Салық төлеуден жалтару және салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік



бет1/6
Дата17.05.2023
өлшемі91.27 Kb.
#473833
  1   2   3   4   5   6
жалтару


Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті: «ЭжБЖМ»
Кафедрасы: «Қаржы және есеп»
СӨЖ

Тақырыбы: Салық төлеуден жалтару және салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік. Қазіргі салық қылмыскерінің портреті
Орындаған: Асқарова А.Д
Тексерген: Ахметов А.А

Алматы 2022ж
Мазмұны

  1. Салық төлеуден жалтару

  2. Салықтық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік

  3. Қазіргі салық қылмыскерінің портреті

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Салық төлеуден жалтару – салықтық телемдерді толық немесе ішінара төлемеу мақсатымен салық төлеушінің салық салу объектін, яғни табысты, пайданы, тауар айналымын, мүлікті әдейі жасыруы және азайтуы. Салық төлеушілердің мұндай заңсыз іс-әрекеті мемлекет мүддесіне айтарлықтай нұқсан келтіреді: мемлекеттік бюджет едәуір қаражаттарды ала алмайды, салық заңнамасын бұзушылар кірістерінің қосымша криминалдық көздері жасалынады, кәсіпкерлік қызмет сферасында, салада, өңірде және т.б. құн козғалысының негізгі үйлесімдері бұрмаланады.
Салық төлеуден жалтару – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде көзделген салық төлемдерін мемлекеттік бюджетке аударуды болдырмауға бағытталған қасақана әрекет. Егер белгілі бір мемлекеттің заңнамасында ол үшін жауапкершілік көзделген болса, жалтару жазаланады деп саналады.
Салық төлеуден жалтару себептері

1.шаруашылық, кәсіпкерлік немесе өзге де қызметті қалыпты жүргізуге мүмкүндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы; салықтардың көптігі және жоғары мөлшерлемелері салық салынатын субъектінің «көлеңкелі» экономикаға кегуіне жәрдемдеседі;

2.салық заңнамасының күрделілігі, сонымен бірге анық еместігі, нұскаулықтар мен ережелердің кағидалары мен нормаларын түрліше түсіндіретін ондағы толықтырулардың, өзгерістердің, түзетулердің көптігі;

3.салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: жұмыскерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, экономикалықбілімдер мен құқықтық мәселелердің шектес салаларын жеткіліксіз білу; тексерулер кезіндегі жұмыскерлердің адалдықка жатпайтын іс-қылықтары;

4.салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсатымен субъектілердің оларды төлемеуге касакана, әдейі ұмтылуы.


Құқық қорғау органдары бұзушылықтарды анықтайтын жалтарудың негізгі белгілері:

  • Мәнсіз іскерлік операцияларды жасау;

  • Сұралған қызметті орындау үшін компанияның қаражаты мен персоналының жетіспеушілігі;

  • Тікелей мәміле жасау мүмкін болса, делдал компанияларды пайдалану;

  • Қызметкерлердің еңбек ақы мөлшерінің олардың дағдылары мен қабілеттеріне сәйкес келмеуі;

  • Кәсіпорын айналымының өсуімен салықтардың төмендеуі;

  • Өтеуге талап етілетін салыққа төленген ҚҚС жоғары қатынасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет