«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы Мазмұны



бет1/3
Дата17.06.2016
өлшемі387.5 Kb.
#142035
  1   2   3




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 8 қыркүйектегі

№ 1027 қаулысымен

бекітілген




«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін

бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы
Мазмұны


1.

Бағдарламаның паспорты


2.

Кіріспе


3.

Ағымдағы жағдайды талдау


4.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, мақсатты индикаторлары


5.

«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру кезеңдері. Компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығару


6.

Негізгі тәуекелдер және оларды басқару жөніндегі шаралар


7.

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар


8.

Қажетті ресурстар



1. Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаның атауы

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съезінің барысында берген тапсырмалары


Әзірлеуші

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-мен бірге Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі


Бағдарламаның мақсаты

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз ету және қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамытуға ықпал ету


Міндеттері

Қазақстан Республикасының азаматтарына елдің аса ірі кәсіпорындарының акцияларын иелену мүмкіндіктерін беру;

халықтың жинақтарын инвестициялау мен көбейтудің жаңа құралын жасау;

бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту;

инвестициялық бағдарламаларды іске асыру мақсатында компаниялардың қосымша қаржыландыруын тарту.




Іске асыру мерзімі

2011 - 2015 жылдар


Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының өз қаражаты.

Мемлекеттік органдарға өздерінің бағалы қағаздары нарығының инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған қызметін қамтамасыз етуге және Қазақстан халқының қаржы-инвестициялық сауаттылығын арттыруға бөлінетін республикалық бюджет қаражаты




Мақсатты индикаторлар

1) «Халықтық ІРО» шеңберінде 6 еншілес және тәуелді компаниялардың акцияларын орналастыру;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары - кемінде 160 000 жеке тұлғаны бағдарламаға қатысуға тарту;

3) Қазақстан қор биржасының акциялары нарығының көлемін (капиталдандыруды) 2015 жылға қарай 2011 жылдың орташа көрсеткішінен кемінде 15-20% арттыру;

4) 2015 жылға дейін Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберінде кемінде 500 млн. АҚШ долларын тарту.





2. Кіріспе

2011 жылы Қазақстан тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтеді. Бүкіл осы кезең ішіндегі мемлекеттің негізгі басымдығы ел азаматтарының әлеуметтік және экономикалық әл-ауқаты болып қала береді.

Мемлекет басшысының 2011 жылғы 11 ақпанда «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының ХІІІ съезінің барысында берген тапсырмаларын орындау үшін әзірленген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын (бұдан әрі – IPO1) бағалы қағаздар нарығына бастапқы орналастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама немесе «Халықтық ІРО» бағдарламасы), ол тапсырмаларбойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор немесе «Самұрық-Қазына» АҚ) басқа мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, оларға сәйкес осы Бағдарламаны әзірлеуі және іске асыруы қажет.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерінде әзірленді және халық үшін отандық жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталады, оларды сатып ала отырып, қазақстандықтар олардың тең иелеріне айналады және елдің экономикалық өсуіне өзінің қатысу мүмкіндігін алады.

Бұл бағдарлама сондай-ақ халықтың жинақтарын капитал нарығына тарту, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мен мемлекеттік және жеке меншік компаниялардың кең шеңберін қор нарығына шығару үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын және тұтастай ел экономикасын дамытуға ықпал ететін болады.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы айқындық, ашықтық, әділдік және барлық қазақстандықтар үшін тең қол жетімділік қағидаттарында өткізілетін болады. Бағдарламаны іске асыру кезінде Қазақстан азаматтарының «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуға басым құқығы қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысынан табысты шықты, бұл Қазақстанның экономикасы мен ұлттық компаниялардың алдына одан әрі өсудің оң перспективаларын ашады. Бағдарламаға қатысатын қазақстандықтар аса ірі компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, ұзақ мерзімді перспективада пайдадан кіріс ала алады.

Бағдарламаны іске асыру дәйекті және кешенді негізде жүзеге асырылатын болады, бағдарлама компаниялардың әзірлігіне қарай акцияларды бастапқы орналастыру сериясын жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламаны іске асыру барысында мемлекеттік компаниялардың ІРО әзірлік жұмыстарымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар ІРО табысты өткізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық актілерге талап етілетін өзгерістерді уақтылы енгізу жөнінде бірлескен жұмыс жүргізеді.

Бағдарламаны іске асыру барысында «Халықтық ІРО» қатысуға кандидат компаниялар (бұдан әрі – Кандидат компаниялар) басшылықтың барынша тиімді үлгісін қабылдай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруге, ақпараттық ашықтықты жақсартуға тиіс болады. Осылайша, аса ірі компаниялар – Қазақстан экономикасының көшбасшылары озық формат беретін, елде корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал ететін болады, сондай-ақ өз қызметі туралы қоғамды хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістермен, сондай-ақ Кандидат компанияларды Бағдарламаға қатысуға дайындаумен қатар халықтың Бағдарлама туралы барынша хабардар болуын қамтамасыз етуге және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған толық ауқымды ақпараттық-білім беру бағдарламасы іске асырылатын болады.



3. Ағымдағы жағдайды талдау

Қазақстандағы бөлшек инвестициялау нарығын талдау

Бөлшек сұранысты шолу
Қазақстандағы бөлшек инвестициялаудың нарықтағы үлесі өте аз және инвесторлардың аздаған санын қамтиды. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-ның ішкі деректеріне сәйкес 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша брокерлік ұйымдар жеке тұлғалардың атынан шамамен 10 мың2 қосалқы шоттар ашты. 2011 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жеке тұлғалар 80 млрд. теңгеге жуық сомаға мемлекеттік емес эмитенттердің акцияларын және облигацияларын немесе мемлекеттік емес эмитенттердің акциялары мен облигацияларының жалпы сомасының 0,65%-ын иеленді.

Халықтың инвестициялық белсенділігінің осындай төмен болуының негізгі себептері мыналар болып табылады:

жоғарғы класты эмитенттердің шектеулі санына, төменгі өтімділік деңгейіне байланысты қазақстандық акциялар нарығының дамымауы, бұл сұраныстың жылжымайтын мүлік және банк салымдары сияқты инвестициялау мен жинақтың неғұрлым қарапайым құралдарына қарай ығысуына әкелді;

бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу тетіктері, акциялар құнының бағасы туралы ақпараттандырудың төменгі деңгейі, акциялар бағаларының өзгермелілігіне байланысты жоғары тәуекелдер себебі және басқа да факторлар бойынша халықтың қызығушылығының төмендігі.

Халықтың бағалы қағаздар нарығына жанама қатысуы шамамен 8 млн. адамның зейнетақы жинақтарын басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорларындағы шоттар арқылы да жүреді. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынындағы жинақтардың бір бөлігі (шамамен 7,2%) жалпы құны 172 млрд. теңгеге жуық акцияларға орналастырылған. Акцияларға орналастырудың ең көп үлесі жалпы инвестициялық қоржынның 20%-ын құрайды, алайда бұл көрсеткішке жоғары класты эмитенттердің жеткілікті санының және зейнетақы қорларына капиталдың жеткіліктілігі жөніндегі талаптардың болмауына байланысты қол жеткізілмейді.

Халықтың тарапынан «теориялық» ықтимал сұранысты есептеу үшін халық иеленетін таза кіріс3, екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріндегі қаражат және ұзақ мерзімді мүмкіншілікпен жинақтауды жүзеге асыруға мүмкіндігі бар халықтың ескерілмеген жеке жинақтары сияқты акцияларды сатып алуға арналған қаражаттың көздері бойынша бірқатар жорамалдар пайдаланылды. Негізгі көздер есебінен сұраныстың ең көп көлемін алдын ала бағалау мынаны құрайды:

иеліктегі таза кірістен 240 - 1 100 млн. АҚШ доллары;

екінші деңгейдегі банктердің депозиттерінен – 730 - 1 300 млн. АҚШ доллары;

ескерілмеген жеке жинақтардан – 900 - 1 700 млн. АҚШ доллары.

Стратегиялық және саяси зерттеулер орталығы мен АЕ демократияны дамыту қоры жүргізген әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша Қазақстанның ересек халқының 20%-ын ғана «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларға инвестиция салуға дайын. Осы зерттеуге сәйкес теориялық жағынан алғашқы ІРО үшін қол жетімді ақша қаражаты 110 млн-нан 230 млн. дейінгі АҚШ долларын құрауы мүмкін.

«Халықтық ІРО» бағдарламасына халықтың зейнетақы жинақтарын басқаратын жинақтаушы зейнетақы қорлары да қатысады деп күтілуде. Халықтың зейнетақы жинақтарын Кандидат компаниялардың акцияларына инвестициялау халықтың «Халықтық ІРО» бағдарламасына аз шығынмен тартылуын жанама түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бағалы қағаздардың қайталама нарығындағы өтімділікті қолдау арқылы акциялардың бағасына оң әсер ететін болады. Бұдан басқа, инвестициялаудың ұзақ мерзімді мүмкіндігімен қазақстандық бағалы қағаздар нарығындағы аса ірі институционалдық инвесторлардың бірі болып табыла отырып, жинақтаушы зейнетақы қорлары орналастырылғаннан кейін акциялардың әділ нарықтық құнын белгілеуге ықпал етеді және акция бағаларының өзгермелілігін азайтуға ықпал ететін болады.

Алғашқы ІРО өткізу кезінде Қазақстанның аса ірі жинақтаушы зейнетақы қорларының тарапынан Кандидат компанияның акцияларына инвестиция салудың күтілетін көлемі 150 - 300 млн. АҚШ долларын құрайды. Бұл болжам негізінен ІРО үдерісін өткізу кезінде қалыптасатын нарықтық жағдайларға, өтімділік позициясына және әрбір жекелеген жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі инвестициялық лимиттеріне және ІРО-ға шығатын Кандидат компанияның сапасына тәуелді болады.


Жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымды шолу
«Халықтық ІРО» бағдарламасы Қазақстанның халқын Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыруға тең қол жетімділікпен қамтамасыз етуді болжайды және демек, бірінші ІРО өткізу сәтінде бағалы қағаздар нарығы мен оған қатысушылардың инфрақұрылымы ықтимал инвесторлардың ең көп санын қамтуға және орналастыру кезінде уақтылы қызмет көрсетуге дайын болуға тиіс.

Алғашқы ІРО-ға инфрақұрылымдары толық дайындыққа келтірілуге тиіс бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – ҚҚБ немесе Биржа), брокерлік компаниялар, трансфер-агенттер, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ (бұдан әрі – ОД) және тіркеушілер болып табылады:

1) акцияларды бастапқы орналастыру үдерісінде негізгі рөлді сауда алаңы – ҚҚБ атқарады, ол капиталдың әртүрлі нарықтарына, корпоративтік және үкіметтік облигацияларға, шетелдік валютаға, фьючерстік келісім - шарттарға, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздары бар тікелей және автоматты репоға қызмет көрсетеді.

Қазіргі кезде ҚҚБ ресми тізіміне 337 бағалы қағаз енгізілген, олардың ішінде 92 бағалы қағаз 66 эмитенттің акциялары болып табылады. 66 эмитенттің 9-ы бірінші санатқа және 16-ы екінші санатқа енгізілген, осы санаттардағы эмитенттерге қойылатын негізгі талаптар (2011 жылғы маусымдағы жағдай бойынша) мыналар болып табылады:

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша жасалған аудиттелген қаржы есептілігінің болуы;

бірінші және екінші санаттағы эмитенттердің жеке меншік капиталының шамасы тиісінше кемінде 12 943 млн. теңге және 259 млн. теңгені құрауға тиіс;

бірінші санаттағы эмитенттер таза пайдасының шамасы соңғы үш жылдың әрқайсысында кемінде 129 млн. теңгені құрайды, екінші санат үшін бұл шама белгіленбеген.

2) брокерлік компаниялардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы клиенттің нұсқаулықтарына сәйкес Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру, сондай-ақ оларды кейіннен сату барысында оларды сатып алуды қамтамасыз ету болып табылады. Ресми деректерге сәйкес 2011 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша 71 ұйым Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны иеленеді (оның ішінде екінші деңгейдегі банктер – 24; жинақтаушы зейнетақы қорлары – 6, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар – 2). Бұл ретте брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың негізгі бөлігі Алматы қаласы мен Астана қаласында орналасқан, бұл елдің барлық өңірлерінің халқын қамту бойынша қиындықтар туғызады.

3) трансфер-агенттік қызметтер көрсететін компаниялар брокерлермен трансфер-агенттік қызметтер көрсетуге шарттар жасасу жолымен елдің барлық өңірлерін брокерлермен қамтудың жеткіліксіздігі проблемасын шешуге арналған. Осы шартқа сәйкес трансфер-агенттік қызметтер көрсететін компания клиенттерден брокерлерге құжаттарды (ақпаратты) қабылдап алу және беру жөніндегі қызметтерді көрсететін болады.

Қазақстанда трансфер-агенттік қызметтер көрсетуге арналған лицензиясы бар 3 компания жұмыс істейді – «Қазпочта» АҚ, «Қазақстанның халық банкі» АҚ және «ДОС Қаржы» ЖШС.

4) «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберіндегі ОД-ның негізгі рөлі акцияларды номиналды ұстау қызметтерін көрсету және акциялармен жасалатын мәмілелер бойынша есептерді жүзеге асыру болып табылады, осыған байланысты ОД деректерді өңдеу мүмкіндіктерін кеңейту талап етіледі, өйткені ІРО барысында және олардың акцияларымен кейінгі мәмілелер кезінде Кандидат компаниялары мәмілелерінің саны айтарлықтай артады.

5) тіркеушілер бағалы қағаздарды тіркеуді және клиенттердің бағалы қағаздарды сақтау жөніндегі жеке шоттарын жүргізуді жүзеге асырады. Қазақстанда 10 тіркеуші өз қызметін жүзеге асырады. Кандидат компаниялар тіркеушіні таңдау кезінде тіркеушінің филиал желісінің кең болуына және тіркеушілік қызметті сапалы әрі уақтылы көрсету үшін техникалық әзірлік дәрежесіне назар аударатын болады.

Қорыта келгенде, бағалы қағаздар нарығы мен оған қатысушылардың қазіргі инфрақұрылымының техникалық мүмкіндіктері бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығындағы сауда қызметінің әдеттегі деңгейін және халықаралық мәмілелер бойынша сауда-саттықтардың бар көлемін игеру үшін жеткілікті болып табылады, алайда жүйенің сенімділігі және өсіп отырған тапсырыстар пакетін қысқа уақыт аралығы ішінде өңдеуге қатысты тиімділік белгісіз болып табылады.

Бағдарламаны іске асыруға инфрақұрылымның әзірлігі бөлігіндегі негізгі проблемалар мыналар болып табылады:

ОД-ның ағымдағы білікті персоналының штаты «Халықтық ІРО» бағдарламасы іске асыру барысында болжанатын жеке тұлғалардан түсетін шоттар ашу жөніндегі бұйрықтардың үлкен көлемін қысқа мерзімде өңдеу мүмкіндігінде шектеулі;

Қазақстан брокерлерінің негізгі персоналы негізінен Алматы қаласында шоғырланған, бұл инвестициялық шешім кезінде халықтың қалың жігіне білікті көмек көрсетуге мүмкіндік бермейді;

Қазақстанның аумағы бойынша тіркеушілердің нашар дамыған желісі, сондай-ақ тапсырыстардың көп саны кезінде бар қызмет көрсету жүйелері сенімділігінің төмен дәрежесі;

электрондық тапсырыстарды жүзеге асыру мен оларды тіркеушілерде өңдеудің автоматтандырылған жүйелері мүмкіндіктерінің болмауы.

ҚҚБ деректері бойынша қазір бар сауда жүйесі өзінің толық қуатының 1%-ын ғана пайдаланады. ҚҚБ қолда бар жеке серверді инвесторлардың «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды сатып алуға арналған өтінімдерін өңдеу үшін пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда, ең көп қуат сұраулар мен сауда жүйесінің қуатын бағалауды модельдей отырып, одан әрі эксперименттік тексеруді талап етеді. «Халықтық ІРО» бағдарламасын озық халықаралық практика мен стандарттар бойынша іске асырудың негізгі кедергілері мыналар болып табылады:

1. Қолданыстағы сауда әдістері тапсырыстар кітабын4 (бук-билдинг) қалыптастырудың халықаралық үдерісін жүргізуді көздемейді. Бұл проблеманы шешу үшін ҚҚБ арқылы акцияларға жазылу жүргізуге және сауда жүйесі мен ілеспе жүйелерді пысықтауға арналған құжаттар әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде алғашқы орналастыруды жүргізу сәтіне қарай көрсетілген жұмыс аяқталады деп күтілуде.

2. Қазір бар сауда жүйесі «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру барысында сенімді және кідіріссіз жұмысты қамтамасыз ету мақсатында одан арғы инвестицияларды талап етуі мүмкін.

«Халықтық ІРО» бағдарламасын жүргізу кезінде ҚҚБ инфрақұрылымын пайдалану өтінімдерді жинау мен өңдеу, сондай-ақ есептер жүргізу үдерісін автоматтандыруға мүмкіндік беретіндігін назарға алу қажет. Қазіргі кезде ҚҚБ жекелеген қажетті технологияларды иеленбейтіндігіне қарамастан, «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде алғашқы орналастыруды жүргізу сәтіне қарай ҚҚБ өзінің рәсімдерін және техникалық жүйелерін оларды «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүргізу кезінде пайдалану үшін дайындауды аяқтауды жоспарлап отыр.

Осылайша, елдің барлық өңірлерінің ықтимал бөлшек инвесторларын қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ ҚҚБ мен нарыққа басқа қатысушылардың инфрақұрылымын келтіру Бағдарламаны іске асыру барысындағы қауырт міндеттер болып табылады, оларды шешу Бағдарлама шеңберіндегі алғашқы ІРО өткізу сәтінде – 2012 жылдың 1-2-тоқсанында аяқталуға тиіс.
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың

бағалы қағаздар нарығына шығу перспективалары


«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру қазақстандық бағалы қағаздар нарығын дамыту үшін жағдайлар жасауға және Қазақстан халқына рентабельділік деңгейі жоғары, тұрақты және қызметінің нәтижелері болжанатын неғұрлым ірі компаниялардың акцияларын ұсынуға бағытталған.

Қазақстан халқының көпшілік бөлігінің акцияларға инвестиция салуға тән тәуекелдер туралы хабардарлығының төмендігіне байланысты «Халықтық ІРО» бағдарламасы операциялық қызмет нәтижелерінің тұрақтылық деңгейіне және олардың нарықтық конъюнктураға тәуелділігіне ерекше назар аудара отырып, акцияларды бастапқы орналастыру жүргізуге кандидаттарды талдауға салмақты тәсіл қолдануды болжайды.

Қазіргі кезде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына шамамен 400 еншілес және тәуелді ұйымдар (бұдан әрі – ЕТҰ) кіреді, олардың қызметі Қазақстан экономикасының қомақты бөлігін құрайды. Осы ЕТҰ экономиканың әр түрлі, оның ішінде елдің болашақтағы экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар секторларында қызметін жүзеге асырады.

«Халықтық ІРО» бағдарламасы қызметі әлемдік шикізат нарықтарындағы конъюнктураға тәуелділік дәрежесі мейлінше төмен компаниялардың акцияларын халыққа ұсынуға бағытталатындықтан, Бағдарламада қарастыру үшін ықтимал кандидат ретіндегілер мыналар болып табылады:

1) «KEGOC» АҚ – диспетчерлеу функцияларын да орындайтын электр энергиясын магистралдық беру саласындағы монополист;

2) «Air Astana» АҚ – аса ірі қазақстандық авиатасымалдаушы;

3) «Самұрық-Энерго» АҚ – өзінің құрылымында электр энергиясын өндіру және бөлу жөніндегі, тас көмір өндіру жөніндегі активтері бар холдингтік компания;

4) «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ – темір жол тасымалдарымен байланысты қызметтердің барлық түрлері бойынша үстем жағдайды иеленетін компания.

Бұл ретте қандай да бір еншілес немесе тәуелді ұйымдардың қатысу мүмкіндігін бағалау «Самұрық-Қазына» АҚ үшін бақылауды сақтауды қамтамасыз ететін болады.

Өз кезегінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобында өндірілетін шикізаттың бағасынан түсетін кірістерге тәуелділігіне байланысты кәсіби емес бөлшек инвесторлардың қалың жігіне ұсыну үшін лайықсыз кандидаттар болып табылатын өндіру секторының компаниялары да бар.

Сонымен бірге, Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуына қарай өндіру компанияларының ІРО өткізілуі мүмкін, алайда кәсіби емес бөлшек инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында олардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы акцияларды жинақтаушы зейнетақы қорларының арасында орналастыру есебінен ғана, не бөлшек инвесторлар арасында тек артықшылық берілген акцияларды орналастырумен шектеліп жүзеге асырылуға тиіс.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның ірі өндіруші ЕТҰ-сына мынадай ұлттық компаниялар жатады:

1) «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – мұнай мен газды өндіру, тасымалдау, сондай-ақ мұнай өнімдерін кейіннен өңдеу және сату саласындағы аса ірі ұлттық компания;

2) «Қазатомөнеркәсібі» ҰАК» АҚ – тігінен интеграцияланған ядролық отын циклы бар уран кенін өндіру бойынша әлемдегі аса ірі компаниялардың бірі.

Өндіру секторындағы ұлттық компаниялардың құрамында қызметі шикізат нарықтарының конъюнктурасына тікелей тәуелді емес еншілес компаниялардың да бар екенін атап айту қажет, демек олардың «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуы ықтимал болып табылады, атап айтқанда олар «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКК» АҚ.

Осы уақытқа дейін «Самұрық-Қазына» АҚ барлық ЕТҰ ішінен акцияларын жария орналастыруды «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру» АҚ (2006 ж.), «Қазақтелеком» АҚ (2006 ж.) және «Маңғыстау электр желісін тарату компаниясы» АҚ (2008 ж.) өткізді. ЕТҰ тарапынан акцияларын бағалы қағаздар нарығына шамалы көлемін жария орналастырудың негізгі себептері мыналар болып табылды:

стратегиялық объектілерге жататын бірқатар компанияларда қатысу үлестері мен акцияларды орналастыруға немесе сатуға арналған заңнамалық кедергілер;

компанияның акционерлік капиталында иелену үлесінің акциялардың бақылау пакетінен төмендеуі қаупі;

жекелеген салаларда тарифтік реттеудің жетілмегендігі;

дамыған бағалы қағаздар нарығының болмауы және қаржылық жағынан сауатты инвесторлардың салыстырмалы шағын базасы;

жаһандық экономиканың белсенді түрде өсуі барысында қол жетімді болған халықаралық нарықтардан тартылатын қарыз капиталы түріндегі салыстырмалы барынша арзан қаржыландыру;

қаржы-шаруашылық қызметінің теріс нәтижелері;

акивтерге ауқымы ірі қайта құрылымдау жүргізу қажеттілігі немесе компанияны стратегиялық дамытуды түбегейлі өзгерту;

бірқатар компаниялардың салыстырмалы шағын мөлшері, бұл ықтимал инвесторлар үшін тартымлылыққа теріс әсер етеді.

Акцияларды жария орналастыруды жүзеге асыруға сыртқы кедергілердің болуын назарға ала отырып, компаниялардың бағалы қағаздар нарықтарына шығуы үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған бірыңғай шаралар кешенін қабылдау қажеттілігі туындайды. Бұл «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде қазақстандық акциялар нарығын дамытуды, оның ішінде кәсіби емес инвестор – Қазақстан халқы үшін барынша қолайлы ЕТҰ акцияларын дәйекті түрде орналастыруды жүргізуге арналған жағдайларды қалыптастыру жолымен дамытуды мемлекеттің мақсатты бағытталған қолдауы қажеттілігін ескертеді.

Акцияларды бағалы қағаздар нарығына орналастыруға құқықтық кедергілерді талдау

Қазіргі кезде Қазақстанда негізінен ІРО іске асыруға арналған қажетті нормативтік құқықтық база жасалды. Акционерлік қоғамдардың қызметін жақсартуға бағытталған бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, заңнамалық түзетулер бағалы қағаздар нарығын, базалық институционалдық инфрақұрылымды, эмитенттер мен инвесторларды қалыптастыруға оң әсер етті. Алайда Кандидат компаниялар мен өзге де мүдделі компаниялардың ІРО табысты іске асырудың қажетті шарттарын жасау үшін акцияларды орналастыру рәсімін қозғайтын ұлттық заңнаманы жетілдіру жөнінде қосымша шаралар қабылдау талап етіледі.

Жедел заңнамалық реттеуді талап ететін басым мәселелер жаңа акционерлердің пайда болуына кедергі келтіретін кейбір Кандидат компаниялардың жалғыз акционері ретіндегі ұлттық басқарушы холдинг туралы шектеулі ережемен байланысты.

Сонымен қатар таяудағы перспективада ІРО саласында құқықтық және реттегіш реформалар жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі күні акцияларды орналастыру мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы әлемдік озық практикаға сәйкес келтіру мақсатында оны жетілдіруге ықпал ететін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар пакеті қалыптастырылды.

Мемлекеттік реттеу


Қазақстан Республикасының Үкіметіне қадағалау және реттеу функцияларының берілуі фактісін, сондай-ақ тарифтердің, кеден баждары мен салық жинаудың әр алуан түрлерін белгілейтінін назарға алғанда, компаниялардың рентабельділік деңгейі мен нарықтық құны Қазақстан Республикасының Үкіметі мен мемлекеттік органдары қабылдайтын шешімдерге байланысты елеулі дәрежеде өзгеруі мүмкін.

Тарифтер көрсетілетін қызметтері реттелетін қызметтер тізбесіне енгізілген компаниялардың кірістілігіне елеулі әсер етеді. Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар саласында Қордың мынадай компаниялары өз қызметін жүзеге асырады – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазпочта» АҚ, сондай-ақ мынадай компаниялардың еншілес және тәуелді ұйымдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ: мысалы, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ және басқалар.

Табиғи монополиялар субъектілерін мемлекеттік реттеудің негізгі әдісі тарифті (бағаны, алым ставкасын) немесе олардың шекті деңгейін бекіту арқылы бағалық реттеу болып табылады. Тарифті мемлекеттік реттеудің негізін мынадай қағидаттар құрайды:

уәкілетті орган бекітетін табиғи монополия субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) арналған тарифтер (алымдардың бағалары, ставкалары) немесе олардың шекті деңгейлері реттелетін қызметтерді (тауарлар, жұмыстарды өндіру) көрсету үшін қажетті шығындардың құнынан төмен болмауы тиіс;

табиғи монополия субъектісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайданы алу мүмкіндігі.

Тарифтік реттеу мәселесі өзектілігінің негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларды іске асыру қажеттілігі болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі барлық мүдделі мемлекеттік органдармен ағымдағы операциялық шығындарды бір мезгілде қысқартып және инвестициялық міндеттемелердің орындалуына бақылауды күшейте отырып, инвестициялар салуды ынталандыру бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізудің орындылығы мәселесін зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді. Заңнамаға енгізілетін өзгерістердің орындылығын қарау ақылға қонымды мерзімде инвестициялардың ақталуы, сондай-ақ компаниялардың тұрақты дамуының сақталуы қағидаттарын ескере отырып, жүзеге асырылатын болады, бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметі халық мүдделерінің теңгерімін, табиғи монополиялар мен реттелетін компаниялардың, сондай-ақ тұтастай алғанда елдегі барлық бизнес қауымдастықтардың әртүрлі деңгейдегі бюджеттерін қамтамасыз ететін болады.

Бұдан өзге, ұзақ мерзімді тарифтердің немесе оларды есептеу мен бекітуге ашық тәсілдің болуы Кандидат компанияларға неғұрлым жоғары сенімділік дәрежесі бар кірістерді болжауға мүмкіндік береді, бұл акциялардың құнына оң әсер ететін болады. Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының Үкіметі тарифтерді (бағаларды) белгіленген тәртіппен бекіту және белгілеу, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдарды көрсетілген нарық субъектілерімен олардың инвестициялық тартымдылығын күшейту жөніндегі жұмысқа тарту арқылы инвестициялық ортаны жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастырады.

Кандидат компаниялардың нарықтық құнына теріс әсер етуі мүмкін мемлекеттік реттеудің өзге де әрекеттері мен шешімдері бөлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі басқа факторлардан өзге қабылданатын әрекеттер мен шешімдердің Кандидат компаниялардың нарықтық құнына ықтимал әсерін назарға алатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет