Жоспар
І. Кіріспе..................................................................................................2-3
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Балабақшада оқытудың тиімді жолдары...................................
1.2
ІІ Балабақшада сауат-ашуды түсіндірудің әдістері
2.1. Сауат ашу кезеңін ұйымдастыру жолдары..............................
2.2. Тасмалданбайтын сөздер...........................................................
2.3. Сауат ашуда тілдің қызыметі....................................................
ІІІ. Қорытынды.................................................................................22-23
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................24
V. Қосымша....................................................................................25-26
Кіріспе
Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқуы мен жазуды игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.
Кез келген мектепкен дейінгі білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты- балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Бала мектепте жақсы оқуы үшін оған белгілі білім мен дағдылар қажет ( алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс әрекет біліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталануын дағды деп атайды. Мектепте оқуға қажетті білік, дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет арнайы (қосу, азайту, оқу, жазу, сурети салу және т.б.) және кез келге сабақтарға қажетті жалпы түрлері бар. Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады. Бірақ олардың алғы шарттарын осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
Баланың жетекші іс- әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде ұйымдластырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері мектептегі оқу іс- әрекетінің бір шама элементтерін игерудің негізін құрайды. Мектепке даярлауда балабақшада ересек топ балаларын симметриялық формаларды салуда орталық сызықты салуға үйретеді. Бұл өз кезегінде бейнелеу сабақтарында негізгі сызықтан бастап вертикальды,горизантальды, қиғаш сызықтарды симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін салуға үйрету болып табылады. Балабақшадағы суретті жабыстыру мүсіндеу сабақтары мектептің бейнелеу, математика,еңбек сабақтарына дайындауға септігін тигізеді. Жазу мен сурет салуда балаға денесін дұрыс ұстау, қаламды дұрыс ұстау дағдылары қалыптасады. Балабақшада балалармен жұмыс жасауда оларға білім беріп, дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
Балалардың сауатын ашу және математикалық білім беру арнайы ұйымдастырылған сабақтарда жүзеге асырылады. Олардың басты мақсаты - балаларда жазу мен санауды үйретудің алғы шарттарын қалыптастыру.
Жазу келешекте бүкіл оқу үдерісі құрылатын базалық дағды. Жазуға үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.[8]
Достарыңызбен бөлісу: |