Саипов амангелді болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығының теориясы және практикасы


Болашақ міғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру көркесткіштері



бет3/5
Дата24.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#156838
түріАвтореферат
1   2   3   4   5

Болашақ міғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру көркесткіштері










Көркемдік еңбектен өзін-өзі жетілдіруге талпынысы

Көркемдік-еңбектің негізгі тәсілдерінен білімінің болуы

Көркемдік-еңбек ақпаратын қабылдау өңдеу, пайдалау қабілеті

Көркемдік еңбектегі өз іс-әрекетінің нәтижесін салыстыру, бағыттау, бағалау қабілеті


Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру деңгейлері






Жоғары


Жеткілікті

Орта

Төмен



Нәтижесінде: болашақ мұғалімдердің көркемдік еңбекке теориялық, практикалық даярлығы қалыптасады


Сурет 2 - Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделі

Кесте 1 – Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастырудың өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері


Компо-нент-тері

Өлшем-дері

Көрсеткіштері

Деңгейлері

Мотивациялық

Көркемдік еңбекке кәсіби ынтасының болуы

- көркемдік еңбектің әлеуметтік-қоғамдық мәнін түсінуі;

- көркемдік еңбектің кәсіби әрекеттегі қажеттілігін түсінуі;

- көркемдік еңбекті меңгеруге оң көзқарасы;

- көркемдік еңбекті кәсіби әрекетте пайдалануға қызығушылығы;

- көркемдік еңбектен өзін-өзі жетілдіруге талпынысы;

- көркемдік еңбек саласынан жүйелі даярлықты қажетсінуі;

- көркемдік еңбек арқылы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсетуге талпынысы


Жоғары: көркемдік еңбектің мәнін жақсы түсінеді, оны меңгеруде ерекше ықылас танытады. Үздіксіз шығармашылық ізденісті көрсетеді; көркемдік еңбектен білімі терең, көркемдік еңбек түрлерін, әрекеттерін жетік біледі; көркемдік еңбекте ақпарат материалдарын еркін пайдаланады; көркемдік еңбек түрлерін іс-әрекетте шығармашылықпен пайдаланады, өздігімен іскерлігін дамытады, өзінің көркем туындыларын асқан шеберлікпен мазмұндайды, көркемдік еңбекке қажетті материалдарды қызығушылықтықпен сұрыптайды, көркемдік еңбек түрлеріне кәсіби баға бере біледі, өзінің іс-әрекетіне сауатты талдау береді.
Жеткілікті: көркемдік еңбектің мәнін түсінеді, оны меңгеруге ынтасы бар, ізденеді; көркемдік еңбектен білімі бар, оның түрлерін, әрекеттерін біледі; көркем еңбекте ақпарат материалдарын пайдаланады; көркемдік еңбек түрлерін іс-әрекетте пайдаланады, ішінара іскерлігін дамытады, өзінің туындыларымен таныстырады, көркемдік еңбекке қажетті материалдарды сұрыптайды, баға бере біледі, өзінің іс-әрекетіне талдау бере біледі.
Орта: көркемдік еңбекке көзқарасы оңды, оны оқытушының бағыт-бағдарымен меңгереді, ішінара ізденеді, көркемдік еңбектен білімі қанағаттанаралық, оның түрлерін, әрекеттерін ішінара меңгерген, ақпарат материалдарын, көркемдік еңбек түрлерін іс-әрекетте оқытушының көмегімен пайдаланады, өзінің туындыларын сирек көрсетеді, көркемдік еңбек түрлеріне оқытушының көмегімен бағалайды, өзінің іс-әрекеттіне талдау береді.
Төмен: көркемдік еңбекке қызықпайды, оның мәнін түсінбейді, оны меңгеруге ынтасы жоқ; ізденбейді; көркемдік еңбектен білімі жоқ, оның түрлерімен әрекетімен таныс емес, ақпарат материалдарын көркемдік өнер туындыларын пайдаланбайды, өзінің туындыларын көрсетпейді, оларға баға бере білмейді.

Мазмұндық

Көркемдік еңбектен теориялық білімінің болуы

- көркемдік еңбектен жоғары кәсіби даярлығының болуы;

- көркемдік еңбек түрлерінің жіктемесінен, өзіндік ерекшеліктерінен білімі;

- көркемдік еңбек мазмұнынан, әдістері мен жұмыс формаларынан білімі;

- көркемдік еңбекті пайдалану тәсілдерінен білімі;

- көркемдік еңбек ақпараттарын өңдеу тәсілдерінен білімі;

- көркемдік еңбекті шығармашылық қажеттіліктерде пайдаланудағы білімі;

- көркемдік еңбек әрекеттерінен түсінік - білімі


Іс-әре-кеттік

Көркемдік еңбектен практика-лық іскерлігінің, дағдысы-ның болуы

- көркемдік еңбектен алған білім, іскерлік, дағдысын оқу әрекетінде пайдалану іскерлігі;

- көркемдік еңбек барысында түрлі ақпаратты пайдалану іскерлігі;

- көркемдік еңбек мазмұнын анықтаудағы іскерлігі;

- көркемдік еңбек тапсырмаларын жасаудағы іскерлігі;

- көркемдік еңбек сабағын өткізудегі іскерлігі;

- көркемдік еңбектен туындаған өзінің шығармашылығын көрсете білу іскерлігі



Бағалаушылық

Өзінің іс-әрекетіне баға бере білуі

- көркемдік еңбекті кәсіби іс-әрекетте пайдаланудағы даярлық деңгейін бағалауы;

- көркемдік еңбектегі өзінің іс-әрекетін бағалауы;

- көркемдік еңбек түрлерін кәсіби тұрғыда бағалауы;

- көркемдік еңбек сабақтары мазмұнын бағалауы;

- көркемдік еңбек барысында орындалған туындыларды бағалауы

Ғалымдардың проблемалық міндеттерге берген жіктемелерін жүйеге келтіріп, жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, төрт бағыт бойынша топтастырылған өз жіктемемізді ұсынамыз: бағыттылық бойынша; білім алушы студенттердің өзіндік дербес жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері мен олардың өзара қарым-қатынасы бойынша; іс-әрекет барысында қолданатын әдістер бойынша; алынатын нәтиже бойынша. Проблемалық міндеттерді шешудегі негізгі нәтижелерге: білім, іскерлік, дағдылардың жаңа жүйесін, шығармашылық әрекеттің жаңа тәжірибесін, жаңа эмоционалдық-құндылық қатынастарды жатқызуға болады.

Соңғы жылдары білім беру жүйесінің жаңа парадигмасы жағдайында болашақ мұғалімдердің, соның ішінде кәсіптік оқыту мұғалімдерін даярлауда олардың құзырлылығын дамыту мәселесіне аса мән беріліп отыр. Құзырлылық – оқу нәтижесіндегі өзгермелі білімді қабылдау, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, даярлық, сапасын анықтайтын жаңа құрылым деген түсінікті береді.

Біз болашақ мұғалімді көркемдік-еңбекке даярлау жағдайындағы құзырлылықты үш бағытта қарастырамыз:

- мән-мағыналық тұрғыдағы құзырлылық – көркемдік-еңбек даярлығының теориялық негізі мен өзекті мәселелерін ұғыну, қажетт жағдайларын жете түсіну, даярлық ерекшеліктерін ұғыну және оған деген қарым-қатынасты қалыптастыруға үлес қосу;

- ғылыми-практикалық тұрғыдағы құзырлылық – болашақ мұғалімді көркемдік-еңбекке даярлау жүйесінің ғылыми (философиялық, психологиялық, педагогикалық) негізімен және жоғары оқу орындарында кәсіптік оқытудың тәжірибесімен танысу. Осы ақпараттар негізінде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін үздіксіз жетілдіру үшін алдына мақсат, міндет қойып, оны орындау жолдарын анықтауын сипаттайды;

- коммуникативтік тұрғыдағы құзырлылық – көркемдік-еңбекке даярлауды болашақ мұғалімнің нәтижелі білім беру стратегиясына сәйкес жаңа оқыту процесіне, технологияларына қатысымен қамтамасыз ету және тең бәсекеде жұмыс істеуге дағдылануы.

Алайда, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерінің көркемдік-еңбек даярлығында құзырлылықтың осы аталған бағыттарымен шектеп қоюға болмайды. Олар құзырлылықтың бірнеше бағытын меңгеруге міндетті. Солардың ішінде, әсіресе, арнайы, әлеуметтік, ақпараттық құзырлылықтың маңызы зор. Арнайы құзырлылық болашақ мұғаліімнің кәсіби қызметін жоғары деңгейде атқару мен өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу қабілетін дамытса, әлеуметтік құзырлылық көркемдік-еңбек салалары бойынша бірлескен (ұжыммен, топпен) кәсіптік қызметпен шұғылдану қабілетін, көркемдік-еңбек өнімдерін өндіру, өзара үйлескен кәсіби қарым-қатынас жасай білу қабілетін жетілдіреді, ал ақпараттық құзырлылық болса, ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игерудегі және алған білімін өздігімен әрі қарай интернет жүйесін пайдалану арқылы жетілдірудегі қабілетін шыңдайды, қашықтықтан оқыту, мультимедиялық, электрондық қондырғылармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

Жоғарыда айтылғанның бәрі 1995-2006 жылдар аралығында бірқатар мамандықтар бойынша (0313 – «Кәсіби еңбекке баулу» (профильде) (1995); 0321 – «Еңбек» (1996); 0313 - «Кәсіпке баулу» (1996); 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы «Жоғары кәсіптік білім. Бакалавриат» (2006); 6N0120 – Кәсіптік білім мамандығы. Магистратура (2006), авторлық бірлестікте (солар-дың бірі – осы зерттеудің авторы А.Саипов), Қазақстан Республикасының Жалпыға міндеті білім беру стандарттарын даярлауда ескерілді. Аталған стандарттардың мазмұны нормативті оқу құжаттарында (типтік оқу жоспарларында, типтік оқу бағдарламаларында, оқулықтар мен оқу құралдарында) толық ашып көрсетіледі және Отандық білім беру жүйесін дамытудағы ғылымда қалыптасқан принциптер мен әдіс-тәсілдерге, алыс және жақын шет ел, отандық ғалымдардың пікір-көзқарастарына негізделеді. Оқытылатын пәндердің мазмұнын жаңартуда авторлық ұжым білім берудің біртұтас жүйесі элементтерінің өзара байланысына негізделген мазмұнды сұрыптау принциптерін ұстанады.

Мәлімденген проблеманың негізінде біз, авторлық бірлестікте стандартқа енген кәсіптік пәндердің мазмұнын қайта қарап өңдеп, толықтырдық («Кәсіби педагогика», «Оқу-өндірістік практика», «Индустриалды-педагогикалық психология», «Материалдарды өңдеу технологиясы практикумы», «Кәсіби психология» және т.б.), бірқатар бағдарламалар бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын даярладық. Жоғарыда аталған теориялық және практикалық пәндерді меңгеру болашақ мұғалімдерге көркемдік-еңбектің, көркемдік-өнер мен кәсіптік өнердің заңдылықтарын терең түсінуге, болашақ мұғалімнің нақты әрекетін сипаттайтын кәсіби мәні жоғары қасиеттерді, шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Кәсіптік пәндердің мазмұнын сұрыптау, білім беру мазмұнын сұрыптау принциптерінің тұжырымдамалық қағидаларына сәйкестендіре және білім беру мазмұнын сұрыптаудың басты өлшемдеріне негізделе жүргізіледі. Оны жоғарыда аталған стандарттарға негізделген, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында пайдаланылып жүрген кәсіптік пәндердің оқу-әдістемелік кешендері дәлелдейді, кәсіптік пәндердің мазмұнын жаңартып, жетіілдіру теориялық білімді оқу, меңгеру, пайдалану процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың әдістерін, тәсілдерін таңдауға, студенттердің шығармашылық белсенділігін көтеруге, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру мүмкіндіктеріне және соңғы нәтижесі ретінде шығармашылықпен ойлайтын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. Кәсіптік пәндер мазмұнының тиімділігі оқу әрекеті процесінде болашақ мұғалімдерді бейінді көркем-еңбекке даярлау мақсатында негізге алған дидактикалық жүйе арқылы (сурет – 3) және әртүрлі жұмыс формалары мен әдіс-тәсілдері арқылы тексеріліп отырды.

Болашақ мұғалімнің бейінді (профильдік) көркем-еңбек даярлығының дидактикалық жүйесі дегенді біз өнер пәндерін тереңдете оқытуды қарастыратын жоғары кәсіби мектеп жүйесіндегі біртұтас педагогикалық кешен деп түсінеміз, оған профильдік пәндер бойынша білім берудің тұлғалық шығармашылық тұрғыдан бағдарланған мақсаттары, міндеттері, мазмұны мен құралдар, көркем-шығармашылық қызметі мотивациялау жүйесі, оқушылардың шығармашылық өсуінің педагогикалық диагностикасы енеді. Оны құрудың тұжырымдамалық негіздері болып: бейінді оқыту – білім беру процесінің басым бағыты, креативтік әдіс – негізгі әдіснамалық қағида, көркем қызығушылықтар – басты мотивациялық алғышарт, көркем креативтілік - іргелі психологиялық қасиет, көркемдік қызмет - көркемдік-еңбек тұрғысында болашақ мұғалім тұлғасын қалыптастырудың педагогикалық базасы саналады.

Егер бұл жүйені жоғарыдан төмен қарай талдайтын болсақ, онда тұлғаның кәсіптік-шығармашылық және рухани-әрекеттік бағыттылығының негізгі бөлімдеріндегі өзгеріс процесінің көркемдік-еңбек әрекетін әдістемелік қамтамасыздандыруға және осыдан туындайтын көркемдік-эстетикалық циклдағы пәндерге оқытудың міндеттеріне, мақсатына ауысады, нәтижесінде білім алушы тұлғаға бағдарланған көркемдік-еңбекке даярлық тұжырымдамасын ұсынады (іс-әрекеттік – мазмұндық модель).

Егер осы жүйені төменнен жоғары қарай қарастырсақ, онда ол мазмұндық – іс-әрекеттік модель сипатына енеді, өйткені тұжырымдаманы, көркемдік-эстетикалық циклдағы пәндерге оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастыратын көркемдік-еңбек даярлығы мазмұнынан аталған даярлықты әдістемелік тұрғыда қамтамасыздандыру қалыптасады.

Біз ұсынып отырған жүйенің бірізділігі сол, оны жоғары білім беретін оқу орындарының барлық бөлімдеріне бейімдеуге болады және мұнда болашақ мұғалімдерді көркемдік еңбекке даярлаудың психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылады.

Оқу материалдарын жоспарлауда біз (оқу жұмыс бағдарламасын, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, силлабус, СӨЖ, СОӨЖ, СҒЗЖ, СОЗЖ тақырыптарын, практикалық тапсырмалар құру) оқу материалының негізгі көрсеткіштерін (толықтығы, дәлелділігі, тепе-теңдігі, бірегейлігі) және иерархиялық құрылымдылығын ескердік. Пәндер мазмұнын жүзеге асыру процесінде пәнаралық байланысқа мән бердік, өйткені бұл пәндерді оқытуда ортақ тапсырмалардың шешімін іздестіреді. Аталған пәндердің пәнаралық байланысын міндетті түрде жүйелі тәсілдің негізінде реттеуге болады: білім, іскерлік, дағды бір мезгілде оқу мен шығармашылық процесінде үйлестіріле бір пәндік саладан, екіншіге ауысады.

Демек біз, бір типті практикалық-оқу, шығармашылық-оқу тапсырмаларын шешуде іс-әрекетте қалыптасқан ойлау, орындау, шлатын пәндер арасында тығыз байланысты қалыптастыруға ықпал ететін оқу материалдарын таратудың тиімді тәсілдерін іздестіруге талпындық, жұмыс барысында проблемалық ситуациялар мен тапсырмаларды пайдалану арқылы проблемалық оқыту әдістеріне, анкеттік сауалнама, тест, интервью, әңгімелесу, тренинг әдістеріне аса мән бердік. Нәтижесінде бұның бәрі болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдеріне көркемдік еңбектің, көркемдік өнер мен шығармашылықты өнердің заңдылықтарын түсінуге, болашақ іс-әрекетке қажетті кәсіптік қасиеттер кешенін дамытуға септігін тигізді.


Сурет 3 – Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығының дидактикалық жүйесі



Тәжірибелі-эксперимент жұмысы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) өткізілді. Экспериментке 447 студент қатысты, оның ішінде 219 – эксперимент тобында, 228 – бақылау тобында болды.

Анықтау эксперименті барысында анкеттік сауалнама арқылы болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлық деңгейі төрт компонент бойынша (мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалаушылық) анықталды. Анкета нәтижесі студенттердің көркемдік-еңбекке даярлығының төмен екендігін байқатты. Оқытушылар арасында жүргізілген анкеттік сауалнамалардың нәтижелері де студенттердің көркемдік еңбек даярлығына сабақ процесінде арнайы назар аударылмайтынын, шығармашылық жұмыс формаларын жеткіліксіз пайдаланатынын, нәтижесінде бұның бәрі шығармашылыққа деген немқұрайды көзқарасты туындататынын, теорияны практикадан алшақтатынын айғақтайды. Қарастырылып отырған даярлық деңгейінің төмен болуының себебі: 1996, 2001, 2004 жылдары даярланған стандарттар мазмұнында кездесетін олқылықтарға байланысты болса керек. Мәселен, теориялық, практикалық пәндер кешенінің мазмұндық саласы жеткіліксіз ашып көрсетілген, жалпы кәсіби және арнайы пәндер арасында өзара байланыс жете ескерілмеген, «Кәсіби еңбекке баулу», «Кәсіпке баулу» мамандықтарына даярлау саласында білім беру мазмұнының кәсіби маңызды элементі белгіленбеген, аталған мамандықтардың ерекшелігіне сай теориялық және практикалық тұрғыда оқу-әдістемелік кешен жеткіліксіз даярланған.

Осының бәрін ескере отырып біз, қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде (1 курс). «Ағашты көркемдеп өңдеу», «Зергерлік жұмыс» «Мамандыққа кіріспе», «Материалдарды өңдеу технологиясының практикумы», «Салалық материалтану» пәндерін оқыту процесі жүзеге асырдық.

Сабақ барысында студенттер көркемдік-танымдық әрекетінің жобасын меңгерді (ақпарат материалдарды озық дизайнерлік тәжірибелер, көркем әдістемелік құралдар), қолөнер бұйымдарын көркемдеуге, оны жасау, технологиясын ұйымдастыруға, жұмыс нәтижелерін бағалауға, тиімділігін көре білуге үйренді. Бұйымдарды жасауда пайдаланылатын техникалық құрал-жабдықтардың қыр-сырын меңгерді. Студенттердің кәсіптік даярлығын қалыптастыруда өзіндік дербес оқу-ізденіс, ғылыми-ізденіс жұмыстарын аса мән берілді. Бұл студенттің көркемдік-еңбек түрлеріне қызығушылығын арттырды. Әрбір семестрдің соңында жүргізілген кесіндінің нәтижелері студенттердің кәсіптік-педагогикалық пәндер саласынан білім, іскерлік, дағдысының айтарлықтай дамығанын, кәсіби пәндерге ынта-ықыласының артқанын, әйтседе де кейбір бағыттар бойынша білім қорын толықтыра түсу қажеттігін байқатты. Мысалы, бұйымды өңдеу процесінде эксперимент тобы студенттерінің 24,3% теориялық білімінің төмен екенін көрсетсе, 21,0% бұйымды жасауға қажетті іскерлік, дағдысының әлі шыңдала қоймағанын жасырмады.

Бұл олқылықтар қалыптастыру экспериментінің екінші-үшінші кезеңдерінде (2,3 курс) ескерілді. Бірінші курста меңгерілген пәндердің бірқатары интерактивті тапсырмалар жүйесі негізінде өзінің жалғасын тапты.



Пәндерді меңгеру нәтижесінде студенттер көркемдеп өңдеу элементтерін, ою-өрнектің күрделі бөліктерін, дайын бұйымдардың, соның ішінде, сандық, жүк аяқ, кебеже, асадал, ер-тоқым әбзелдерін, кереует сияқты әрі күрделі, әрі көлемді жиһаздардың құрылымын танып білді. Аталған бұйымдардың құрылымына байланысты ұғымдарды меңгерді. Күрделі де сәнді бұйымдардың элементтерін, бөліктерін жасауға, қажетті материал-дардың сапасын, оларды жасау жолдарымен тәсілдерімен, орындалу технологиясынде қолданылатын құралдар мен саймандардың өзіндік ерекшеліктерімен, атқаратын міндеттерімен танысты. Оларды қолданудағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді. Бұйымдардың қолданылу аясына, тұтыну мақсатына, көркемдік өңдеуіне қатысты ұғымдарын зерделеді.

Студенттермен жұмыс барысында (3 курс) қазақтың сәндік қолданбалы өнер туындыларының ішінде зергерлік өнер түрлерін меңгертуге ерекше мән берілді. Олар қолға, құлаққа, мойынға, шашқа тағатын салпыншақ бұйымдарды орындаудың дәстүрлі және қазіргі кезеңдегі орындау технологияларымен танысты. Сәндік бұйымдардың құндылығын, адам ағзасына, денсаулығына пайдасын, көңіл күйіне әсерін танып білді.

Студенттер осы меңгерген білім – ілімдерін өзіндік дербес жұмыстарда ұтымды пайдаланды: ҒЗЖ және ОЗЖ барысында (шығармашылық сабағына, семинарға, конференцияға, олимпиада мен жарыстарға даярлық) баяндамалар, нақты тақырыптар бойынша ақпараттар даярлады, көркемдік өнер түрлеріне талдау берді, көркемдік еңбек түрлеріне тезис құрды, көркемдік туындылар бойынша қысқаша аннотация жазды. Әрбір оқу жылының соңында әртүрлі әдістеменің көмегімен (әңгімелесу, анкеттік сауалнама, проблемалық ситуация, шығармашылық тапсырмалар жүйесі) интерактивті тапсырмалар кешенін меңгеру сапасын анықтауға байланысты кесінділер жүргізілді. Кесінділер нәтижесі оқу әрекетінде теориялық білімді оқып, білуге және пайдалануға деген жоғары қызығушылықты танытты, студенттер өздігімен дербес оқу тапсырмаларының шешімін іздестіруде өздерінің шығармашылық белсенділігін көрсетті.

Қалыптастыру экспериментінің үшінші кезеңі сонымен бірге Қазақстан Республикасының Жалпыға міндетті білім беру стандарттарына енген мамандықтар бойынша жасалған оқу-әдістемелік кешендермен (типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.) ерекшеленеді. Аталған нормативтік құжаттар білім беру мазмұнының көкейкестілігіне бағдарланады, осыған орай бірқатар жаңа пәндер ендірілді. 2006 жылы басылым көрген ҚР-ның ЖМББС-на алғаш рет «Дизайн», «Көркем тоқыма» мамандандыру ендірілді.

Қалыптастыру экспериментінің төртінші кезеңінде (4 курс) «Сәндік-қолданбалы өнер», «Көркемдік еңбек теориясы мен технологиясы», «Материалдарды өңдеу теориясы, машиналар мен жабдықтар» пәндері арқылы студенттер үй құрылыстары мен көліктерді, құрал-саймандарды, жасауға қажет материалдарды танып білді, оларды жасау технологиясын (қолмен және механикалық) меңгерді, яғни заттар мен бұйымдардың түрлерінен, қолданылу аясынан білімдерін шыңдады.

Студенттердің практикалық іскерлігі мен дағдысын жетілдіру мақсатында біз «Материалдарды көркемдеп өңдеу» (45 сағат) атты элективті курс ендірдік. Курс барысында кәсіптік, теориялық, практикалық пәндерді жеделдете оқыту принципінің жаңа интерактивті әдістемесін негізге алдық. Элективті курстың мақсаты – кәсіби іс-әрекет процесінде тұлғаның ішкі қажеттіліктерін жүзеге асыруға ықпал ететін креативті ойлау қабілетін дамыту. Курстың міндеттері: теория мен практиканы пайдаланудағы іскерлік, дағдысын дамыту, кәсіби тұрғыда өзін-өзі жетілдіруге қажетті шығармашылық белсенділікті, шығармашылық әрекетке ынта-ықыласын дамыту. Элективті курсты меңгерту процесінде студенттердің өздігінен дербес жұмысына ерекше назар аударылды: тұрмыстық жиһаздар (сандық, кебеже, асадал, ырыс-аяқтар және т.б.) шаруашылық заттар (киіз үй әбзелдері, ер тоқым әбзелдері, бесік және т.б.) жасады және т.б.

Сонымен, төртінші кезең студенттердің меңгерген теориялық білімдерін практикада шыңдаумен сипатталады. Курстың соңында қала мұғалімдері үшін «Шеберлер сабағы» өткізілді, онда студенттер көркемдік-еңбек пәндерінен меңгерген білім, іскерлік, дағдысын шығармашылықпен көрсете білді. Шеберлер – сабағының нәтижесі студенттердің теория мен практиканы мазмұнды меңгергенін, тәжірибелік дағдысының, креативтік ойлау қабілетінің жетілгенін көрсетті.

Қалыптастыру экспериментінің барлық кезеңдерінде әртүрлі аудиториядан тыс жұмыс формалары өткізілді: жарыстар, кездесулер, көрмелер, СӨЖ, пікірталас, диспут және т.б. Мұнда студенттер өздерінің білім деңгейін, шығармашылық туындыларын көрсетті.

Аудиториядан тыс өткізілген жұмыстар студенттердің кәсіби іс-әрекетінің әр қырынан ашылуына септігін тигізді және өздігінен дербес шығармашылыққа бағдарлады. Мысалы, егер көркемдік-теориялық пәндерден ұйымдастырылған жарыстар, студенттердің шығармашылық туындылары бойынша өткізілген көрмелер, көркем-өнер түрлерінен өткізілген Олимпиадалар студенттерге өздерінің теориялық білімі мен практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берсе, өздігінен дербес орындалған тапсырмалар бойынша ұйымдастырылған жұмыс формалары (көркем өнер түрлерінен шығарма жазу, мысалы: «Өнері мен өрнегі», «Ою-өрнек сыр шертеді», «Сұлулық сыры» және т.б.), пікірталас, диспут, дөңгелек стол өткізу («Көркемдік ойлар журналы», «Сыр және сымбат», «Өнер алды – қызыл тіл» және т.б.) студенттерге көркем өнердің болашағы туралы өздерінің ойларымен бөлісуге, маңызды ұсыныстар жасауға дағдыландырды.



Тәжірибелі-эксперимент жұмысының соңғы – бақылау кезеңінде қайтара жүргізілген анкеттік сауалнама негізінде болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру деңгейі анықталды. Болашақ мұғалімнің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері мен қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды нәтижелері кесте – 2 және сурет – 4 көрініс алады.
Кесте 2 – Болашақ мұғалімдердің көркғемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру компоненттерінің даму деңгейлерінің көрсеткіштері (ЭТ – 219, БТ – 228) (%)


Компоненттер

Кезеңдер

Жоғары

Жеткілікті

Орта

Төмен







ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

БТ

Мотивациялық

Басы

0

0

33,3

31,14

40,64

38,6

26,06

30,26




Соңы

36,99

0

39,73

32,02

23,28

35,96

0

32,02

Мазмұндық

Басы

0

0

16,44

14,47

43,84

42,98

39,73

42,54




Соңы

33,79

0

32,42

15,79

31,51

42,98

2,28

41,23

Бағалау

Басы

0

0

13,24

14,47

44,75

42,98

42,01

42,54




Соңы

34,7

0

31,96

15,79

32,42

42,98

0,91

41,23

Іс-әрекеттік

Басы

0

0

9,59

11,4

44,75

45,61

45,66

41,98




Соңы

37,90

0

30,59

12,28

31,5

45,17

0

42,54


Сурет 3 - Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру деңгейлерінің қорытынды нәтижелері (%)


Қорытынды нәтижеден мынаны көруге болады: егер эксперимент тобында басында ешбір студент жоғары деңгейді көрсетпесе, эксперимент соңында 35,85%-ға жоғарылады; жеткілікті деңгейді алғашында 18,15%-ға көрсетсе, соңында 33,67%-ға жетті; орта деңгейді басында 43,5%-ға көрсетсе, соңында 29,68% болды, төмен деңгейді басында 38,35%-ға көрсетсе, соңында 0,8%-ға төмендеді. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ.

Сонымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысы болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделінің, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерінің дұрыстығын, біздің ұсынған әдістемеміздің тиімділігін дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет