Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының,
қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері,
ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым,
аудармашы.
3.5 Әлихан Бөкейхановтың әлеуметтанулық ой-пікірлері
«Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қазақтар», «Сұлтан Кенесары Қасымов
тарихына материалдар», «Би һәм билік», «Далалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары», «Екі жол», «Төртінші Дума һәм
қазақ»және т.б. монографиялары мен мақалаларында көйкесті проблемалар ретінде қарастырылып зерттелді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы
күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт
интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі
жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене
араласады.
«Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан
қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына
өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына
сәйкес қосып отырған.
«Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты
кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды.
|