяу жердегi Новотроицк (қазiргi Төле би) селосындағы шопан балаларына арналған мектеп - интернатта оқыған. 1983 жылы Киров атындағы орта мектептi бiтiрiп, ауылында жұмысшы болып iстейдi. Ал, 1984 – 1986 жылдары әскерге барып, азаматтық борышын өтеп қайтады. 1986 жылы №33635 әскери бөлiмшесiнiң кепiлдiгiмен Алматы сәулет - құрылыс институтына оқуға түседi. Желтоқсан көтерiлiсiне қатысқаны үшiн Совицкийді өлтірдің деп жазықсыз жала жабылып, өлiм жазасына кесiледi. Кейiннен бұл жаза 20 жылдық кесiмге ауыстырылды. Қайраттың хаты: Бақ түссе - маңдайымнан, тас түссе - талайымнан, көріп алдым, маған өлім қорқынышты емес, өйткені адалдығым одан биік тұр. Әнеукүнгі кездесуде менің «приговорымды» алдыңдар ма? Талғаттың суретін неғып тастап кетпедіңдер. Ақша салып кеттіңдер ме? Келесіде Талғаттың, Рахат пен Асхаттың суреттері болса, ала келіңдер. Кездесуге кірер алдында, бір тал роза гүлін ала келіңдерші. Скоро мейрам ғой. Жазмыштан озмыш жоқ. Барлық таныстарға, туыстарға, достарға менен сәлем. Беттеріңнен сүйдім. Сәлеммен Қайрат. 1988 жылы Қайраттың камерасынан оның өлi денесi табылғанымен, құпия қазаның арты ашылмады. 1996 жылы Қайрат Рысқұлбековке елiмiздiң ең жоғары наградасы – «Халық Қаһарманы» атағы берiлдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет