р/с
|
Сабақтың тақырыптары
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары
|
Оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
|
Оқып-үйренудің нәтижесі
|
Үйрену мақсатында бағаны қоса, бағалау
|
Барлығын қосқанда
|
Негізгі дерек көздері
|
1
|
Оксидтер
|
Оксидтердің түрлері, атаулары, қасиеттері туралы білім беру, оксидтердің қолданылуы туралы өз бетімен ізденуге дағдыландыру
|
1.Графикалық тест
2.ДЖИГСО әдісі-топтық жұмыс
3.«Жолдама қағаздары» әдісі арқылы тапсырмалар
4.«Сұрақтары бар қорап» әдісі
|
Оксидтердің түрімен, олардың химиялық қасиеттерімен танысады. Қолданылуының өмірде маңыздылығын түсінеді. Берілген тапсырмаларды топта талқылап бірлесе жұмыс жасайды.
|
Жиынтық бағалау,
Оқушыларды ынталандыру мақсатында «Бас бармақ» әдісімен бағалау
|
Оқушыларға топта тапсырмалар беру арқылы сабаққа оқушыларды түгел қатыстыру
|
Постер, маркер, оқулық, электрондық оқулық 8 сынып
|
2
|
Қышқылдар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы. Индикаторлар. Бейтараптану реакциялары. Қышқыл жаңбыр туралы түсінік
|
Қышқылдардың құрамын, жіктелуін және химиялық қасиеттерін сипаттайтын химиялық реакция теңдеулерін жаза білуге баулу, индикатторлардың қышқылға әсері туралы білімдерін бір жүйеге келтіру,
қышқыл жаңбыр туралы ізденіс жұмыстарымен айналысуға дағдыландыру
|
1.«Сұрақтары бар қорап» әдісі
2.ДЖИГСО әдісі
3.Сематикалық карта
4.Тест жұмысы
5.Шығармашылық жұмыс
6. Қызықты тапсырмалар
|
Қышқылдардың түрімен, қасиеттерімен танысады. Химиялық қасиеттері, алынуының реакция теңдеулерін жазады. Қышқылдардың тұрмыстағы, медицинадағы маңыздылығын біледі. Өз ойларын ашық айтады.
|
Оқушылар өздерін критерий бойынша бағалауды үйренеді, мұғалім өзінің бағалауымен салыстыра отырып жиынтық бағалау
|
Оқушылардың топтық жұмыстарын бақылау, сабаққа араласпай отырған оқушыларға қосымша тапсырмалар беру
|
Постер, маркер, оқулық, электрондық оқулық 8 сынып
|
3
|
Негіздер: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы
|
Негіздердің құрамы, аталуы, жіктелуі, қасиеттерімен таныстыра отырып,
негіздерге жан-жақты сипаттама беруге үйрету, өздігінен тапсымаларды орындауға дағдыландыру
|
1.«10 тест»
2.Сөзжұмбақ
3.ЖИГСО әдісі
4.Сәйкестендіру
5.«Кім жүйрік?»
6.Қызықты тапсырмалар
7.«Ортадағы қалам»
|
Негіздердің құрамын, жіктелуін ажырата алады, алынуының, химиялық қасиеттерінің реакция теңдеулерін жаза алады, тапсырмаларды өздіктерінен орындап, сыни ойлауға үйренеді.
|
Формативті бағалау (Оқушы тарапынан өзін-өзі бағалау парағы арқылы бағалау),
мұғалім тарапынан түзету,
қолдау, мадақтау
|
Сабаққа араласу деңгейлерін анықтау, қосымша іздендіру
|
Постер, маркер, оқулық, электрондық оқулық 8 сынып
|
4
|
Тұздар: құрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы
|
Тұздардың құрамы, жіктелуі, химиялық қасиеттері, алынуы туралы түсінік беру, формулалар құрастыру, есеп шығару дағыдыларын дамыта отырып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
|
1.Химиялық диктант
2. «Төртінші артық»
3. ЖИГСО әдісі
4.Сергіту
5.Оқулықпен жұмыс
6. «Зертеде, зерделе»
7. «Сұрақты қағып ал» әдісі
|
Тұздарға жан-жақты сипаттама бере алады, формулаларды құрастырып, есептер шығара алады, тақырып туралы негіз қалыптасып, өзін-өзі бағалау арқылы өзін-өзі реттей алады.
|
Критерийлер бойынша оқушылардың өзін-өзі бағалауы және топ басшыларының бағалауларымен салыстыра отырып, мұғалімнің жиынтық баға шығаруы
|
Оқушыларды бақылау, тапсырмаларды орындаған кезде бағыт беру
|
Постер, маркер, оқулық
|