13
|
379-1-бап
|
Жоқ.
|
379-1-бап. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алу кезінде көрнеу жалған мәліметтер ұсыну
1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді алушылардың көрнеу жалған мәліметтер ұсынуы –
жеке тұлғаларға қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, –
жеке тұлғаларға алпыс, дара кәсіпкерлерге, шағын, орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Бұл әкімшілік жазалау шарасы мемлекет пен бизнестің теңдестірілген мүдделері және бұзушылық үшін жауапкершілік жоғарлатылған кезде қызметке қол жеткізуді жеңілдету қағидатын іске асыру үшін қажет болып табылады.
|
|
14
|
27-тарау тақырыбы
|
27-тарау. Көліктегі, жол шаруашылығындағы, байланыстағы және ақпараттандырудағы әкімшілік құқық бұзушылық
|
27-тарау. Көліктегі және жол шаруашылығы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
15
|
492-бап
|
492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркiлей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радио- байланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбiлдiк теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
16
|
494-бап
|
494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ радиожиiлiктердi пайдалану ережелерiн бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыларды шет елдерден әкелу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер,
- радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиiлiктi құрылғылар тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бiр не бiрнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекшi жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсiнiледi.
2. Осы Кодексте жоғары жиiлiктi құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиiлiк энергиясын өнеркәсiптiк, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергiлiктi пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсiнiледi.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
17
|
494-1-бап
|
494-1-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
1. Негiзгi байланыс операторының телекоммуникация желiлерiн ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосудан негiзсiз бас тартуы, сондай-ақ трафиктi өткiзу тәртiбiн бұзуы, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Телекоммуникация желiлерiн Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасында көзделген ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерiне қосу мерзiмдерiн бұзу, -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк), -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Абоненттер туралы қызметтiк ақпаратты жинау және сақтау жөнiндегi мiндеттердi бұзу -
шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
байланыс қызметтерiн көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
18
|
495-бап
|
495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу
1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, - жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
19
|
496-бап
|
496-бап. Сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын, бiрақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасы телекоммуникациясының бiртұтас желiсiнде техникалық реттеу саласында сәйкестiгi мiндеттi растауға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құралдарын пайдалану, сол сияқты электромагниттi сәулелендiру көзi болып табылатын радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктегi құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркiлей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
20
|
497-1-бап
|
497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу
Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
21
|
497-2-бап
|
497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық
құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
1.Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi куәландырушы орталықтың орындамауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi тiркеу куәлiгi иесiнiң орындамауы,-
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа тұлғаның жабық кiлтiн заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану,-
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актiсiнде көзделген мiндеттердi электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың орындамауы,-
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын.
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
22
|
497-3-бап
|
497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу
Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәлiметтерi бар ақпараттық ресурстарды оларға мүлiктiк және моральдық зиян келтiру, олардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын iске асыруын шектеу мақсатында пайдалану,-
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын.
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
23
|
499-бап
|
499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу
Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын.
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
24
|
500-бап
|
500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру
1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын.
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
25
|
501-бап
|
501-бап. Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн жасау немесе өткiзу
Пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерiн өткiзу мақсатында жасау немесе өткiзу, -
пошта төлемiнiң қолдан жасалған мемлекеттiк белгiлерi, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
|
Алып тасталсын.
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
26
|
27-1-тарау тақырыбы
|
Жоқ.
|
27-1-тарау. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
|
Құқық қатынастары объектілерін сабақтастарға бөлуге байланысты: көлік және жол шаруашылығы ӘҚБтК-нің 27-тарауында қалады, байланыс пен ақпараттандыру ӘҚБтК-нің жаңа дербес 27-1-тарауымен қамтылады.
|
|
27
|
502-1-бап
|
Жоқ.
|
502-1-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұзу
1. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын мынадай түрде бұзуы:
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік процестерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және келісу мерзімдерін бұзуы;
мемлекеттік органның интернет-ресурстарының мазмұнына қойылатын талаптарды сақтамауы;
тіркелген мемлекеттік ақпараттық жүйелердің меншік иесінің немесе иесінің жаңарту туралы немесе жаңартулардың жоқтығы туралы не мемлекеттік ақпараттық жүйелерді пайдалануды тоқтатқаны туралы мәліметтерді бермеуі және (немесе) уақтылы бермеуі, –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын бұзу:
мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, іске қосу, пайдалану (сүйемелдеу), дамытту және пайдалануды тоқтату тәртібін бұзу;
мемлекеттік ақпараттық жүйеде қамтылатын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін жасамау;
«электрондық үкімет» құрылысының анықтамалық үлгілерін пайдалана отырып, мемлекеттік органның құзыретіне кіретін ақпараттық жүйелердің және инфрақұрылымның ақпараттық-коммуникациялық компоненттерінің жұмыстарының, міндеттері мен қызмет көрсетулерінің тиімділігінің көрсеткіштерін сипаттау мен топтастыру жөнінде шаралар, сондай-ақ, «электрондық үкімет» құрылысын дамыту саясатын сақтау бойынша шаралар қолданбау;
мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде әкімшілік процестерді оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көзделген мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу;
ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде мемлекеттік ақпараттық жүйелер туралы мәліметтердің тіркелуін қамтамасыз етпеу;
қаржыландырылуы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған ақпараттық жүйелерді, сервистік бағдарламалық өнімді құруға арналған бағдарламалық қамтылымды, бағдарламалық кодттар мен техникалық құжаттаманы мемлекеттік есепке алу, тіркеу және депозитарийде сақтау үшін ұсынбау;
жергілікті, ведомстволық және корпоративтік желілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қоспау;
|
Достарыңызбен бөлісу: |