Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй. Уақытша тұратын орын (қонақ үйлер, интернаттар, жатақханалар). Үйдің және мектептің мекен-жайлары



Дата30.05.2023
өлшемі37.5 Kb.
#474499
түріСабақ
Тұрғын үй. Уақытша тұратын орын (қонақ үйлер, интернаттар, жатақханалар). Үйдің және мектептің мекен-жайлары


Күні: 27.03
Мұғалім: С.А. Баймағамбет
Сабақтың тақырыбы: Тұрғын үй. Уақытша тұратын орын (қонақ үйлер, интернаттар, жатақханалар). Үйдің және мектептің мекен-жайлары
Сынып: 5
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға тұрғын үйдің ерекшелік сипаттары туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларға теориялық алған білімдерін күнделікті тіршілікте пайдалана білуге үйрету;
Тәрбиелік: оқушыларды тәртіптілікке, қарым-қатынас мәдениетіне, өзіне деген сенімділігіне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: буклет
Пәнаралық байланыс: бейнелеу
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару. Жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.
ІІ Жаңа сабақ
Үй бұл адамның демалып, өмір сүретін орны. Пәтерді жабдықтау өте күрделі, жауапты жұмыс. Бұл арнайы біліммен қоса талғамды, әдемілікті сезінуді, анық аналитикалық ақылды талап етеді. Үйді отбасындағы әрбір адам бір-біріне кедергі келтірмей, өз жұмысымен еркін айналыса алатындай етіп жабдықтау керек.
Пәтер бөлмелерден, асүйден, кіреберістен және қабырға шкафтарынан тұрады.
«Интерьер» француз тілінен аударғанда – «ішкі» деген мағынаны береді. Жабдықтауда интерьерге қойылатын негізгі талап – үй ішінің ыңғайлы және әдемі болуын қамтамасыз ету.
Асүй. Асүйді жабдықтағанда мүмкіндігінше кең (ас әзірлеуге көп орын керек), жинауға ыңғайлы болуына мән беріледі. Бұл үшін асүйдегі негізгі төрт элементтің арасында дұрыс байланыс орнату керек: азық-түлік дайындайтын, азық-түлік сақтайтын, ас әзірлейтін, ыдыс-аяқты жуып-кептіретін орындар.
Жұмыс үстелін плита мен ыдыс жуғыштың ортасына орналастырған дұрыс (бәрінің биіктігі бірдей болуы керек).
Асүй керек-жарақтарын аспалы шкафтарға қояды. Плитаның үстіне тартқыш, желдеткіш орнатылады.
Тоңазытқышты да модульді шкаф түрінде құрастыруға болады.
Асүй ас әзірлеумен қатар тамақтанатын орын болса, ортаға үстел мен орындықтар қойылады.
Жаңа жиһаз бен ескі жиһазды үйлестіріп қоюға да болады. Ұлттық нақышта жасалған бұйымдар үйге ерекше сән беріп тұрады.
ІІІ Жаңа сабақты бекіту

  1. Интерьер дегеніміз не?

  2. Асүйге қойылатын талаптар қойылады?

  3. Асүйде айлабұйымдар не үшін керек?

  4. Олардың рөлі қандай?

  5. Қолайлылық, әдемілік, жайлылық дегенді қалай түсінесіңдер?

ІҮ Үйге тапсырма. ҮТБ
ҮІ Оқушының білімін бағалау. Баға қою.
ҮІІ Рефлексия
ҮІІІ Жұмыс орнын ретке келтіру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет