«самұРЫҚ-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры» акционерлік қОҒамының ЖӘне дауыс беретін акцияларының (Қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару қҰҚЫҒында «самұРЫҚ-Қазына»


-бөлім. Жалпы ережелер 1-тарау. Терминдер және анықтамалар



бет3/13
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Терминдер және анықтамалар

1) Актив – ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды және басқа да мүлікті, оның ішінде зияткерлік меншік объектілерін қоса алғанда, Қорға немесе Компанияға тиесілі жылжымалы немесе жылжымайтывн мүлік, сондай-ақ Компанияның теңгерімінде тұрған және Компаниялардың өткізуіне жататын Активтер мен Объектілердің бекітілген тізбесіне енгізілген заңды тұлғалардың акциялары және қатысу үлестері;

2) Ағылшындық әдіс – сауда-саттықтың бастапқы бағасы алдын-ала жарияланған қадаммен арттырылатын Аукцион (Электрондық аукцион) өткізу әдісі;

3) Аукцион – оның кезінде Актив немесе Объект жарыспалылық қағидатының негізінде жария түрде сату ұсынылатын тәсіл, онда иеліктен шығарылатын Актив немесе Объект үшін барынша жоғары баға ұсынған тұлға жеңімпаз деп танылады;

4) Аукционшы – Аукцион өткізетін және Аукционды өткізу техникасын иеленетін жеке тұлға, оның ішінде Бірыңғай оператордың немесе Компанияның қызметкері;

5) Аукциондық нөмір – Қатысушыға Аукционға қатысу үшін берілетін билетте көрсетілген, не Қатысушыға Электрондық аукционға қатысуға арналған Жүйе беретін Қатысушы нөмірі;

6) Голландтық әдіс – бастапқы баға алдын-ала жарияланған қадаммен төмендетілетін Аукцион (Электрондық аукцион) өткізу әдісі;

7) Екі кезеңдік конкурс – Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның белгілі бір біліктілік талаптарына сәйкестігін жеке және егжей-тегжейлі қарау көзделетін Конкурс нысаны;

8) Шарт – осы Қағидаларда көзделген рәсімдердің нәтижелері бойынша жасалатын, Компанияның өткізілетін Активті немесе Объектіні Сатып алушының пайдасына иеліктен шығаруы туралы азаматтық-құқықтық шарт;

9) Бірыңғай оператор – Қор Басқармасының шешімімен уәкілеттік берілген, Холдингтің құрамына кіретін, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Компанияға тиесілі Активтер мен Объектілерді өткізумен байланысты қызметті жүзеге асыратын ұйым;

10) Актив немесе Объект бойынша қорытынды – Сауда-саттықты ұйымдастырушы өткізетін Активті немесе Объектіні алдын ала дайындау нәтижелері бойынша Активті немесе Объектіні өткізу үшін жасалатын бірыңғай қорытынды;

11) Екі кезеңдік жабық конкурс – Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның белгілі бір біліктілік талаптарына сәйкестігін жеке және егжей-тегжейлі қарау көзделетін, Сауда-саттық туралы хабарлама белгілі бір тұлғалар тобына жіберілетін және жарияланбайтын Конкурстың түрі;

12) Сауда-саттық туралы хабарлама – қандай да бір тәсіл пайдаланыла отырып жіберілген немесе жарияланған, осы Қағидаларда көзделген мәліметтерді қамтитын Сауда-саттықтың өткізілетіні туралы хабарлама;

13) Комиссия – осы Қағидалардың 1-тармағында көзделгендей, Салалық компанияның Комиссиясын немесе Қордың Комиссиясын білдіреді;

14) Салалық компанияның Комиссиясы – әрбір жеке Салалық компанияның жанынан құрылған болып табылатын Активтерді немесе Объектілерді өткізу мәселелері жөніндегі Салалық компания Комиссиясы, оның құрамы тиісті Компанияларға тиесілі Активтер мен Объектілерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен өткізуге қатысты шешім қабылдайтын, сондай-ақ осы үдерісті үйлестіретін және бақылайтын тиісті Салалық компанияның бірінші басшысының шешімімен бекітіледі;

15) Қордың Комиссиясы – Қордың жанынан құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылатын Активтерді немесе Объектілерді өткізу мәселелері жөніндегі комиссия, оның құрамы Компанияларға тиесілі Активтер мен Объектілерді өткізуге қатысты шешімдер қабылдайтын, сондай-ақ осы үдерісті үйлестіретін және бақылайтын Қор Басқармасының шешімімен бекітіледі;

16) Компания – Холдингтің құрамына кіретін, Активті немесе Объектіні меншік құқығында иеленетін, осындай Активті немесе Объектіні сату туралы шешімді тікелей немесе жанама түрде Қор айқындауы мүмкін ұйым;

16-1) Қор активтерін басқару жөніндегі компания (ҚАБК) – Холдингтің құрамына кіретін және Қор Басқармасының шешімімен Қор активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған ұйым;

17) Конкурс – Сауда-саттық тәсілі (оның ішінде, Екі кезеңдік ашық конкурс, Екі кезеңдік жабық конкурс), оның кезінде Сауда-саттықтың жеңімпазы сатып алу бағасы туралы шартты қамтитын Активті немесе Объектіні сатып алу шарттарының кешенді ұсынысын қамтитын Ашық конкурсты және Электрондық конкурсты өткізу кезінде Конкурстық ұсыныстарды және Конкурстық өтінімді салыстыру негізінде анықталады;

18) Конкурстық өтінім – Сауда-саттық туралы хабарламаға, Объект жөніндегі құжаттама Пакетіне және Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген өзге де мәліметтерге сәйкес жасалған Ашық конкурсты және Электрондық конкурсты өткізу шеңберінде Қатысушы ұсынатын, Комиссияның конкурсқа қатысушыларды аукционға жіберу туралы шешім қабылдауы үшін Активті немесе Объектіні сатып алу шарттарының кешенді сипаттамасын қамтитын ұсыныс;

19) Конкурстық ұсыныс – Сауда-саттық туралы хабарламаға, Объект жөніндегі құжаттама Пакетіне және Сауда-саттықты ұйымдастырушы берген өзге де мәліметтерге сәйкес жасалған, сатып алу бағасы туралы шартты қоса алғанда, Активті немесе Объектіні сатып алу шарттарының кешенді сипаттамасын қамтитын, Конкурсты өткізу шеңберінде Қатысушы жіберетін ұсыныс;

20) Мүдделер қақтығысы – Комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның Комиссияның шешімдер қабылдауына қатысуы кезінде әділдігіне әсер етуі мүмкін жағдай;

21) Ең төменгі баға – Активті немесе Объектіні бағалау құны туралы есептің негізінде, егер мұндай есеп дайындалса, Комиссия бекіткен Активті немесе Объектіні бағалау құнының 50 %-нан аз шаманы құрайтын, Комиссияның шешімімен белгіленетін баға;

22) Бастапқы баға – Актив немесе Объект бойынша Қорытындыны және осындай Қорытындыға қоса берілетін материалдарды ескере отырып Комиссия белгілейтін және Активтің немесе Объектінің Бастапқы бағасын анықтау үшін пайдаланылатын Активтің немесе Объектінің бағасы;

22-1) Тәуелсіз консультант – құқық, қаржылық-экономикалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, өндірістік-техникалық және технологиялық талдау саласында зерттеу, консультация беру, қорытылар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі кәсіптік қызметті жүзеге асыратын, тиісті білімі мен тәжірибесі бар жеке және заңды тұлға;

23) Объект – Компанияның мүліктік құқықтары оған қолданылатын Компанияға тиесілі және Компанияның өткізуіне жататын Активтер мен Объектілердің бекітілген тізбесіне кіретін жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік;

24) Қамтамасыз ету – Сауда-саттыққа қатысуға өтінішті және Сауда-саттыққа қатысуға үміттенетін тұлға енгізетін Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын Комиссия шешімімен белгіленетін мөлшердегі кепілді жарна түріндегі қамтамасыз ету, не мемлекеттік мүліктің веб-порталында Активті немесе Мүлікті иеліктен шығару кезіндегі банк кепілдігі;

25) Жүйе операторы – Жүйенің техникалық жай-күйіне жауап беретін және Активтерді немесе Объектілерді өткізу жөніндегі Сауда-саттықты өткізу үшін оған қол жетімділік беретін ұйым;

26) Сауда-саттықты ұйымдастырушы – Қор Басқармасының шешіміне сәйкес жеке Активке немесе Объектіге қатысты Активті немесе Объектіні өткізуге жауап беретін тұлға (Салалық компания, Бірыңғай оператор немесе өзге де тұлға);

27) Екі кезеңдік ашық конкурс – Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғаның белгілі бір біліктілік талаптарына сәйкестігін жеке және егжей-тегжейлі қарау көзделетін, оған қатысуға өтінішті адамдардың шектелмеген тобы бере алатын Конкурстың түрі;

28) Ашық конкурс – оған қатысуға өтінішті адамдардың шектелмеген тобы бере алатын Конкурстың түрі;

29) Салалық компания – қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) елу пайыздан астамы Қорға тікелей тиесілі және оған Компанияның қатысу үлестерінің (акциялар пакеттерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлға;

30) Бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар және бағалаушылар палаталары бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

31) Актив немесе Объект бойынша құжаттама пакеті – Сауда-саттық қатысуға арналған өтінішті және/немесе Сауда-саттықты өткізудің шарттары мен тәртібі туралы және сатылатын Актив немесе Объект туралы мәліметтерді қамтитын Конкурстық ұсынысты не Конкурстық өтінімді дайындау үшін Сауда-саттықты ұйымдастырушы беретін құжаттама;

32) Жеңімпаз – Ағылшындық әдісті пайдалану кезінде сатылатын Актив немесе Объект барынша жоғары баға ұсынған, немесе Голландтық әдісті пайдалану кезінде Активті немесе Объектіні жарияланған баға бойынша сатып алуға бірінші болып келісім берген Аукционның немесе Электрондық ауккционның қатысушысы не Комиссияның шешімі бойынша Активті немесе Объектіні сатып алудың барыншы жақсы шарттарын қамтиды деп танылған Конкурстық ұсыныс немесе Конкурстық өтінім;

33) Сатып алушы – Активті немесе Объектіні Шарттың негізінде сатып алған жеке тұлға немесе заңды тұлға, не осындай заңды тұлғалардың бірлестігі (консорциум, одақ және т.б.);

34) Қағидалар – осы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді өткізуінің бірыңғай қағидалары;

35) Сатып алу қағидалары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей және жанама түрде меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық-Қазына» АҚ-қа тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу қағидалары;

36) Активті немесе Объектіні алдын ала дайындау – Сауда-саттықты ұйымдастырушының талдау және өткізілетін Активке немесе Объектіге, сондай-ақ олармен байланысты Актив немесе Объект бойынша Қорытынды олардың нәтижелері бойынша жасалатын құжаттарға сараптама жүргізуі;

37) Тікелей атаулы иеліктен шығару – осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Қордың Уәкілетті органының, Қор Басқармасының және/немесе Комиссияның шешімі бойынша Активті немесе Объектіні Сауда-саттық өткізбестен, оның ішінде өтеусіз иеліктен шығару жолымен өткізу нысаны;

38) Электрондық сауда-саттық өткізу регламенті – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату жөніндегі электрондық сауда-саттық өткізу регламенті;

39) Өтініштер тізілімі – Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштердің қабылдануы туралы мәліметтерді қамтитын, қағаз немесе электрондық тасығышта қалыптастырылатын тізілім;

40) Комиссия шешімі – осы Қағидаларға сәйкес Активке немесе Объектіге қатысты Актив немесе Объект бойынша Қорытындының негізінде Комиссия қабылдайтын шешім;

41) Жүйе – Қор Басқармасы белгілеген ақпараттық жүйе, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес Электрондық конкурсты немесе Электрондық аукционды ұйымдастыру және өткізу үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, Интернет желісінде: www.gosreestr.kz мекенжайында орналастырылған мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы – интернет ресурсы;

41-1) Бірлескен қор – Активті немесе Объектіні иелені және олардың инвестициялық тартымдылығын ұлғайту мақсаттары үшін Басқарушы компаниямен және Қормен/Салалық компаниямен бірлесіп құрылатын заңды тұлға;

42) Бастапқы баға – әрбір сатылатын Актив немесе Объект бойынша бағаларға қатысты (Ашық немесе Электрондық конкурс кезінде) Аукцион, Электрондық аукцион немесе Комиссия отырысы одан басталатын баға;

43) Стратегиялық объект – қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы бар, оны иелену және (немесе) пайдалану және (немесе) оған билік жасау Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне әсер ететін мүлік;

44) Ағымдағы баға – бағаларға қатысты (Ашық немесе Электрондық конкурс кезінде) Аукционның, Электрондық аукционның немесе Комиссия отырысының барысында қалыптасатын Активтің немесе Объектінің бағасы, не егер оны өзгерту әлі ұсынылмаса, Бастапқы баға;

45) Сауда-саттық – Активті немесе Объектіні Конкурс немесе Аукцион тәсілімен өткізу нысаны;

46) Қордың Уәкілетті органы – Қордың Басқармасы белгілеген Қордың уәкілетті тұлғасы (бөлімшесі);

46-1) Басқарушы компания – Активтің немесе Объектініің инвестициялық тартымдылығын жақсарту мақсатында оларды сенімгерлікпен басқару бойынша қызметтер көрсету үшін Активтің немесе Объектінің меншік иесі тартқан заңды тұлға;

47) Қатысушы – Сауда-саттықтың өткізілуі нысанына қарамастан, оған қатысу үшін белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға;

48) Қор – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;

49) Холдинг – Қор мен акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында Қорға тікелей немесе жанама тиесілі заңды тұлғалардың жиынтығы. Жанама тиесілі – меншік немесе сенімгерлік басқару құқығындағы өзге заңды тұлғалардың акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы әрбір кейінгі заңды тұлғаға тиесілі болуын білдіреді;

50) Сату бағасы – Сауда-саттықтың нәтижесінде, не осы Қағидаларда белгіленген өзге де тәртіппен анықталған Объектінің түпкілікті бағасы;

51) Электрондық көшірме – түпнұсқа құжаттың ЭЦҚ арқылы куәландырылған электрондық-цифрлы нысандағы түрін және ақпаратын (деректерін) толық көрсететін құжат;

52) Электрондық-цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық-цифрлы қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық-цифрлы символдардың жиынтығы;

53) Электрондық аукцион – электрондық форматтағы жүйе пайдаланыла отырып өткізілетін аукционның түрі;

54) Электрондық құжат – ақпарат ЭЦҚ арқылы куәландырылып электрондық-цифрлы нысанда ұсынылатын құжат;

55) Электрондық конкурс – Қатысушылар Сауда-саттыққа қатысуға арналған өтініштерін және/немесе Конкурстық өтінімді Жүйе арқылы электрондық нысанда жіберетін, Жүйе пайдаланылып өткізілетін Ашық конкурстың түрі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет