6. Негізгі тәуекелдер және оларды төмендету жөніндегі іс-шаралар
Әрбір Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру жүргізуді іске асыру табыстылығы ішкі де, сондай-ақ сыртқы да факторлар санының көп болуына байланысты болады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы мынадай негізгі тәуекелдерді, оны іске асыруға ілесушілерді және оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды ескереді.
1. Акциялар бағаларын елеулі төмендету тәуекелдері
Акциялар бағаларының шамадан тыс өзгермелілігі9 және елеулі түрде құлдырау кәсіптік емес бөлшек инвестор үшін шығындарға қатысты тәуекелдің негізгі көздері болып табылады.
Бағдарламаға қатысу үшін операциялық қызметтен барынша тұрақты және болжанатын ақша ағындары бар компаниялар ғана қабылданатын болады. Осындай іріктеу әлемдік нарықтарда жоғары өзгермелілік кезеңінде бағалар елеулі түрде құлдырағаннан кейін акцияларды сату үрдісі бар кәсіптік емес бөлшек инвесторлардың біршама шығындарының тәуекелін мейлінше азайтуға мүмкіндік береді.
Акциялар бағаларының жоғарғы түрде өсу кезеңінде қосымша өтімділікті және оларды негізсіз төмендету кезінде жеткілікті сұранысты қамтамасыз ететін инвестициялаудың ұзақ мерзімді деңгей жиегі бар ірі институционалды инвесторлар болып табылатын жинақтаушы зейнетақы қорлары акциялар бағаларының өзгермелілігін төмендету бойынша ерекше рөл атқаратын болады.
-
Қажетті реформаларды іске асыруды кейінге қалдыру тәуекелі
Бағалы қағаздар нарығында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының акцияларын орналастыру мерзімі Қазақстан Республикасының бірқатар нормативтік және құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу мерзімдеріне, бірақ олармен шектемей, оның ішінде тарифтік реттеуге, өзгерістер мен толықтыруларға, сондай-ақ инфрақұрылымды жетілдіруге байланысты болады. Осыған орай, осыған ұқсас реформаларды іске асыру біршама уақыт алады, оларды орындау қысқа мерзімде болуы мүмкін.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің және барлық мүдделі министрліктердің, ведомстволар мен басқа да мемлекеттік органдардың тарапынан қажетті реформаларға мерзімді және басым мәртебе беру туралы шешім қабылданатын болады. Кандидат компаниялар мен Қор тарапынан ІРО дайындау және жүзеге асыру үшін қажетті персонал бөлінетін болады.
-
Инвесторлардың шектелген тобы арасында акцияларды орналастырудың шоғырландыру тәуекелі
Акциялардың орналастырылуын жүзеге асыру кезінде «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуға халықтың тең және әділ қолжетімділігі қамтамасыз етілетін болады.
Тең қолжетімділік брокер және бүкіл ел бойынша бөлімшелердің тарамдалған желісі бар брокерлік қызметтердің трансфер-агенті ретінде «Қазпочта» АҚ-ны тарту есебінен елдің барлық өңірлерін қамту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру барысында жеке тұлғалардың шотын ашуға арналған брокерлердің тарифі және акцияларды сатып алу бойынша транзакция бөлігін өтеу тетігі пысықталатын болады, Бағдарламаға қатысу үшін халықтың барлық жіктеріне тартымды әрі тең жағдайлар жасалады.
Жеке тұлға сатып алуы мүмкін акциялардың барынша көп саны бойынша шектің болуы табыстың және әл-ауқаттың әртүрлі деңгейі бар халықтың қолдағы жинаған инвестициялауға әділ мүмкіндік береді.
-
Қолайсыз нарықтық конъюнктура тәуекелі
ІРО жүргізу сәтінде әлемдік және өңірлік қаржылық нарықтар жағдайының маңыздылығын назарға ала отырып, орналастырудың нақты мерзімдері жоспарланатын мерзімдерден ерекшеленетінін ескеру қажет.
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Директорлар кеңесі Қордың еншілес ұйымдарының ұсынысы бойынша әлеуетті инвесторлар тарапынан орналастырудың қолайлы бағасын алуды және жеткілікті сұранысын ескере отырып, акцияларды орналастыру үшін «терезе» таңдайтын болады.
-
Қаржылық сауаттылықтың және инвестиция беру жариялылығының жеткіліксіз деңгейінің тәуекелі
Қаржылық сауаттылық пен бағалы қағаздар нарығының, транзакциялық шығындар және салықтық салдарлардың жұмыс істеуі туралы жариялылықтың төменгі деңгейі халық тарапынан жеткіліксіз сұраныс түрінде жағымсыз нәтижелерге немесе білікті емес шешімдерді қабылдау нәтижесінде елеулі шығындарға алып келуі мүмкін.
Бағдарламаның білім беру бөлімі әлеуетті инвесторлардың барынша көп санын қамтиды, бұл ретте инвестор көтеретін барлық тәуекелдер мен салықтық салдарлар туралы ақпаратты қамтитын болады. Білім беру науқанының басы халықты инвестициялық қызмет туралы дағды мен білімге оқыту үшін жеткілікті уақытпен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылғы
4-тоқсанның басында берілетін болады.
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
«Халықтық IPO» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі ел тұрғындары үшін жинақ ақшаны инвестициялау мен әртараптандырудың қосымша құралын құру болып табылады. Негізгі әлеуметтік-экономикалық аспектілердің арасында осы міндетті мыналарға бөлуге болады:
бөлшек инвесторлардың кең шеңберін тарту;
Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның жоғары ауытқуын болдырмау;
бөлшек инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығында инфрақұрылымдық және заңнамалық шарттар жасау;
Жоғарыда көрсетілген факторларды назарға ала отырып, бөлшек инвесторлар тарапынан сұранысты ынталандыруға, ІРО жүргізгеннен кейін Кандидат компаниялардың акцияларына бағаның ауытқуын азайтуға, инфрақұрылымды қайта құруға және «Іс-шаралар жоспарының»
2-қосымшасында көрсетілген заңнаманы жетілдіруге бағытталған бірқатар шаралар қабылдау қажет.
Бөлшек сұранысты ынталандыру
Халықты «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру үдерісіне тартудың негізгі тетігі Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алу кезінде ынталандыру және көтермелеу жүйесін бөлшек инвесторлар үшін құру болжанып отыр.
Бөлшек инвесторларды көтермелеудің мынадай әдістері болуы мүмкін:
а. Акцияларды сатып алуды көтермелеуге және бөлшек инвесторлардың кең шеңберін қамтуға бағытталған тетіктер:
1. Егер акцияға сұраныс ұсыныс көлемінен асып кеткен жағдайда, акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастырғанға дейін алдын ала тіркеу бойынша өтінім берген инвесторлардың пайдасына орналастыру кезінде акцияларды басымдықпен бөлу;
2. Инвесторлардың әртүрлі топтары арасында акцияларды қайта бөлу мүмкіндігі, яғни инвесторлар топтары бірінің тарапынан акцияға жоғары сұраныс болған жағдайда, акциялардың қосымша саны белгіленген мерзімнен кейін инвесторлардың басқа топтары үшін ұсыныстар қайта бөлінуі мүмкін. Осы шара акцияларды орналастыру кезінде инвесторлардың кейбір топтарында сұраныс пен ұсынысты реттеуге мүмкіндік береді.
3. Акцияларды бірінші орналастыру жүргізу кезінде бөлшек инвесторлар үшін брокерлік қызмет көрсетуге жеңілдікті тарифтер (мұндай жеңілдіктерді беруге келіскен брокерлік компанияларда);
4. Бір инвестордың қолында акциялардың үлкен пакеті шоғырлануын болдырмау мақсатында, әрбір бөлшек инвестор үшін Кандидат компаниялар акцияларының барынша ықтимал пакетін сатып алу бойынша шектеулер.
б. Акциялар ұстауды көтермелеуге бағытталған тетік;
-
Бұрын белгіленген тіркелген кірісті (дивидендті) мерзімді төлеуді көздейтін артықшылығы бар акцияларды пайдалану. Бұл тетікті Кандидат компаниялардың ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі мақұлдайды.
Көтермелеу әдісін анықтаған кезде нарықты алдын ала зерттеудің маңызды рөлін атап өткен жөн. Зерттеу мақсаты, бұдан басқа, кірістіліктің күтілген деңгейі, көтермелеу әдісі, әлеуеті жоғары сұраныс топтарының демографиялық, географиялық және экономикалық сипаттамасы болуы мүмкін.
Бұдан өзге, көтермелеу әдістері мен көлемін таңдау кезінде құқықтық және нормативтік, оның ішінде салық салу саласындағы мәселелерді назарға алу қажет, өйткені осы аспектілер нақты көтермелеу әдісін іске асыруға, сондай-ақ таңдалған әдісті басқаруға акционерлер мен Кандидат компаниялардың дайындық деңгейіне әсер етеді. Осыған байланысты, көтермелеу мен ынталандырудың нақты түрлерін таңдау акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруға дайындық кезінде әрбір Компания үшін дербес анықталатын болады.
Инфрақұрылымдық қайта құрулар
Бағалы қағаздар нарығының қолданыстағы инфрақұрылымы білікті қызметкерді, тиісті жүйелердің болуын қоса алғанда қажетті ресурстармен қамтамасыз етілуі қажет, ол клиенттік бұйрықтардың дәл әрі уақытында орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық талаптарға жауап беретін болады.
Атап айтқанда, орталық депозитарий, брокерлер, тіркеушілер, трансфер-агенттер инфрақұрылымы мен нормативтік базасын жетілдіру жөніндегі шаралар қатарын жүзеге асыруы қажет.
Орталық депозитарий
Орталық депозитарий ұсынатын қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін және сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезекті іс-шаралар мынаны қамтиды:
-
инвесторларға берілетін деректерді өңдеу үдерісін жеделдету мақсатында бағдарламалық шешімдерді енгізу арқылы деректерді енгізу бойынша қолмен атқарылатын жұмыстар көлемін қысқарту;
-
клиенттерге шоттарды ашу үдерісін жылдамдату және деректерді өңдеу көлемін ұлғайту мақсатында орталық депозитарийдің жұмыс істеп тұрған жүйесін дербес сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімімен біріктірудің орындылығын қарау;
-
бағалы қағаздар аударымдарын тиімді тіркеу, ақпаратты уақытылы беру, қателікті азайту және т.б. үшін бұйрықтарды өңдеу қызметін автоматтандыру;
-
жұмыс істеп тұрған жүйелердің сенімділігін арттыру;
-
кітаптарды қалыптастыру үдерісін («бук-билдинг») ҚҚБ-ға енгізу барысында орталық депозитарийдің ҚҚБ сауда жүйесі мен есеп жүйесі арасындағы өзара іс-әрекетті жолға қою және тексеру.
Кейіннен шетелдік инвесторлар тарапынан мүдденің өсуі және капитал нарықтарында белсенділікті арттыру пайымдауларына негізделген жүйені одан әрі жетілдіру шаралары қаралуы қажет. Атап айтқанда, орта мерзімді перспективада халықаралық клирингтік және есеп айырысу ұйымдарымен (мысалы Еuroclear және Clearstream) ынтымақтастық орнауы қажет, ол халықаралық қатысушылар үшін ынтымақтастықтың ыңғайлы платформасын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Брокерлік компаниялар, трансфер-агенттер
Қазақстандық брокерлердің белсенді қатысуы бөлшек сұранысын нығайту үшін қажет болды, оның нәтижесінде бөлшек инвесторлар брокерлік компаниялар арқылы өз тапсырыстарын орналастыратын болады. Бұдан басқа, «Халықтық ІРО» бағдарламаны бірігіп іске асыруға мүдделі брокерлік компанияларды тарту арқылы Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру кезінде бөлшек инвесторлар үшін жеңілдікті брокерлік қызмет көрсету мүмкіндігін беру қажет.
Негізінен брокерлік компаниялар өз қызметін Алматы қаласында жүзеге асыратынын және халықты кеңінен қамту үшін филиалдарының өңірлік желісінің болмауын ескере отырып, трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыратын және өңірлерде тармақталған филиалдық желісі бар компанияларды тарту қажет.
Атап айтқанда, брокерлік және трансфер-агенттік қызметтер көрсету лицензиясы, сондай-ақ бүкіл елде 306 бөлімшеден тұратын тармақталған өңірлік желісі бар «Қазпочта» АҚ акцияларды таратудың әлеуетті арнасы ретінде қаралуы мүмкін. Сонымен қатар, «Қазпочта» АҚ-да көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мақсатында автоматтандыру үдерісін, ішкі бақылауды, жүйелердің сенімділігін, қызметкердің біліктілігін жақсарту және басқалар жөнінде жұмыстар жүргізілуі қажет.
Тіркеушілер
Бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығында акциялардың айналымы кезінде бөлшек инвесторлар иелік етуі ОД мен брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздарын есепке алу жүйелерімен ғана шектемей оларға тиесілі акцияларға, сондай-ақ бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін жүргізу жүйесінде мәмілелерді тіркеу жолымен тіркеуші арқылы акциялар бойынша мәміле жүргізуі мүмкін.
«Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды бірінші орналастыру сәтіне акцияға меншік құқығын тіркейтін және эмитент акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқық беретін құжаттың бірыңғай пішімін әзірлеу және енгізу қажет.
Сонымен қатар, тіркеушілер қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында шотты ашу рәсімдерін қайта қарау және оңайлату, бағалы қағаздармен мәмілелер жүргізу, сондай-ақ қолмен істелетін жұмыстарды азайту жөнінде жұмыстар жүргізілуі тиіс.
Қазақстандық қор биржасы
Қысқа мерзімді перспективада қабылданатын шаралар, бірінші кезекте, сауда-саттық және өтімділік көлемін, сауда жүйесінің сапасын арттыруға, құқықтық қорғау тетіктерін жетілдіруге байланысты ҚҚБ мәселелерін шешуге бағытталуы қажет. Атап айтқанда, мыналарды қабылдау қажет:
-
«Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде қолданыстағы инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі ұсыныстарды енгізу бойынша кешенді шаралармен қатар ҚҚБ-да листинг өткізуге қазақстандық эмитенттерді ынталандыру мақсатында құқықтық талаптардың жаңа қағидасын әзірлеу;
-
«Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде мәмілелерге қызмет көрсету үшін бөлек сервер ашу;
-
бөлшек инвесторлар арасында орналастыру үдерісін тиімді жүргізу шеңберінде, өтінімдер кітабын (бук-билдинг) қалыптастыру тәртібімен сауда-саттықты ұйымдастыру қағидасын толықтыру.
Қысқа мерзімді міндеттерді іске асыру бағалы қағаздар нарығында Кандидат компаниялардың шығу сәтіне, яғни 2012 жылғы 1-тоқсанда аяқталуы қажет.
Биржалық инфрақұрылымды жетілдіру жөніндегі орта мерзімді шараларды іске асыру шеңберінде жұмыс мынадай бағыттарға шоғырланатын болады:
-
брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тікелей қатысуынсыз ҚҚБ сауда-саттық жүйесіне тікелей қол жеткізу жүйесін одан әрі жетілдіру;
-
нарық қажеттіліктеріне сүйене және қабылданатын инвестициялық шешімнің салымдары мөлшері мен тиімділігін ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективада халықаралық тәжірибеге сәйкес сауда-саттық жүйесін жаңғырту;
-
жиілігі жоғары трейдингтің10 пайда болуына қарай инфрақұрылымды дайындау.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу
3.3-тармақта айтылған құқықтық тосқауылдарды болдырмау мақсатында мынадай саланы реттейтін заңнамаға өзгерістер енгізілетін болады: жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану, темір жол көлігі, электр энергетикасы, көлік, стратегиялық объектілер, Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық ережелері.
Қазақстан Республикасы азаматтарының «Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысуын ынталандыру мақсатында мына салаларды реттейтін заңнамаға да өзгерістер енгізілетін болады: бағалы қағаздар нарығы, оның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын сатып алуға шетелдік жеке тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтарын шектеу жөнінде, акционерлік қоғамдардың қызметі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.
Акцияларды орналастыру мәселелері бойынша заңнамаға түзетулер жеке және институционалдық инвесторларға жағымды әсер еткендіктен, ірі отандық компаниялардың транспаренттілігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, оларды енгізу үдерісі 2011 жылғы қарашаның ортасынан кешіктірілмей аяқталатын болады.
Ақпараттық-түсіндіру науқаны
«Халықтық ІРО» бағдарламасының маңызды элементтерінің бірі ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізу болып табылады.
Осы науқанның мақсаты – Бағдарламаны халыққа жеткізу және мақсатын, оны іске асыру тетіктерін түсіндіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығын арттыру.
Міндеттері:
-
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу қағидаттарын, үлестік қаржы құралдарына инвестициялау пайдасы мен тәуекелін қазақстандық қоғамда түсінуге қол жеткізу;
-
«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асырудың бүкіл кезеңі ішінде оған қоғамда оң көзқарасты ынталандыру және қолдау;
-
Әлеуетті бөлшек инвесторлардың барынша кең тобын бағдарламаға қатысуға (акцияларды сатып алуға) тарту.
Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін екі дербес бағыт ретінде Ақпараттық-білім беру және Маркетингтік науқан іске асырылатын болады.
1. Ақпараттық-білім беру науқаны.
Осы науқан шеңберіндегі жұмыс мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының қаржы-инвестициялық сауаттылығы деңгейін арттыру, бағалы қағаздар нарығындағы операцияларға қатысуға азаматтардың көпшілік мүддесін ояту, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын Халықтық ІРО бағдарламасының мақсатын түсіндіру болып табылады.
Білім беру науқанын іске асыру 2011 жылғы 4-тоқсаннан басталады және Бағдарламаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жалғастырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп халықты жалпы қаржылық сауаттылыққа оқытуды жүзеге асыратын болады.
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Халықтық ІРО» бағдарламасында ұсынылатын мүмкіндіктерді түсіндіру бөлігінде ақпараттық науқанды жүрізетін болады.
Ақпарттық-білім беру науқаны шеңберінде республикалық және жергілікті теледидар пен радио арналарда ақпараттық-білім беру фильмдерін, аудио- және бейнероликтерді прокаты, сыртқы, баспасөз жарнамаларын орналастыру, брошюралар, буклеттер мен басқа да баспасөз өнімдерін таратуды жүзеге асыру көзделуде. Қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы (бұдан әрі – БАҚ) медиа-жоспарлар негізінде эфирге ақпараттық және талдамалық материалдар, жаңалық сюжеттері, білім беру мақалалары, сұхбаттар жарияланатын, шығатын болады. Теледидар арналарында бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеу қағидаттарын, акцияларды иелену пайдалары мен тәуекелдерін түсіндіруге арналған арнайы телехабарлар мен айдарлар ұйымдастырылатын болады.
Бағдарламаны алға жылжыту үшін «Халықтық ІРО» арнайы веб-беті құрылатын болады. Ақпарат интернет-ресурстарында, оның ішінде ақпараттық және мамандандырылған онлайн-басылымдарда, сондай-ақ «Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы жаңалықтар мен пікірлерді ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде де таратылады.
Ақпараттық-білім беру орталықтарында, оқу орындарында инвестициялық-қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер оқылатын, семинарлар өткізілетін болады. Сондай-ақ халыққа консультациялық ақпарат беру үшін «қауырт желі» (call-center) жұмыс істейтін болады.
Ақпараттық-білім беру жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін социологиялық зертеу жүргізіледі, ол ақпараттық-білім беру науқаны шеңберінде қол жеткізілген нәтижелерді бағалауға мүмкіндік береді, қажет болған жағдайда оның мазмұнына түзетулер енгізілетін болады.
2. Маркетингтік науқан.
Осы науқанның шеңберіндегі жұмыс мақсаты «Халықтық ІРО» бағдарламасына қызығушылықты ынталандыру және акцияларды сатып алуға халықты тарту болып табылады. Маркетингтік науқан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және оның еншілес компанияларымен олардың ІРО-ға шығу қажеттілігіне қарай іске асырылатын болады.
1-эшелондағы (2011 жылғы 4-тоқсан) Кандидат компаниялар хабарланған сәттен бастап Ақпараттық-білім беру науқанымен қатар Бағдарламаға халықтың қатысу талаптары мен тәртібін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жүргізілетін болады. Маркетингілік науқан БАҚ-та эмитент компаниялар туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды, ІРО акциялары шеңберінде ұсынылатын жарнамаларды тарату, баспасөз маркетингілік өнімдерін шығару, БАҚ үшін брифингтер, дөңгелек үстелдер, тұсаукесерлер, промо-акциялар және басқаларды өткізуді қамтитын болады.
Акцияларды елдің барлық өңірлерінде ұсыну кезеңінде «Халықтық ІРО» тұжырымдамасын түсіндіру, бөлшек инвесторлар мен кәсіптік қаржылық қауымдастық тарапынан Бағдарламаға қатысуға қызығушылықты ынталандыру мақсатында роуд-шоу жүргізіледі. Акцияларды және роуд-шоуды ұсыну жөніндегі іс-шаралар 1, 2 және 3-эшелонның эмитент компаниялары іске асыратын болады.
«Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберіндегі ақпараттық жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұртшылықпен байланыс және БАҚ-қа жауап беретін бөлімшелер қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламасын іске асыратын болады.
Ақпараттық-білім беру және маркетингтік науқандар шеңберінде «Халықтық ІРО» бірыңғай нышаны қолданылады, осыған сәйкес ортақ жарнамалық тұжырым және бренд-бук әзірленіп қабылданатын болады.
8. Қажетті ресурстар
Қойылған міндеттерді орындау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ мен оның еншілес және тәуелді компанияларының меншік қаражаты, мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бөлінген Республикалық бюджеттің қаражаты және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа қаражат пайдаланылатын болады.
Қордың еншілес компанияларын шығару үдерісін қаржыландыру шеңберінде компанияның өз қаражатынан бірінші кезекті және кейінгі іс-шараларды өткізуге арналған бюджеттер әзірленетін болады. Осы қаражат консультанттардың қызметін төлеуге, акцияларды орналастыру үшін қажетті құжаттар дайындауға, roadshow өткізуге және басқаларға бағытталатын болады. Осы мақсатқа Қор компанияларының бюджетінен 750-1 500 млн. жуық теңге жіберілетін болады.
Халықпен ақпараттық-білім беру жұмыстарын іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлескен жұмыс жоспарланып отыр, ол халықтың жалпы қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған іс-шараларды өткізуді де жоспарлайды. Мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен заңнама мен олардың қызметін қамтамасыз етуге арналған бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жетілдіру бөлігінде бірлескен үйлестірілген жұмыс та жоспарланып отыр. Осы іс-шаралар шеңберінде бюджетте осы мақсатты іске асыру үшін қажетті қаражат көзделеді, ол бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржылық жылдарда үш жылдық орта мезімді даму жоспарларының шегінде нақтыланатын болады.
________________
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының
еншілес және тәуелді ұйымдары акцияларының пакеттерін
бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына
1-қосымша
IPO бағдарламасын өткізу
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік
қоғамының еншілес және тәуелді үйымдарының акцияларының
пакеттерін бағалы қағаздар нарығына шығару бағдарламасына
2-қосымша
«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с
№
|
Іс-шара
|
Аяқталу нысаны
|
Іске асыру мерзімі
|
Іске асыруға жауаптылар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1. І-эшелонның Кандидат компанияларын ІРО-ға дайындау
|
1
|
ІРО-ға дайындау үшін тәуелсіз консультанттарды тарту
|
Консультанттардың қызметтерін көрсету туралы шарттары
|
2011 жылғы қыркүйек
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
2
|
Аудиттелген жылдық қаржылық есептілікті дайындау
|
Аудиторлық жылдық есеп
|
2012 жылғы сәуір
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
3
|
Корпоративтік басқару жүйесін және тәуекелдерді басқару жүйесін диагностикалау және жетілдіру жүргізу
|
Өзгертілген редакциядағы ішкі құжаттар
|
2011 жылғы 3-4 тоқсан
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
4
|
Кандидат компанияларға заң сараптамасын жүргізу
|
Есеп
|
2012 жылғы сәуір
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
5
|
Бағалы қағаздар нарығында І эшелонның кандидат компанияларының акцияларын бастапқы орналастыруларын жүргізу
|
Акцияларды орналастыру
|
2012 жылғы 2-3 тоқсан
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
2. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
|
2.1. Трансфер-агенттік қызметтерді ұйымдастыру
|
6
|
Трансфер-агенттік қызметтерді көрсету үшін жағдайлар жасау
|
«Қазпочта» АҚ мен брокерлер арасындағы шарттар
|
2011 жылғы
қазан – қараша
|
«Қазпочта» АҚ
|
7
|
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде брокерлік және трансфер-агенттік қызметтерді көрсету мақсаты үшін «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметкерлерін оқыту
|
Бүкіл өңірлердегі «Халықтық ІРО» бағдарламасы мәселелерін реттейтін «Қазпочта» АҚ-ның білікті мамандарын тағайындау
|
2011 жылғы қыркүйек - қараша
|
«Қазпочта» АҚ
|
2.2. Бөлшек сұранысты ынталандыру
|
8
|
Бөлшек инвесторлардың акцияларды сатып алуы мен ұстауын ынталандыру әдістерін анықтау
|
Ынталандыру түрлері бойынша шешім
|
2012 жылдың
1-тоқсаны
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ
|
3. Инфрақұрылымдық қайта құрулар
|
3.1. KASE
|
9
|
Өтінімдер кітабын (бук-билдинг) қалыптастыру тәртібін көздейтін KASE қағидасына өзгерістер/толықтырулар енгізу
|
Бук-билдинг туралы ережелер ескерілген KASE қағидаға өзгерістер/толықтырулар
|
2011 жылғы
қазан - желтоқсан
|
ҰБ,KASE
|
3.2. Орталық депозитарий
|
10
|
ЖСН ұлттық тізіліміне қол жеткізу
|
Тізілімге қол жеткізу
|
2011 жылғы қараша
|
Әділетмині, ҰБ
|
11
|
Орталық депозитарийдің фронт-офисін ұлғайту
|
Қосымша қызметкерлерді тартуға арналған шарттар
|
2011 жылғы желтоқсан –
2012 жылғы қаңтары
|
ҰБ
|
4. Заңнамалық және нормативтік құқықтық реформалар
|
12
|
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының акцияларын орналастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу
|
Заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
|
2011 жылғы қыркүйек - қараша
|
ЭДСМ
|
5. Ақпараттық-білім беру науқаны
|
13
|
Халықтың жалпы қаржылық сауаттылығы бойынша ақпараттық-білім беру науқанын жүргізу
|
БАҚ-тағы хабарлар мен жарияланымдар, сондай-ақ қаржы-инвестициялық сауаттылықты арттыруға бағытталған білім беру семинарлары
|
2011 жылғы қазаны –2015 жылғы желтоқсаны
|
ҰБ, БАМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
14
|
«Халықтық ІРО» бағдарламасы туралы халықты ақпараттандыру
|
Халықтық ІРО бағдарламасындағы қатысу талаптары мен тәртібін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар кешені
|
2011 ж. қазаны –
2015 ж. желтоқсаны
|
ЭДСМ, БАМ
|
6. Маркетингтік науқан
|
15
|
Роуд-шоу, акцияларды бөлшек ұсыну жөніндегі іс -шаралар
|
Роуд-шоу, тұсаукесерлер, БАҚ-та ақпараттық материалдарды орналастыру, визуалды жарнамалар
|
2012 – 2015 жылдар, IPO-ға компаниялардың шығу тәртібіне сәйкес
|
«Самұрық-Қазына» АҚ және ЕТҰ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері
|
16
|
Шетелдік БАҚ-та «Халықтық ІРО» бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
|
Шетелдік БАҚ-тағы жарияланымдар
|
2011 жылғы қазан –
2015 жылғы желтоқсан
|
«Самұрық-Қазына» АҚ
|
Ескертпе: аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
БАМ – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
ҰБ – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
ТМРА – Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі
БҚА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
«Самұрық-Қазына» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
ЕТҰ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауақт қоры» акционерлік қоғамының еншілес және тәуелді ұйымдары
KASE– «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамы
ОД – «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы
__________________________
Достарыңызбен бөлісу: |