Сабақтың түрі: зияткерлік ойын Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта Сабақтың барысы



Дата16.06.2016
өлшемі135.94 Kb.
#139371
түріСабақ
«Өз елімнің тарихын танып білгім келеді!!!» атты интеллектуалды ойын

Мақсаты:



  1. Оқушылардың тарих пәнінен 5-7 сыныптар аралығында оқып білгендерін байқау, білім деңгейлерін анықтау.

  2. Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушылардың тарих пәнін оқыта отырып Отансүйгіштікке, елжандылыққа, тарихи тұлғалардың еңбектерін оқи отырып еңбекқорлыққа, адамгершілікке. тарихи мұралар жайында, сәулет ескерткіштерін тани отырып эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: зияткерлік ойын

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сынып бөлмесінің таза, жарық болуын қадағалау.

ІІ. Сабақ жоспары:

  1. Таныстыру, Бәйге

  2. Адамзаттың дамуы

  3. Көкпар

  4. Ғажайып төрттік

  5. Сәулет өнері

  6. Жорға

ІІІ. Өтілу барысы

  1. Таныстыру Оқушылар өздерінің аты-жөнін, сыныбын айтып таныстыруы тиіс. Жалпы 7 «А,Ә,Б» сынып оқушыларынан 20бала қатысады.

  2. Бәйге кезеңі. Оқушылар 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындау:

  1. «Тарих» сөзін ең алғаш қолданған елді көрсет

а) түріктер б) өзбектер в) арабтар

  1. Ежелгі тас ғасыры – палеолит қай жылдарды қамтиды.

а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл

  1. Жаңа тас ғасыры – неолит қай жылдарды қамтиды.

а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл

  1. Орта тас ғасыры – мезолит қай жылдарды қамтиды.

а) б.з.б. 2,6млн-б.з.б 12 мың жыл б) б.з.б12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл

  1. Мыс-тас ғасыры – энеолит қай жылдарды қамтиды.

а) б.з.б 3000-1800жж б) б.з.б 12-5 мың жыл в) б.з.б 5-3 мың жыл

  1. Қандай екі металдардың қоспасынан қола аламыз

а) мыс пен темір б) мыс пен қалайы в) мыс пен қорғасын

  1. 1946жылы басталған қола дәуірін жоспарлы зерттеу экспедициясын басқараған кім?

а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Байпақов

  1. Тарихшы Мұхаммет Хайдар Дулати еңбегі қалай аталады?

а) Тарих и Рашиди б) Құдатғу Білік в) Тарихи шежірелер

  1. Шығыс Қазақстаннан табылған «Шілікті алтын адамын» ашқан архиолог- этногроф кім?

а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Ә.Төлеубаев

  1. Таңба ретінде заттың, өсімдіктің, жануарлардың, құстың суреті қолданылған жазудың көне түрі қалай аталады?

а) сына жазуы б) иероглифтер в) латын алфавиті

  1. Іле Алатауының баурайынан таьылған «Есік обасының алтын адамын» тапқан кім?

а) Ә. Марғұлан б) К. Акышев в) Ә.Төлеубаев

  1. Цин патшалығы өзінің шекарасын кімдерден қорғау үшін Ұлы Қытай қорғанын салдырды?

а) ғұн б) грек-македондықтардан в) үйсіндерден

  1. Махмуд Қашғаридың еңбегін көрсет

а) Диуани луғат ат-түрк б) Құдатғу Білік в) Тарих и- рашиди

  1. Әлемнің Аристотельден кейінгі «екінші ұстазы» деп кімді атайды?

а) Герадот б) әл-Фараби в) Әбу Райхан Бируни

  1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандарды ата?

а) Әбілқайыр хан б) Керей мен Жәнібек сұлтандар в) 3 Есім хан

Тесттен төмен бал алған 5 оқушы шығады.



  1. «Адамзаттың шығу тарихы» сұрақтарға жауап беру

    1. Алғашқы адамдар іздері қашан және қай жерден табылған? б.з.б 2,5-3млн жыл Азия мен Африкада өмір сүрген

    2. Қазақстан аумағынан талған алғашқы адам іздері туралы не білесің? 1958ж Х Алпысбаев бастаған архэологтар Жамбыл облысы Қаратау маңынан 1 млн жыл бұрынғы іздері табылған.

    3. Алғашқы адамдардың тарихи даму сатысын ата? Епті адам, тік жүретін, саналы адам

    4. Епті адам өкілдері, қай жерден, қашан табылған? «Гоменид, австролопитек» - маймыл адам, Африка, Кения жеріндегі Олдувей шатқалы, 1млн750мың жыл бұрын өмір сүрген

    5. Тік жүретін адам өкілдері туралы баянда? «Питекантроп»б.з.б.1млнж бұрын өмір сүрген, Ява аралынан табылған, «Синантроп» - Солтүстік Қытай жерінен б.з.б.500-200мың ж

    6. Саналы адам өкілдері туралы не білесің? «Неандартальдық» Өзбекстандағы Тесіктас үңгірінен табылған , «кроманьендық» Францияның Кро-Маньон үңгірінен б.з.б 40-35 мың жыл

    7. Шығыс Қазақстаннан табылған «Атын адам» туралы не білесің? Б.з.б 8 ғ ШҚО Зайсан ауданынан 3-Шілікті қорымындағы №1 оба, «Бәйгетөбе» жәдігері. Тапқан Әбдеш Төлеубаев. 4303 алтын қапсырмалармен киіндірген «Шілікті алтын адамы»

    8. Есік обасынан табылған «Алтын адам» туралы не білесің? Алматының күншығысында 50 шақырым, Іле Алатауының баурайында.К. Ақышев ашқан, б.з.б 5-4 ғасырларға жататын 17-18 жас аралығындағы боз бала. 4000астам алтын қапсырма, 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша

    9. Орталық Қазақстаннан табылған «Мұртты обалар» туралы не білесің? Орталық Қазақстаннан ерте темір дәуірінің ескерткіші «Мұртты обалар». Олардың 4 түрі кезедеседі, негізінен бағдаршам қызметін атқарған.

    10. Алғашқы адамдардың еңбек құралдарын жасау тәсілдерін ата? Ретуш, жапсырма, қыстырма

  2. Көкпар - оқушылар «Тарихи ғылымдар» атты тақырыпта қойылған сұрақтарға жылдам жауап беруі қажет.

  1. Тарих ғылымын зерттеудегі көмекші тарихи пән нумизматика нені зерттейді?

  2. Тарихты зерттеудегі қосалқы тарихи пән геральдика нені зерттейді?

  3. Тарихтың бір саласы антропология ғылымы нені зерттейді?

  4. Этнография ғылымы нені зерттейді?

  5. Археология ғылымы нені зерттейді?

  6. Ономастика ғылымы нені зерттейді?

  7. Ономастика ғылымы қандай салаларға бөлінеді?

  8. Демография ғылымы нені зерттейді?

  9. Ауызша тарихи деректерге не кіреді?

  10. Жазбаша тарихи деректерге нені жатқызамыз?

  1. Ғажайып төрттік «Тарихи дәуірлер» ойыны

  1. Тас дәуірі

  • Палеолит – ежелгі тас дәуірі

  • Мезолит – орта тас ғасыры

  • Неолит – жаңа тас ғасыры

  1. Қола дәуірі

  • Энеолит – мыс-тас ғасыры

  • Қола дәуірі

  • Андронов мәдениеті

  1. Темір дәуірі

  • Сақтар

  • Үйсіндер

  • Ғұндар

  1. Түркі дәуірі

  • Түрік қағанаты

  • Түргеш қағанаты

  • Оғыз мемлекеті

  1. «Сәулет өнері» кезеңі қалған 4 оқушы 6 ұяшыққа жасырынған сәулет өнері ескерткіштері туралы өз білгендерін айтады.

    1. Айша бибі кесенесі

    2. Бабаджа қатын кесенесі

    3. Қожа Ахмет Йасауи кесенесі

    4. Шығыс моншасы

    5. Ақыртас қамалы

    6. Сардобалар

  2. «Жорға» кезеңі «Ежелден бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» қалған 2 оқушы сұрақтарға жауап береді:

  1. Жалпы Қазақстан тарихы неше кезеңге бөлінеді? 4

  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңбері. Б.зVІ- ХVІІғғ

  3. Түрік қағанатының өмір сүрген мерзімі? 552-603жж

  4. Түрік қағанатының негізгі этникалық құрамы? 30дан аса теле тайпасы енген.

  5. Батыс түрік қағанаты өмір сүрген мерзімі? 603-704жж

  6. Батыс түрік қағанатының этникалық құрамы? «он-оқ будун»:5 дулу, 5 нушеби тайпалары

  7. Батыс түрік қағанатының 2 астанасын ата? Шу өзенінің бойындағы Суяб пен Жазғы ордасы Мыңбұлақ

  8. Түргеш қағанатының өмір сүрген мерзімі? 704-756жж

  9. Қарлұқ қағанатының этникалық құрамы Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарына қарағанда: тоғыз тайпа- үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси.

  10. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген мерзімі. ІХғ соңы-ХІғ ортасы

  11. Оғыз мемлекетінің орталығы Янгикент (Жаңа Гузия)

  12. Қимақ қағанатының орталығы Имақия, екінші астанасы Карантия

  13. Қарахан мемлекетінің негізін қалаған хан Сатұқ Боғра-хан

  14. Қарахан мемлекетінің орталығы Баласағұн қаласы

  15. қыпшақ хандығының өмір сүрген мерзімі ХІ-ХІІІғғ

  1. Марапаттау

«Новопокровка орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7 сынып оқушылар арасындағы

«Өз елімнің тарихын танып білгім келеді!»

атты интеллектуалды ойынға

белсене қатысып

______жүлделі орын алғаны

үшін марапатталады

Мектеп директоры Ж. Құлахметова


Директордың оқу

ісі жөніндегі орынбасары Р. Кусайнова



Тарих пәнінің мұғалімі А. Бейсембаева


  1. 1465-1466 жылдарда Керей мен Жәнібек сұлтандар Әлілқайыр хандығы немесе тарихта «Көшпелі өзбектер» атанған хандықтан бөлініп Батыс Жетісу жері Қозыбасы даласында алғаш қазақ хандығының туын тіккен.

  2. Қазақ хандығының атақты хандары: Керей хан, Жәнібек хан, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Әбілқайыр, Абылай хандар.

  3. Қазақтың заң жүйесі: Қасым хан (1511-1523ж) жазған елде «Қасым ханның қасқа жолы» атанған заң. Есім хан (1598-1628жж) жазған «Есім ханның ескі жолы» атанған заң. Тәуке хан (1680-1715жж) Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің қосылуымен ханның басшылығымен «Жеті жарғы» заң жүйесі шығарылған.

  4. 1723-1725жж Қазақ - жоңғар соғысының салдарынан «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» атты жұттың болуы, елдің соғыстан қырылуы.

  5. 1930-1932 жылдар Кеңес үкіметінің салғырт саясатының негізінде, «Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру» кесірінен алапат айтық. Қазақ халқының 49пайызы аштан қырылды.

  6. 1941-1945жж Қазақ халқының «Ұлы Отан соғысына» қатысуы. Ержүрек батырлар : Әлия Молдағұлова, Маншүк Маметова, Хиуаз Доспанова, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Бауыржан Момышұлы т.б өте көп.

  7. 1954-1956жж Қазақ даласында «Тың көтеру жылдары», Кеңес үкіметінің құрамындағы дүнген, корей, ұйғыр, орыс, украйн, неміс халықтарын күштеп қазақ жеріне қоныстандыру.

  8. 1986жж 16-17 желтоқсан қазақ жастарының Кеңес үкіметінің салғырт саясатына өз қарсылықтарын білдіруі. Алматы алаңындағы «Желтоқсан оқиғасы». Ержүрек қыз-ұлдарымыз: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова

  9. 1991 жыл 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының алғашқы президенті саулау, 10 желтоқсан алғашқы елбасы Н. Назарбаев халық алдында ант беруі

  10. 1992ж мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба, Гимннің қабылдануы, 3 наурыз Бірікке Ұлттар Ұйымына мүшелікке ену.

  11. 1993ж 15 қараша төл ақшамыз теңгенім айналымға енуі. 28 қаңтар алғашқы Қазақстан Республикасының Конституциясы – АтаЗаңының қабылдануы.

  12. 1995ж ҚР Конституциясы нарықтық экономикаға байланыстырып қайта қабылдануы.


Бағалау парағы




Оқушының аты-жөні

Бәйге

балл

Адамзаттың шығуы

5ұпай

Көкпар

5 ұпай

Ғажайып төрттік

10-20ұп

Сәулет өнері

10-20ұп

Жорға

1д/ж-1ұпай

Барлық балл

Қорытынды

орындары

1

Таңшолпан

























2

А. Шұғыла

























3

Алдияр

























4

Сержан

























5

Айзада

























6

Айзат

























7

Аружан

























8

Гүлдана

























9

Ақбұлт

























10

Нәби

























11

Бақытжан

























12

Балжан

























13

Шуақ

























14

Әділет

























15

Қуаныш

























16

Диана

























17

Гүлзат

























18

Жәнібек

























19

Бекзада

























20

Қ. Шұғыла

























Әділқазы мүшесі_____________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет