Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы


Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты



бет6/7
Дата08.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#122868
1   2   3   4   5   6   7

Ата жолының басты парыздары мен бабалар аманаты; Біреуге келген нөсерлеп, Дүние, байлық-бекер, боқ! Нәпсіні тыйсаң «мекер» деп- Бірінші парыз өтелмек! Сипасаң басын жетімнің, Құрғатсаң жасын жесірдің! Көкірегін бассаң кесірдің- Екінші парыз өтелмек! Өтірік, өсек айтпасаң, Тәлім-сауап жаттасаң, Анаңның сүтін ақтасаң- Үшінші парыз өтелмек! Адам боп жүріп бағы асқан, Кембағал жанға қарассаң, Момынды жақтап жақ ашсаң-Төртінші парыз өтелмек! Бағыштап Құран өткенге, Көпір салсаң өткелге, Риза болса көп пенде-Бесінші парыз өтелмек! Алдым деп жанды сауғаға, Жүрсеңіз іштей тәубада, Сенде бір сопы-маулана, Алтыншы парыз өтелмек! «Көтерулі өкшеміз, Бақиға жақын кексеміз»,-деп ойлап құлдық етсеңіз-Жетінші парыз парыз өтелмек! Өткеннен алып өнеге, Жер кезіп, тау-тас аралап, Атаңнан мұра «ізді» ізде! Құрбан-деп малым, дүние, Табалсаң иман серікті, Иманың енді берікті! Кезекті парыз өтелмек! Ақ бата алып аруақтан, Уәдеңе опа етпесең, Амантты ақтасаң, надандықты жеңгенің! Тақуа болып мүләйім, Иманың болып уайым, Ақылмен, ғылым түсініп парқын, Сырлы сөз, үлгілі жауап, біліп нарқын, Салқындап жүрек, сарғайса санаң, Негізгі парыз өтелмек! Алла деп айт, пақырым! «Ата жол» жалғап көпірін, Сабырлықпен сарғайып, сағынып жеттің мұратқа! Тәубе де, баурым тәубе де! Алланың беген уәдесі, адамзатың ақ нұры, кездесерміз «шыр-ақтаАта жолының жалауы: «Сіздерде сопы боларсыз, Табатын жолды жанарсыз! Құдіретінен Құдайдың, Қалмаңыз достар хабарсыз- Сөзіме рух бер, Алла!» «Тарықанда тау-кие, Тұңғиықтан үн қатты; Кереметін әулие Мойындамау –биғат-ты! Пақыр жолы-қиналмақ, Құдіретке иланбақ. Лә-иллаһа иллалла! Лә-иллаһа иллалла! Нәпсі-оңай жау деме, Иман кәміл, тәубеде. Жаратушы жар болсын, Түсірместен әуреге! Біз Мұхаммед үмметі, Жол көрсетер сүннеті: Мұсылманның міндеті- Лә-иллаһа-иллалла! Лә- иллаһа иллалла Мұхамадур расулла!»

(Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы Бейбітшілік №6) 2010 маусым-2011 Сәуір айы.

ОЯН ҚАЗАҚ! АТА ЖОЛ КЕЛДІ ЕЛІҢЕ, ДӘСТҮРМЕН КІРЕР ЕЛІҢЕ БАҚПЕН ДӘУЛЕТІҢ!


Әулие -әмби назданып, ояншы қазақ балам деп, жер ана кетті қозғалып, Тылсымнан тау-кие үн қатты! Ат құйрығын бұлаған, Қол жеткен жерін сұраған. Егескен жауы жылаған, Қызыл тілін безеген, Найзасын тасқа егеген, Намысын жатқа бермеген, жесірін сипап басынан, жетімін түзеп жасынан, Ата мекен жер үшін, Атадан қалған аманат, Өткенен қалған өнеге, Бас кесеңде тіл кеспе, «Дат Қазақ!» деген билерден, Жүрекке жетсе қасиет, Тылсымнан жетті өсиет!

«Шексіздікте шекаралар бола ма? Болашағы адамзаттың қолда ма? Жаратылыс сырын ашу сұраққа, Надандыққа салу керек томаға.» «Адамзаттың мәңгілік бұтағы, Пенде менен аруақтан тұрады. Пенделердің ақыл, ойы ниеті, Аруақтың бастау алар бұлағы!» «Мақсатсыз жан, талапсыз жан кемтарлық, Мақсат қойып талаптанбау жалқаулық. «Таудай талап» жазылыпты маңдайға, «Бармақтай бақ» болады екен қандайда.» «Мақсатым сол, имандылық елі деп, Кең тараса мұсылмандық біні де, «Алла» барын мойындаса қазағым, Биіктерден тапса екен тұрағын.» (Тарыбев Қыдырәлі. 2-қаңтар 2001) Бұл ақ ұлымыздың ақ жолды қазақ елінде көшін бастап шыққандағы салған ұрандарынан үзінді ғана. Қазіргі таңдағы қазақ елінде болып жатқан дінді бөлшектеп, бір-бірімен ата жауындай арпалыстырып жатқан оқиғаларды ары қарай ушықтырып, басқа мұсылман елдеріндегідей жаратқанның лағынетіне қалмас үшін; Отанға, жеріне, ата-баба аманат, салт-дәстүріне, ұлтық құндылық үлгілеріне деген жүрегінде от болып жанбасада, титімдей жылу қалса, тоңмойын, мен білемін жасырып, бірлікке келіп, ортақ сұхбатқа жүгінер және әрбір пенде өзіне сын көзбен қарап, елдегі дін оқиғаларына бағасын беретін уақыт келді. Діннің бүтіндігі жоғалса, елдің бірлігі түгіл жартқанның несібесі тоқтап, арты қайғы- қасіретпен, қантөгіс оқиғалармен аяқталатынын ақылы сау адамға айқын нәрсе. Қазақ еліне бақ қонып, бірақ діндегі өзара сын, көркем сұхбатты шеттен келген «сығандар», қазақтың көп оқығанында болатын, қанға сіңген тәккәпалықпен, сыңар езулікті өз мақсатына пайдалана біліп, енді Құдайдың азап қылышының алдына басымызды өз еркімізбен ұсынып, шегінетін жер де қалған жоқ. Оған азаптың белгілері түсіп болды. Өткенді сараптап қателіктерді ескеріп бойымызды, болмысымызды өлшеп, сынап кемісін түзеп, жаратқанға жалбарына білсек Алланың рахымы шексіз екені ақиқат. Онда бүкіл қазақтың жасын да кәрісін де бей жай қалдырмай, талайды ұйқысынан оятқан, қаншама мәңгүттенген қазақпен, басқа ұлт өкілдерінде таң қалдырып, артынан қазақтың «данышпандарының» ызасы келіп соттатып, қудалатып тоқтатқанымен бәрібір діншілердің мазасын алып, ұйқысын қашырып, жалғасып жатқан «Ақ жол» болып басталып, «Ата жол» деп, діншілер пайымдауымен «секта» аталған кімдер? Дін бе, әлде адам баласының ойынан пайда болған табынушылықтың түрі «шерік қосушылар» яғни «кәпір, мүшкіріктер» ме? Егер Мұхамметтің үмметіміз деп мойындап, тілінде кәлимасы, аузында біссимилясі болса, дәреті түгіл, арам жеп жүрседе діні «мүшкіріктік» болуы мүмкін емес! Шариғат заңымен оны айтқан діншінің өзі кәпірге айналады. Ал пайғамбарды куәліке тартып, арамнан тиып, халықты жақсылыққа, ізгілікке, бірлікке шақырып, соған байланысты дінге зиян келтірмейтін хайыр жасағандарды «секта» немесе «серік қосушы» яғни діндегі өтірікшілер деп атағандар, онда өздері діннен шығып, «серік қосып» Алланың аяттарын жалғанға, өтірікке айналдырған зұлымдық жасаушы, залым дін бұзарлар ортақ қосушылар болып табылады. Бұл тұжырымдарды өтірік десеңіз Құранның қазақшасын бір ғана оқып қоймай кемі 3-төрт жыл үзбей оқып көрсеңіз ғана түсінігі ашылады. Қош, енді «Ата жолының» тамыры негізі Адам-атадан бері қаланып, қағидасы Зәбурмен «құс тілі ғылымы» болып бекітіліп, бүкіл қағидасы Тәуратпен, Інжілде жазылып, жаратқанның бұлжымас үкімі екенін нақты дәлелдермен болашақта кітаптармен , қазақ елі емес бүкіл әлемге жариялайтын ғылымы бар екеніне әзірше уәдемен ғана шектелеміз. Уәде Құдайдың аманаты екенін ұмытпаңыз дінші болсаңыз. Әрбір діннің негізі киелі кітаптармен болашаққа берілген құпиялардың заман жетістігіне, адам жанының білімен кеңіп, сыйымдылығының да артып, сол айқын түсінікті болған аяттардың, шариғи үкімдердің бәрі қарсылық күнәні туындататынын яғни әрбір айқын болған аят, шариғи заң күнәнің ғана түсінгі болып табылатынын, дінші түгіл білімдімін деген, ақылы сау азаматқа да анық нәрсе. Енді соған байланысты кішігірім мейлі секта болсын, қандайда болсын топтар басшыларының, ескертушілерінің жол-жобасы, нұрландырушы кітабы яғни күнәдан ақталу қағидасы болу керек. Қазақ елінің діннің қазығы мешіт болып, үкіметімізде заң жүзінде бекітіліп, әлемге өзіміздің ұлтық дінімізді таныстырудамыз. Олай болса Шейх, Хазірет және дін ғалымдарының дін туралы, күнә және ақталу туралы пәтуаларын жете таныссақ қазақ елінің діннің толық бағытының нұрландырушы кітабы «Ханафи масхабы» болу керек. Халыққа таныстыруға тиісті дін ғалымдарының, тән, жан сүннетелуін рұхтың тазару, жетілуін қамтамасыз етіп, адам өмірінің тал бесіктен жер бесікке дейінгі тағдырының жобасы Ханафи масхабының «Құраны» болу шарт. Сол кітап арқылы елдегі дін заңының қадағалануын, бұзылмауын қадағалап, үкіметке ұсыныс беріп отыратын мешіт дін ғалымдарына бағынуымыз шарт. Осы тәртіппен енді еліміздегі әрбір діни топтар, секталардың көш басшыларының сүйенетін «Құраны» яғни ақыл кітабы «Сәниі» болса, оны негізгі киелі кітаптармен салыстыра отыра және ғылым жетістігімен, адамзаттың жанына қандай шабыт, қасиет, ізгілік, мейрімділік, өнер, еңбек ету қабілеттерін сіңіре алатына немесе керісінше зиян беретіне қарап, елге пайдалы, пайдасыз дін тобы екенін анықтаймыз. Бұл сараптаманы халық емес, несібесін артығымен беріп сыналып жатқан ел басшылары мен, ғалымдар, теолг, психолг ғұлама данышпандарының ортақ мәжілісі шығаруы керек. Және халықты пәтуалармен таныстырып, өзара баспасөз беттерінде көркем сөз пікірталастармен, халықтың ой пікірі де ескерілуі керек. Себебі аян, түс, уахи деген өмір талаптарына, жер бетінде діннің дамуы кемелденуін, жаңадан үкім, бұйрық уахилардың түсуімен нәсілдік белгілердің өзгеріп, қасиетті ұрпақтардың және кенеттен келетін сынақтардың қайталануына қарай халықтың арасында да қасиетті елші, ескертушілер пайда болатынын ескеру жаратқаннан берілген өзгермейтін діннің үкімі, парыз! Шындығында қазақ елінде осындай жаратқанның ескертулермен, және Құран аяттарының жаңадан сырының оқылуын, аяттардың құпиясының заман өзгерісіне қарай ашылуын, соған байланысты күнәлардың кешірілуін, хикметті істердің сырын ұқтыратын пәтуа шығарып, дініміз дамып, ғылыммен сәйкес дамуда ма? Қарапайым сауаты бар қазақтың оңай көзі жететін дін ғалымдарының «философиялық» кітаптары бар ма? Бірақ бір ескеретін жағдай қазақтың қазіргі ата заңы бойынша, барлық дін туралы басылымдар міндетті түрде пәтуа беруші мешіт арқылы ғана бекітіліп барып, басылымға шығу керек. Болмаса жарамсыз, дұрыс емес дінге қарсылық деп табылып, үкімет тарапынан заңмен қудаланады. Яғни мешіт пәтуа берушілерінде пайғамбарлық қасиетті меңгеріп, Құдайдай әділ, білімдері барлық тағдыр өзгерісін қамтитын шексіз деген ұғымды білдіреді. Сондықтан тек мешіт пәтуасымен жүру керек деген бұйрықтың түпкі мағынасы, қазақ елінде сыртқы болмысы дін еркіндігін қалыптастырғанмен, белгілі бір топтың мақсатына, мүддесіне жұмыс істейтінін көрсетеді. Демек қазақта; Мешіт діндарлары пірің болып түсіңе кіріп, қателіктеріңді көрсетіп, тағдырыңды түзеп, Құдайдың ісін атқарушы, болмаса құдайдан былай емес. Діни «плюаризм», сөз еркіндігі қазақ дінінде мүлде жоқ керісінше «діни цензура», ішкі ой еркін шектеу қалыптасқан. Бұндай жағдайда, құран аяттарына, пайғамбар өсиеттеріне ортақ қосып, қазақ дін ғалымдары кәпір болды деген ұғымды білдіреді. Қазақ елінің үкімет басында дін істерін қадағалау және бақылауға бұйырылған әкім қараларды арқылы мақсат мүдесін анықтайтын халықтың мүддесіне, мәдениетіне, рухани өсуіне қаншалықты үлесін қосатынын ғылыми сараптан өткізіп, бағасын бере алатын бірде-бір мамандары болмай, діннің мешеулігі, қазақ елінің қазіргі таңдағы ішкі дін аралық қақтығыстарынан айқын көрінеді. Тек сыртқа жүнімізді қампайтып мақтанғанмен түбі тарих алдында, өсіп келе жатқан ұрпақ алдында ақиқат ақталып, надандық істерге жауап беретін уақытта таяп қалды. Біріншіден; қандайда бір дін тобының ішкі рухани сырын олардың амалдарын орындау және негізгі киелі кітаптар насихатымен салыстырып, зертеу арқылы анықтауға болады. Екіншіден; ғасырлар бойы қалыптасқан әр елдің тарихи оқиғаларға, сынақтарға ауру, індеттерге шаруашылықты басқару, тылсымнан қара күштің күнәнің әсерлерінен қорғану іс шаралары ата заңы болады. Ол заң, ел дінінің ірге тасы әдет-ғұрып, салт-дәстүріне келтіретін пайда, зиянына байланысты сарапталу керек. Үшіншіден; діннің ғылыми бағытын, даму барысын анықтау яғни тақуалық, сопылық мәнін, дәрежесін анықтау үшін жаратқаннан ұлықсат етілген әмір иелері; ислам діні бойынша, шейх, хазірет, сопы немесе теолг, психолг мамандары жартқаннан аян алу арқылы киелі кітап ғылымымен салыстыра отыра ортақ пәтуа жасауы керек. Қандай дінге де болсын көш басшысының жеке алатын аян, уахи, түс көру кітабы, құл қожалығы болып, соған байланысты еңбегі болмаса, онда жалған әмір иесі яғни адастырушы болып есептеледі. Бұл аталарымыздан, әулиелік, пайғамбарлық дәуірлерден келе жатқан дін ұстанымымыз. Және оның да жас мөлшері, яғни қырықтың қырқасынан асуы керек, болмаса ақылы толмаған және шайтанның ықпалына түсу қаупі сақталған, себебі еті тазарып, нәпсісі пісіп, діні кемелденіп қалыптаспаған болып саналады. Мешіт діншілерінің ұсынған жолы; тек намаз оқып, бес парызды өтеумен, үйлерде отырып алып иманды, ақылды шақырып алу. Және тек арап елінен барып бір-екі рет «Умра», қажылық жасап келсең тақуа және тура жолдасың дейді. Бұндай жалған нанымды дін тәккәпарлығы деп атайды. Ал рухани болмысы, мақсаты ақиретте намаз оқу арқылы, сыртқы күнәдан тазарып жаннаттық болу. Бұл құран және басқа кітаптардың ақирет заңдылығы, дін ғылымына мүлде қайшы, қате және үлкен адасушылық. Сондықтан қазақ елінің жалпы дін ұстанымында ішкі ой еркі шектеліп, тек сыртқы қылықтық бейнесі ғана қалыптасқан. Ой еркін шектеп, белгілі шеңберде құлыптап ұстаудан, жан өсіміне рухан азық тоқтап, адам баласының басқа тәсілдермен рухани азық іздеуін туындатып, діни топтарға бөлшектелуді ғана қалыптастырады. Осындай рухани жетімсіздіктен пайда болған бос орындарды толтыру мақсатында қалыптасқан қазақ жеріндегі көптеген тақуалық ағымдардың ең үздігі деп есептелетін және түркі елдеріндегі дәстүрлі дінің барлық қағидаларын алуға тырысып тақуалық, сопылық негіздерін жалғастырушы және Ханафи масхабын жетілдіруші топтардың бірі; «Нақшпандиліктер» намазбен қоса сұхбат, игілік, сабырды меңгеру арқылы тақуа, сопылық жолдамыз деп намазды зікірді өздерінше жетілдіріп орындаған болады. Бірақ құран насихатын меңгеруді, білімді тек ұстаз «пірлерінің» нұсқауымен ғана жүру керек деген ұғыммен, жолдан тосылған мақсаты бұлыңғыр, кемел адам қалыптаспайды. Себебі ұстазға табынғанмен, ем-шипа, тазару және рухани өліменен оятатын жеке құпия аян кітаптары жоқ, сондықтан тек ұстаз пәтуасына ғана жүгініп, «құдайдай» көріп, шоқынушылықты қалыптастырған. Құранның әрбір үкімінің сырының ашылуына аянына табынбаған, зерделеп пайғамбар сүннеттерімен салыстырып және жаңадан түскен, оқылған аяттармен дамытып, өз ара пікір, ғылыми өзгерістемен, шабытпен, біліммен жарысып отырмаған қандай да бір топ адасып, тақуалық дәрежелердің бірін меңгергенмен, дін ғылымының дамуынсыз, Мұса пайғамбарымызға түскен жеке кітап, жынды бағындырып, бақсылық істерді меңгермей, сопылықтың ауылына жол түгіл ізде таба алмайды. Жалпы қазақ діншілері бойынша біз тек Ханфи масхабымен ғана жүріп намаз оқып қана күнәден ақталуымыз керек, құранды тек арапша білетін тілмаштардың түсінігімен, тәпсірімен ғана жүріп құранды жалпы көпшілік болып ортақ оқитын аударма да қажетті болып есептелмейді. Сондықтан дін ғалымдары қазақ тіл ғылымынан, сөзді тұрақтандыру «философиядан» қорғап, Абай-Шәкәрім еңбектерін түсінбей, қазақтың терең даналық сөздердің ұғымдарына бойлай алмаса да өздері тікелей жұлмалап аударып тәпсірлейді. Олай болса дін аудармашылықтарында ғалымдық жоқ, мақтампаздық, тәккапарлық қана бар. Дінде Құран аудармасының ортақ кітабын, жалпы халықтық үгітін мойындап, қалыптастырмақ түгіл; егер «Інжілді, Тәуратты білмесеңдер түк емесіңдер» деген құран аяттарына ортақ қосқанымызбен тұрмай,; «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғжиза неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен бір ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы бар.» (13-7) Осындай әр елге жол-жоба түсіремін, сонымен сыналасыңдар-деп те ескерткен аяттарды жалғанға шығару, Аллаға ортақ қосу үлкен зұлымдық және діншілер тарапынан халыққа жасалған залымдық. Ханафи атамыз да масхабта қазаққа жол басшы болуы мүмкін емес. Себебі арнаулы берілген, мұғжиза құран сырын, ғылымын ашқан қосымша кітабы да жоқ. Ол, ислам елдері үшін ортақ құлшылықтың намаздарды оқу және намаздарды орындаудың таза үлгісі. Бірақ тек Ханафи масхзабының шешімдерімен намаздарды толық орындау мүмкін емес. Себебі екі арадағы діннің «пассионарлық» даму кезеңін, үн, таңба, мәдениет, ғылым, білім жетістіктердің және соған байланысты күнәнің де жүздеген есеге көбейіп, тылсым қара күштерінің өсу заңдылығын қамту мүмкін емес, ақылға да қонымсыз. Олай болса бұл ұстаным дінді бөлшектеп, сананы өсіру түгіл халықтың рухани тұрақтылығын да қалыптастыра алмайды, заман ағымына, ойлау өркениетіне ілесе де алмайды. Қазіргі жас баланың ойлау дәрежесін, сол кездегі ғұламалар дәрежесімен салыстыруға болады. Сондықтан дін ғылымын дамытып құлшылықтың ірге тасын қалаушы ұстаздардың бірі ғана. Қазаққа берілген мұғжиза кітабы бар жол басшы Әзірет Сұлтан Құл Қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Бірақ оны түсіну үшін Ханафи масхабымен намаз оқып, бес парызды ғана орындау ширегіне де келмейді. Алла жолында өзіңмен нәпсіңмен соғысу тәсілдерін, шипагерлік, ғалым-сопылық яғни іргелі ғылымдардан хабардар және астарлы сөз құпияларын меңгеру үшін, періштелермен, құс тілінде сөйлесіп, көктегі ақ бұлақтан сусындау керек. Құранда; «Көкте жеті жол, және өздеріңде кедергіні асуға екі жолды көрсеттім»- дейді жаратушымыз. Олай болса адамзатқа берілген бүкіл діндер осы тоғыз жолда тоғысу шарт. Міне осы жолдың алғашқы қарлығашы «Ақ жолдың», жолда іздеп жүрген данышпандарға емес қарапайым адасқан, тәніндегі сөз жолдары жабылып, қайғы- қасіретке түскен халықтың арасына келуі және оған өз арамыздан елшінің тағайындалуы пайғамбарларымыз, періштелер армандаған мұғжиза еді. Осымен қатар түрлі ағымдардың бас көтеріп, бірінде құпия зікір, бірінде айқай зікір, бірінде пікір, бірінде үшкір, бірінде құр айқай, бірінде бата дегендей Шәкәрім атамыз ескерткендей; « Жардың шашы сансыз көп, Мен жарымда таптым деп, Бір-бір талдан ұстап жүр.». Дінге керекті барлық дұрыста, теріс те белгілер қазақ жерінде тоғыз жолда «жібек жолы» болып тоғысты. Сол жіптерді жалғап, өріп, кемісін толтырып, біріктіріп кетігін жамайтын мешіт дін ғұламалары болып, ғалымдарымыз ат салысып, үкіметіміз қолдағанда тура жолдың заманға, өркениетке, ғылымның үдісіне сай бейнесі қазақ жерінде қалыптасып, әлемге әйгілі елге айналып, бақ қонған халық болуымыз керек еді. Ақ ұлдың ата-жолының негізгі мақсатын көрсеткен, жол басшылық ұстанымын көсеткен «Өмір баспалдақтары» кітабынан «Тәрбие талғамы» деген өсиет өлеңінен үзінді келтірсек; «Елін сүю дәстүрі жоғалмаған, Ар-намысы қазақтың мәлім маған. Алдауға да көнетін аңқау халық, Ар-намысты таптауға бағынбаған. ...Ешкімнен кем емессің, басқадан, Ғарышта да қазақ тілі сайраған. Елі үшін алыстарға жол салған, Қаһарман Тоқтар, Талғат-сенің ағаң. Бойынан тәубашылдық арылмаған, Адалдық ақ ниеттен жаңылмаған. Кеңдігін қазағымның паш ету, Мақтан тұру аманат саған, балам. Мақтан тұт, кең байтақ жеріңді, Мақтан тұт, ұлы баба тегіңді. «Жақсы сөз-жарым ырыс» ескіден, Ақталсын ата жұртың сенімі. Қадір тұт, ана тілі, қасиетің, Елің менен жеріңді сүйіп өткің. Ата дәстүр, Ата жол сапарында, Атағын «Ата қазақ» биктеткін. ... «Елдің атын ер шығарар» біліп ал, Ар-намыс та адалдыққа табынар, Жақсыңды асыр, «өмір» атты тірлікте, Бар ғаламат бір Аллаға бағынар. Үлгі тұтар ата тегің, алыбың, Жақсылықты жалғастыру парызың. Күш-қайратты, ар-намысты биікттет, «Қазақ елің» алтын бесік, қазығың!.» Осы шағын жолдарға ғана қазақтың салт-дәстүрін сиғызып, елді бірлікке асыл дінімізге шақырған азаматтың артына шырақ алып түскен, «кәпір, секта» атап, халықтың арасына ірткі салғандар кімдер? Әлде Құдайдың құрығы жетпейді, жастар жетіліп, ертең ұрпағымның өзі бетіме түкірмейді деп ойлайды ма екен? Енді оған кім зұлымдық қылып, қазақтың керуен көшін тонап, Құдайдың сыйына кімдер қарсы шыққан? Бұған кінәлі тек мешіт діндарлары десеңіз қателесесіз. «Біріңді қазақ біріңді дос, көрмесең дүние бәрі бос» деп Абай атамыздың сәуегейлігі келді. Оған негізгі кінәлі бақты бағалай білмеген ақ жолдамыз деген біздердің де, араға кірген шайтанның қызметшілері ұраншылардың да үлесі бар. Сондай енді талпынып сынақтар арқылы өзін түзей бастаған елді «діни сауатсыздар» арап тілін білмегесін, дінді білмейді деген түрлі мікір-хайла, өсек аңдушылар арамыздан осындай шариғат түгіл адамдық, ұлттық арсыздықтардың, ұраншысы шайтан сыбайластарын тауып алды да соларды үлгі қылып жазып, халыққа қайта-қайта көрсетіп әйтеуір дегендеріне жетті. Өз көмекшілеріне сенім артқан аңқау ел басшымызды алдап түсірген, шайтанның басшыларының араларында жүргенін әлі кезге дейін білетін көретін де емес елдің сенім артқан әкім қаралары. Енді осы себептердің кейбіреулерінен ғана мысалдар беріп, жалпы тарихтың бағасын болашақтың үлесіне қалдырайық. Мұғжиза қалай басталды? Ақ ұл кім? Бәйгеге түскен тұлпардың жолын тосқан, балтасын жасырған «Батыраш пен Қотыраштар» кімдер болды? Бұл жағдайдың нәтижесі қалай болады? Болашақа не істегеніміз абзал деген сұрақтарға қысқа тоқтала кетейік. Осы болашақтың керуенінің көш басшысы болып танылатын «Ақ ұлымыз» енді иманы жолдас болғай; Қыдірәлі Тарыбаев, Момбай ұлы Ұзынағаш ауданы Жамбыл ауылында туып өскен азамат. Балалықтың да, жастықтыңда кезеңдерін бірге өткізген жолдастары алда өмір тарихы, осындай қасиетке қандай сынақтармен жаратқанның жетелеп әкелгені туралы болашақта жазыла жатар, әзірше осы қазақ жерінде жұлдыздай жарқ етіп өткен қысқа ғұмырындағы істердің ғана сыртқы бейнесіне куәлікте ғана бола аламын. Ақ ұлымыз осы ғұмырының жаратқаннан берілген тағы бір сый шабыттың пырағына мініп, ақ жолдың негізгі ұстаным қағидасын, және дінге өзінің көз қарасын өлеңмен бейнелеп кетіпті. Ол кітапты «Өмір баспалдақтары»деп атап ата жолының ішінде ғана таратылды. Әлі алда жалпы халыққа таныстыратын, дін ғалымдарының талқасына, талдауына түсіп бағасын беретін күн де жетер. Өмірінің жастайынан жетімдікпен тағдырдың қатаң сынына түскенін «Жалғыздық» атты өлеңінде; «Жаға» болған ағаны да көрмедім, «Кең тынысты» ініден де сезбедім. «Жалғыз» қылып жаратқанда құдайым, Кім жасауды мына менен көздедің? Жастайымнан жетімдіктің сүрлеуі, Көпшілікке көпшілдігім үлгі еді. Ауырпалық қаршадайын тосқанда, Кім болуды мына менен көздеді? Жан айқайын жалғыздықтың сезгенде, Сорлы жанның кейпіндемін шерменде. Жақын жаннан опасыздық көргенде, Аруаққа дау айтамын, өлгенге.» Бұл жолдардан жастайынан жапа шекен уақытарында тылсыммен, аруақтармен сырласып өскендігін, жаратқаннан берген ерекше қасиеттің осындай үлкен сынақтардан өту арқылы қонғанын түсінуге болады. Оны да мына жолдармен көрсетіп кетіпті: «Жетімдіктің сүрлеуінен өткізіп, Бойымдағы қайсарлықта баб тапты. «Жалғыз» қылып жаратқанда құдайым, Арқа сүйер пенделіктен сақтапты. Уақытша «жалғыздығым» сынақ бұл, Мақсатымда қолдап шығар халық тұр, Жүректегі жаралар да жазылар, Жанашырлар, жан достарым табылар.» Ақ ұлдың жанында талай достар да, атаққұмар ішкі есебі бар жандайшаптар да көп болды. Бірақ осындай жалпы адамзатқа келген үлкен көштің жүгін қоса көтерісетін атына заты сай, жамандықтан тосып, ақиреттік білімді меңгерген жан достың болғанын мен көре алмадым. Керісінше дүние тіршілігінің қызығымен, шәкірттер арасындағы әр түрлі бас араздықтар, дүние қоңыздық, жалған бәсекелестікті қалыптастырушылар ғана достары болып, тылсымнан келетін негізгі құпия ақпарттардың тоқтап, жүректің жабылуына ғана үлестерін қосты. Ал осындай тығырықтан шығаратын ақыл беретін дін ағалары мен әкім қаралары керісінше жағадан алып жерге тығудың ғана айла шарғыларын жасағаны ақиқат. Бұл жолдың қалай басталғанын; «Түс көрдім бірде, балалық өткен сол баққа, Мұражай үйдің артына таман сол жақта...Бейнесін көріп жүз жасаған атамның, Жолбарыс көзін көргендей болып жатамын. Сыры да неде, ұғымы неде-тұңғиық, Түсінбей менде тылсымға сұрақ қатамын... Бабамның берген батасы шығар бәлкім бұл, Түсіндім бірақ-«Батаны бала таптама!»... Бастайын Ата жолды туған елден, Ұл болып, кіндік қаным тамған жерден. Уақыт сыншыл болсын,-әділ қазы, Қолдашы қызыл жолбарыс, аян берген.» Бұл жолдардан тылсым сыры; Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарларымызға берілген таулардың үн қосуымен аң, құстардың ғайыптық бейнесі «киенің тілі» яғни құс тілінің үйретілуімен және үшінші көздің «жанарсыз көру», Сопы дәуріштік қасиетінің ашылуымен бастау алатынын көрінеді. «Өткеніңе үңілу-өзін білу, Өткеліне өткенмен бүгінгінің. Өткен тарих жолынан әсер алып, От боп жанды жүректе ұрпақ жалын.. Бас идім мазарына Арыстанбаб, Түнесін дейді екен ақтап алмақ. Күнәсін жуып-шайып пендешілік, Сезіндім бойымдағы жеңіл салмақ.» деп қазақтың намаз орындауы «заман басына» барып күнәдан, жүктермен, жүрек кірлерін кетіру үшін Арыстан бабаға түнеп, Түркістаннан барып тілеп, шежіре тарихқа жалғану арқылы ақталу намазының бүкіл халықтық дәстүрі қайта бас көтерді. «Ақ жол, ұстап киелі елдің ұрпақтары бүгінде, Құрбан шалды Сүйінбайдай пірі жатқан төрінде. «Бабалардың аруағы» қолдап тұрған киелі ел, Дінімізбен тілімізді кең таратар жерінде.» Ғасырлар тезінен өтіп қалыптасқан қазақтың ғұрпы болып, кейіннен Ясауи бабамыздан бастап исламның күнәдан ақталу, жер бетін кезіп, жер, көк есіктеріне жалғану арқылы жүректі тазарту амалдары яғни дініміздің дәстүрі болып түркі әлемінде ғана емес, бүкіл ислам әлемінің тура жолын қалыптастырып, қазығын қағып, жүздеген әули-әмбилер, әмір иелерін, хикметті істердің мектебін, жаңа заманның салтына сай қалыптастырып және бүкіл әлем дініне үлгі болу Ақ ұл арқылы қазақ халқына жүктелген еді. Сол көшті қалыптастырып, алыс ауылдардың өзінде ордалар ашылып, халықты күнәдан арылуға, өзіне сын көзбен қарап, қателігін түсініп, өмірін тазалыққа, адал еңбек етіп, ұмыт қалған ата-баба сал-дәстүрін қайта жаңғырту, аруақтан бата, ақыл алу көлемді түрде жүрді де. Бірақ көптеген саясатшылардың бір-бірімен бәсекелесі ақ жолға зиянын тигізбей қалған жоқ. Сол уақытта Құдайдың атын жамылған «Ақ жол» деген құраны жоқ құдайсыз партия құрылып, тексерулер жүріп амал жоқ Құранда ескертілген «ақ жол» көктегі сөз, бата, ақыл жолдарының жер жолдарымен қосылуын, белгісінен бас тартып, енді «Ата жолы» деп атауды ұйғарды. Бұл адамнан қорықандықтан емес әлі аяғын баса алмай жатқан сәбиді сақтау мақсатында болған шаруа еді. Құдайдың үкімін жамылып, партия құрған құдайсыздар өздері жауап берер залымдық, надандықтарына. Кезінде бұл туралы кітапқа жазыпта көрдім; «ақ жол партиясы бір баланың жолын, санасын ашып өсіріп көрсін» деп. Және сол уақытта аруақ жоқ ол «шерік қосу» яғни арам қосу деген өз рухын және құранды мазақтаған, шайтан адамдарының соғысына дем беруші жазушы, тілші де ата дәстүрін тәрік еткен де өз қазағымыз болды. Күнәден ақталудың, екінші сатысы ол емшілік істерімен тазару болатын. Сонан қасиет көздері ашылған ұл-қыздарымыз ата-бабамыздан қанымызға сіңген, Тәурат, Зәбур дінінің негізін қалайтын, құранда көрсетілген қамшы арқылы тәндегі теріс ақпараттарды еріксіз жағып, жүкті жеңілдету және етпен тері арасындағы шайтан үйлерін, ошақтарын, кенелерін (паразитті), өлтіріп, жанның сүнеттелуін қамтамасыз ететін бақсылық істерді; қамшы, аса таяқ т.б сияқты амалдарды да дін, үкімет тарапынан қудаланып, ордаларды аралап жүріп аласталып, тиым салынды. Жүрек ашу амалындағы алдымен қамшымен тазартып отыру да тоқтатылды. Себебі тәндегі дақтар, яғни адамның кенелері жанып, одан зиян келеді деген дәрігерлердің, жан танушы ғалымдардың әлемдік надандығы ғана. Бұл ақ жолдың алға қарай өркендеуіне, қасиетті аққу сұңқарлардың өз дәрежесіне, тәннің иістен тазарып тақуалық сатыларына көтерілуіне тосқауыл болды. Ең үлкен қасірет; Ақ ұлдың қолының теріс өрістермен арамданып, жүректің кірлеуіне, тылсымнан, көктен келетін негізгі құпия ақпардың тоқтауына соқтырды. Жүрек ашылатын пенделердің дәреттерін толық қалыптастырып, иістен тазартып, алдын ала шариғат үкімдерін толық орындауын қалыптастыратын үйретуге бұйырылған және соны қадағалауға тиісті ақ ұлдың көмекшілері керісінше, ақ жолдың негізгі бағытынан тайдыруға, әлсіретуге ғана көмектесті. Шариғат үкімдерін орындамайтын, қылықтары ата дәстүрге жат ортаға қандай ақылды, оқыған азаматтар барады? Аруақтардың жетелеуімен қасиетті осы тазартуға себепші болады деп енгізгендерді, аластап немесе өз дегендеріне көндіріп отырды. Сонымен ақ ұлымыз рухани жетімсіздікке ұшырап, жалғыз арпалысып бәрібір Ата жолының көшін алға сүйреуіне соған байланысты түрлі қарсы амалдарға баруына мәжбүр болды. Ал негізінен ақ жол үш кезеңнен, үш түрлі топтан тұрып өз-ара үлгі арқылы, пікір талас өнегелермен бір-бірінен үлгі алу арқылы біртұтасқа айналу керек еді. Алғашқы топ ақ жолдың негізін қалап, оларға тазалығына қарамай, ерекше хикметтер, жеңілдіктер берілген еді. Бұл топтың мақсаты халықты қарапайым өнегелермен, тіршілік арқылы намаздарды орындаумен, алғашқы тазару сатыларын меңгеруді яғни дәрет т.б шариғат амалдарының, діннің алғашқы негізін үйрету еді. Ал намаз оқу, тақуалық т.б шариғат амалдарының толық негізін қалыптастыратын екінші топта болды. Енді үшінші топтағылар құранның хикмет сырларын меңгеру жолында тура жолды толық жалғау үшін, тарихат амалдарын толықтырып әрі қарай адамның кемелденуін, сопылық істерді Ясауи жолын қалыптастыру мүмкіндігі берілді. Және бұл топқа ғалымдар, дінді зертеушілер, емшілікті толық меңгерушілер тартылу керек еді. Бірақ баспасөз, діншілердің, әкім қаралардың көзіне алғашқы көпшілік топтың өкілдері ғана көзге түсіп, солардың үлгісімен ақ жол бағаланып, қудаланып солай сотталды да. Осы топтардың арасын жалғап, біріне-бірін үлгі қылып, ақ жолдың ақпараттық ғылым, білімдік үлгісін дәріптеп, халыққа, елімізге келген бақтың толық болмаса жетістігін көрсетіп, біріңғай ақпартық жүйені қалыптастырып, ақ ұлдың ісін кеңітіп, жәрдем беруге тиісті аманат алған орынбасарлардың білімсіздік, надандықтың, берілген жеңілдіктің соңында кетіп, артық берілген дүние қызығына түсіп, шайтанның ықпалына, ізіне еруден өз арамызда алауыздық, аш көздік, көреалмастық, іштарлық, күншілдік, қасиеттерді дүниемен бағалау, өзін-өзі бағалап мақтанға, тәккәпарлыққа бой ұсыну т.б қылықтарынан жиренген көптеген білімді, зиялы, парасатты, үлгіл аққу, сүңқарлардың бейтарап жағдайға түсіп, өз бетімен тек намаздарын оқып, көбі мешіт, т.б «намазхандар» қатарын толықтыруына себеп болды. Ақпараттық кеңістіктің қалыптаспауынан және ақ ұлдың насихат, хикметті істердің, жүрек ашудың құран, інжіл, тәурат, зәбур негіздерімен ғылыми негізделіп дінші, ғалымдар арасында пікір таластың болып, тіптен ата-жолының негізгі ұстаным, бағытын көрсеткен, құран үгітін түсіндірген ақ ұлдың; «Өмір баспалдақтары» кітабы да халыққа таратып түсіндіре алған жоқпыз. Аруақ өмірінің тылсым құпиясыны түсінуге, әлемде көптеген иниституттар ашылып, бірақ сырын түсіне алмай жатқан тылсым хикметтерін ақ ұл өз кітабында қарапайым түрде түсіндіріп кеткенін ғалымдарымыз, діншілеріміз мүлде байқамады да. Мысалға;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет