Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет8/61
Дата23.09.2023
өлшемі3.24 Mb.
#478395
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61
Саурыкова-Ж.-диссертация

Диссертация құрылымы: Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, 
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. 
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, 
болжамы, міндеттері, жетекші идеясы қамтылған. Жұмыста қолданылатын 
зерттеу әдістерінің ерекшеліктері көрсетіліп, зерттеудің әдіснамалық және 
теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің 
ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталады. Сонымен 
бірге, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі, 
негізділігі, сынақтан өткізілуі, тәжірибеге енгізілуі мен диссертация құрылымы 
қамтылып, көрсетілді. 
«Бастауыштағы 
пәнаралық байланысты жаңартылған білім 
мазмұны жағдайында жүзеге асырудың ғылыми-теориялық негіздері» 
атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге қатысты философиялық, 
психологиялық, педагогикалық зерттеулердегі ғалымдар ой-пікірлері, идеялары 
мен тұжырымдары талданды. Бастауыш білім беру кезеңінде пәнаралық 
байланыстар арқылы оқушылардың жеке тұлғалық болмысын дамытуда орын 
алатын ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық 
нобайы жасалынды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын 
қалыптастырудың құралы ретінде пәнаралық байланыстың мазмұны мен мәні 
қарастырылып, зерттелді. Пәнаралық байланыстың теориялық негізі 
анықталып, жаңартылған білім мазмұны арқылы оқушылардың пәнаралық 
байланыстар 
негізінде 
ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастырудың 
педагогикалық мүмкіндіктері айқындалып, бүгінгі жағдай тұрғысынан 
сипатталды. 
«Бастауыштың педагогикалық үдерісінде пәнаралық байланысты 
жүзеге асырудың тәжірибелік-әдістемелік жолдары» атты екінші бөлімінде  
бастауыш сынып оқулықтарына, оқу бағдарламасы мен әдістемелік нұсқауларға 
талдау жасалынды. Бастауыш сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын 
пәнаралық байланыстар негізінде қалыптастыру үшін жүргізілген тәжірибелік-
эксперимент жұмыстарының қорытындылары шығарылды. Бастауыш оқу-
тәрбие үдерісіндегі пәнаралық байланысты жаңа білім беру мазмұнындағы 
ортақ бөлімдер мен ортақ тақырыптар жүйесінде пайдаланудың педагогикалық 
шарттары 
айқындалды. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастыруда 
пәнаралық 
байланыстың 
мәні 
мен 
маңыздылығы анықталып, оларды ұйымдастырудың жолдары, әдістері 
көрсетілді.


11 
Қорытындыда жаңартылған білім мазмұны негізінде бастауыш 
сыныптарда пәнаралық байланыстар жүзеге асырылған теориялық және 
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелері мен қорытындылары 
негізінде тұжырымдар жасалынды және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар 
берілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет