«Өз елімнің тарихын танып білгім келеді!!!» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты:
-
Оқушылардың тарих пәнінен 5-7 сыныптар аралығында оқып білгендерін байқау, білім деңгейлерін анықтау.
-
Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
-
Оқушылардың тарих пәнін оқыта отырып Отансүйгіштікке, елжандылыққа, тарихи тұлғалардың еңбектерін оқи отырып еңбекқорлыққа, адамгершілікке. тарихи мұралар жайында, сәулет ескерткіштерін тани отырып эстетикалық тәрбиеге баулу.
Сабақтың түрі: зияткерлік ойын
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сынып бөлмесінің таза, жарық болуын қадағалау.
ІІ. Сабақ жоспары:
-
Таныстыру, Бәйге
-
Адамзаттың дамуы
-
Көкпар
-
Ғажайып төрттік
-
Сәулет өнері
-
Жорға
ІІІ. Өтілу барысы
-
Таныстыру Оқушылар өздерінің аты-жөнін, сыныбын айтып таныстыруы тиіс. Жалпы 7 «А,Ә,Б» сынып оқушыларынан 20бала қатысады.
-
Бәйге кезеңі. Оқушылар 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындау:
-
«Тарих» сөзін ең алғаш қолданған елді көрсет
а) түріктер б) өзбектер в) арабтар
-
Ежелгі тас ғасыры – палеолит қай жылдарды қамтиды.
а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл
-
Жаңа тас ғасыры – неолит қай жылдарды қамтиды.
а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл
-
Орта тас ғасыры – мезолит қай жылдарды қамтиды.
а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл
-
Мыс-тас ғасыры – энеолит қай жылдарды қамтиды.
а) б.з.б 3000-1800жж б) б.з.б 12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл
-
Қандай екі металдардың қоспасынан қола аламыз
а) мыс пен темір б) мыс пен қалайы в) мыс пен қорғасын
-
1946жылы басталған қола дәуірін жоспарлы зерттеу экспедициясын басқараған кім?
а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Байпақов
-
Тарихшы Мұхаммет Хайдар Дулати еңбегі қалай аталады?
а) Тарих и Рашиди б) Құдатғу Білік в) Тарихи шежірелер
-
Шығыс Қазақстаннан табылған «Шілікті алтын адамын» ашқан архиолог- этногроф кім?
а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Ә.Төлеубаев
-
Таңба ретінде заттың, өсімдіктің, жануарлардың, құстың суреті қолданылған жазудың көне түрі қалай аталады?
а) сына жазуы б) иероглифтер в) латын алфавиті
-
Іле Алатауының баурайынан таьылған «Есік обасының алтын адамын» тапқан кім?
а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Ә.Төлеубаев
-
Цин патшалығы өзінің шекарасын кімдерден қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырды?
а) ғұн б) грек-македондықтардан в) үйсіндерден
-
Махмуд Қашғаридың еңбегін көрсет
а) Диуани луғат ат-түрк б) Құдатғу Білік в) Тарих и- рашиди
-
Әлемнің Аристотельден кейінгі «екінші ұстазы» деп кімді атайды?
а) Герадот б) әл-Фараби в) Әбу Райхан Бируни
-
Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды ата?
а) Әбілқайыр хан б) Керей мен Жәнібек сұлтандар в) 3 Есім хан
Тесттен төмен бал алған 5 оқушы шығады.
-
«Адамзаттың шығу тарихы» сұрақтарға жауап беру
-
Алғашқы адамдар іздері қашан және қай жерден табылған? б.з.б 2,5-3млн жыл Азия мен Африкада өмір сүрген
-
Қазақстан аумағынан талған алғашқы адам іздері туралы не білесің? 1958ж Х Алпысбаев бастаған архэологтар Жамбыл облысы Қаратау маңынан 1 млн жыл бұрынғы іздері табылған.
-
Алғашқы адамдардың тарихи даму сатысын ата? Епті адам, тік жүретін, саналы адам
-
Епті адам өкілдері, қай жерден, қашан табылған? «Гоменид, австролопитек» - маймыл адам, Африка, Кения жеріндегі Олдувей шатқалы, 1млн750мың жыл бұрын өмір сүрген
-
Тік жүретін адам өкілдері туралы баянда? «Питекантроп»б.з.б.1млнж бұрын өмір сүрген, Ява аралынан табылған, «Синантроп» - Солтүстік Қытай жерінен б.з.б.500-200мың ж
-
Саналы адам өкілдері туралы не білесің? «Неандартальдық» Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен табылған , «кроманьендық» Францияның Кро-Маньон үңгірінен б.з.б 40-35 мың жыл
-
Шығыс Қазақстаннан табылған «Атын адам» туралы не білесің? Б.з.б 8 ғ ШҚО Зайсан ауданынан 3-Шілікті қорымындағы №1 оба, «Бәйгетөбе» жәдігері. Тапқан Әбдеш Төлеубаев. 4303 алтын қапсырмалармен киіндірген «Шілікті алтын адамы»
-
Есік обасынан табылған «Алтын адам» туралы не білесің? Алматының күншығысында 50 шақырым, Іле Алатауының баурайында.К. Ақышев ашқан, б.з.б 5-4 ғасырларға жататын 17-18 жас аралығындағы боз бала. 4000астам алтын қапсырма, 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша
-
Орталық Қазақстаннан табылған «Мұртты обалар» туралы не білесің? Орталық Қазақстаннан ерте темір дәуірінің ескерткіші «Мұртты обалар». Олардың 4 түрі кезедеседі, негізінен бағдаршам қызметін атқарған.
-
Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын жасау тәсілдерін ата? Ретуш, жапсырма, қыстырма
-
Көкпар - оқушылар «Тарихи ғылымдар» атты тақырыпта қойылған сұрақтарға жылдам жауап беруі қажет.
-
Тарих ғылымын зерттеудегі көмекші тарихи пән нумизматика нені зерттейді?
-
Тарихты зерттеудегі қосалқы тарихи пән геральдика нені зерттейді?
-
Тарихтың бір саласы антропология ғылымы нені зерттейді?
-
Этнография ғылымы нені зерттейді?
-
Археология ғылымы нені зерттейді?
-
Ономастика ғылымы нені зерттейді?
-
Ономастика ғылымы қандай салаларға бөлінеді?
-
Демография ғылымы нені зерттейді?
-
Ауызша тарихи деректерге не кіреді?
-
Жазбаша тарихи деректерге нені жатқызамыз?
-
Ғажайып төрттік «Тарихи дәуірлер» ойыны
-
Тас дәуірі
-
Палеолит – ежелгі тас дәуірі
-
Мезолит – орта тас ғасыры
-
Неолит – жаңа тас ғасыры
-
Қола дәуірі
-
Энеолит – мыс-тас ғасыры
-
Қола дәуірі
-
Андронов мәдениеті
-
Темір дәуірі
-
Түркі дәуірі
-
Түрік қағанаты
-
Түргеш қағанаты
-
Оғыз мемлекеті
-
«Сәулет өнері» кезеңі қалған 4 оқушы 6 ұяшыққа жасырынған сәулет өнері ескерткіштері туралы өз білгендерін айтады.
-
Айша бибі кесенесі
-
Бабаджа қатын кесенесі
-
Қожа Ахмет Йасауи кесенесі
-
Шығыс моншасы
-
Ақыртас қамалы
-
Сардобалар
-
«Жорға» кезеңі «Ежелден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» қалған 2 оқушы сұрақтарға жауап береді:
-
Жалпы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? 4
-
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңбері. Б.зVІ- ХVІІғғ
-
Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі? 552-603жж
-
Түрік қағанатының негізгі этникалық құрамы? 30дан аса теле тайпасы енген.
-
Батыс түрік қағанаты өмір сүрген мерзімі? 603-704жж
-
Батыс түрік қағанатының этникалық құрамы? «он-оқ будун»:5 дулу, 5 нушеби тайпалары
-
Батыс түрік қағанатының 2 астанасын ата? Шу өзенінің бойындағы Суяб пен Жазғы ордасы Мыңбұлақ
-
Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі? 704-756жж
-
Қарлұқ қағанатының этникалық құрамы Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарына қарағанда: тоғыз тайпа- үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси.
-
Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. ІХғ соңы-ХІғ ортасы
-
Оғыз мемлекетінің орталығы Янгикент (Жаңа Гузия)
-
Қимақ қағанатының орталығы Имақия, екінші астанасы Карантия
-
Қарахан мемлекетінің негізін қалаған хан Сатұқ Боғра-хан
-
Қарахан мемлекетінің орталығы Баласағұн қаласы
-
қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі ХІ-ХІІІғғ
-
Марапаттау
«Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
7 сынып оқушылар арасындағы
«Өз елімнің тарихын танып білгім келеді!»
атты интеллектуалды ойынға
белсене қатысып
______жүлделі орын алғаны
үшін марапатталады
Мектеп директоры Ж. Құлахметова
Директордың оқу
ісі жөніндегі орынбасары Р. Кусайнова
Тарих пәнінің мұғалімі А. Бейсембаева
-
1465-1466 жылдарда Керей мен Жәнібек сұлтандар Әлілқайыр хандығы немесе тарихта «Көшпелі өзбектер» атанған хандықтан бөлініп Батыс Жетісу жері Қозыбасы даласында алғаш қазақ хандығының туын тіккен.
-
Қазақ хандығының атақты хандары: Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Әбілқайыр, Абылай хандар.
-
Қазақтың заң жүйесі: Қасым хан (1511-1523ж) жазған елде «Қасым ханның қасқа жолы» атанған заң. Есім хан (1598-1628жж) жазған «Есім ханның ескі жолы» атанған заң. Тәуке хан (1680-1715жж) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қосылуымен ханның басшылығымен «Жеті жарғы» заң жүйесі шығарылған.
-
1723-1725жж Қазақ - жоңғар соғысының салдарынан «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атты жұттың болуы, елдің соғыстан қырылуы.
-
1930-1932 жылдар Кеңес үкіметінің салғырт саясатының негізінде, «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» кесірінен алапат айтық. Қазақ халқының 49пайызы аштан қырылды.
-
1941-1945жж Қазақ халқының «Ұлы Отан соғысына» қатысуы. Ержүрек батырлар : Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы т.б өте көп.
-
1954-1956жж Қазақ даласында «Тың көтеру жылдары», Кеңес үкіметінің құрамындағы дүнген, корей, ұйғыр, орыс, украйн, неміс халықтарын күштеп қазақ жеріне қоныстандыру.
-
1986жж 16-17 желтоқсан қазақ жастарының Кеңес үкіметінің салғырт саясатына өз қарсылықтарын білдіруі. Алматы алаңындағы «Желтоқсан оқиғасы». Ержүрек қыз-ұлдарымыз: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова
-
1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының алғашқы президенті саулау, 10 желтоқсан алғашқы елбасы Н. Назарбаев халық алдында ант беруі
-
1992ж мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимннің қабылдануы, 3 наурыз Бірікке Ұлттар Ұйымына мүшелікке ену.
-
1993ж 15 қараша төл ақшамыз теңгенім айналымға енуі. 28 қаңтар алғашқы Қазақстан Республикасының Конституциясы – АтаЗаңының қабылдануы.
-
1995ж ҚР Конституциясы нарықтық экономикаға байланыстырып қайта қабылдануы.
Бағалау парағы
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Бәйге
балл
|
Адамзаттың шығуы
5ұпай
|
Көкпар
5 ұпай
|
Ғажайып төрттік
10-20ұп
|
Сәулет өнері
10-20ұп
|
Жорға
1д/ж-1ұпай
|
Барлық балл
|
Қорытынды
орындары
|
1
|
Таңшолпан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
А. Шұғыла
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
Алдияр
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Сержан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Айзада
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Айзат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Аружан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8
|
Гүлдана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Ақбұлт
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Нәби
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Бақытжан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Балжан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
13
|
Шуақ
|
|
|
|
|
|
|
|
|
14
|
Әділет
|
|
|
|
|
|
|
|
|
15
|
Қуаныш
|
|
|
|
|
|
|
|
|
16
|
Диана
|
|
|
|
|
|
|
|
|
17
|
Гүлзат
|
|
|
|
|
|
|
|
|
18
|
Жәнібек
|
|
|
|
|
|
|
|
|
19
|
Бекзада
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20
|
Қ. Шұғыла
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Әділқазы мүшесі_____________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |