Саясаттағы саяси мәдениеттің рөлін көрсетіңіз



Дата13.09.2023
өлшемі22.97 Kb.
#477457
с


  1. Саясаттағы саяси мәдениеттің рөлін көрсетіңіз.

Саясаттағы саяси мәдениет ағылшын тілінен аударылғанда саясаттың даму жолындағы тәрбие мен білім деген мағына береді. Жалпы айтқанда, белгілі бір әлеуметтік не болмаса, қоғамдық жиындықтардың арасындағы саяси әреткеттер мен сананың жиындығы. Атқарушы үкімет пен ел азаматтар арасындағы келісімді шарттар, ұстанымдар, нұсқаулықтар, адамдардың жеке құқықтардың сақталу жөніндегі жарлықтар жүйесі. Бұл саяси мәдениет қоғамдағы барлық салаға тікелей әсер етеді. Саяси сананың мәдениеті моралдық нормалардың қатаң сақтай отырып екі арадағы мәдени көріністі дәнекерлейді.
Ендігі кезекте, саяси мәдениеттің негізгі құрылымдарына тоқталып өтейін. Ең бірінші саяси мәдениеттің құрылымына саяси институттар және оның жүйесі, билік, басқару, саяси тәртіп және тағы басқа. Бұл тізбектің келесі құрылымына халық жағына басымдылық жасайтын моралдық құндылықтарды топтастыруға болады. Мысалға, «еркіндік», «әділеттілік», және «теңдік» мәселесі. Ал келесі бір сатысына мемлекеттің адамдарға деген, адамдардың мемлекетке деген қатынасын кіргізуімізге болады. Мәселе түрлі шағын ұйымдар мен ірі партияларды айтуымызға болады. Бұл бөліктің ұстанымы әр тарап өз «ИДЕЯСЫН» насихаттау. Ең соңғы сатысына мәдениеттің діңгегі болып саналатын халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері мен саяси рәміздері. Саяси мәдениеттің объективті көрінісі бұл әрине еліміздің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, ұлттық валютасы мен Ата заңы.
Саяси мәдениеттің негізгі мақсаты бұл саяси интитуттар мен оның жүйесіне қызмет ету кіреді. Ол дегеніміз мемлекеттік не болмаса партиялардың арнайы сайлауын ұйымдастыру, оны қадағалау болып табылады. Екі тарап арасындағы шешімдерді оң көзбен қарап, әртүрлі шиеленістердің болмауын алдын алады. Саяси мәдениет бір жағынан материалдық құндылықтарды естен шығармаса, бір жағынан моралдық ұстанымдарды алдынғы қатарға қояды.
Саяси мәденитеттің гносеологиялық қызметі белгілі бір саяси интитуттардың ұстанымдарын мызғымас ететін саяси білімнің классификациясын қамтиды. Бұл дегеніміз түрлі көмекші құралдарды қолдана отырып саяси шеңбердің айналасында әрекет жасау, келісімді шарттарды қатаң сақтау. Осы арқылы саясаттың міндеттің салыстыру арқылы қоғамдағы өмірде маңыздылық түсіну. Бұнын барлығы дегеніміз халықтың да, мемлекеттіңде мүддесін сақтау. Саяси мәдениеттің мүддесі тек заңдар мен қаулылар ғана емес әлеуметтік институттар арқылы да жүзеге асып жатыр. «Отан – отбасыдан басталады» демекші, ең бірінші отбасы, одан соң білім алу ұялары мен діни мекемелер, әскери басқармалар және де ең бастысы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асады.
Саяси мәдениеттің құндылықтық қызметін айтып кетпеске болмайды. Бұл құндылықтық қызметі түрлі саяси жағдаяттардың орын алуына қолайлы. Саясат сахнасында мәдени нормаларды меңгеруге көмектеседі. Түрлі жағдаяттарға субъективті баға беріп, адамдарға таңдау құқығын беруге септігін тигізеді. Мысалға, өзіміздің қазақ жұрттын алатын болсақ ауыл ішінде ақсақалдар жиын, хандықтарда билер алқасы төрелік етті. Халық арнайылар келіп өз назарлықтарын алдыға тартып әділ шешімдерін алып отырды. Қараша халықта ақсақалдар мен би-шешендерді шешімдерін әділ деп таныды. Және хандық тұста әр хан өзінің Ата заңын қабылдап отырды. Мысалға, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жол», «Жеті Жарғы». Осы шешімдерге халық құрметтілік танып, үкіметте халыққа таңдау еркін беріп саяси дағдарыстың алдын алады.
Саяси мәдениеттің танымдық, аксиологиялық, интегративті, коммуникативті, реттеуші, тәрбиелеуші және одан бөлек түрлі қызметтері бар. Мен бүгін тек танымдық және аксиологиялық қызметіне тоқталдым. Шын мәнісінде, саяси мәдениет объективті түрде ӘМБЕБАП.


  1. Саяси идеологияның маңызды концепцияларын сипаттаңыз.

Саяси идеологияның маңызды концепцияларына сипаттама бермес бұрын, «саяси идеология» дегенім не деген сұраққа жауап беріп өтейін. Саяси идеология саяси сананың құрамдас бөлігі әрі өзегі. Саяси идеологияның терминологиялық мағынасы белгілі бір саяси «бейненің көзін» ашу деп анықтама беріледі. Белгілі идеяның негізінде бағыт алады осының нәтижесінде түрлі топтардың әрекеттеріне нұсқаулық беріп, өзіндік мүддені қорқау. Адамдардың белгілі бір әлеуметтік топтардың қарым –қатынасына, жәнеде дамуына ықпал жасайды. Саяси идеологияның ерекшелігі – саяси болмыстың мәнің түсіндіреді және де оны сақтауға не болмаса өзгертуге бағыттайды.
Саяси идеология ғылым сахнасына ағартушылық ғасырда пайда болды. Ол кездегі адамдардың негізгі мақсаты өздері қойып отырған мақсаттарға сәйкес саналы түрде тәртіп орнаты. Бұнын барлығы прогресс алып келеді деген идеяны алға тартады. Адамдардың басты мақсаты өз талаптарына сай қоғамды құрғысы келеді, екі арадағы мызғымас келісімді қалады. Сонда ғана мемлекеттің гүлденетіннің нық білді. Шын мәнісінде, халық пен мемлекет арасында толерантты шешім қабылданатын болса халық дамып, мемлекет әлемдік аренада алдынғы қатардан көрініс алатын еді. Еліміздің президенті Қ-Ж. К. Тоқаевтың үштік тізбекті ұстануды ұсынады.
Саяси идеологияның атқаратын қызметтері ең бірінші танымдық қызметі, саяси сананы түсіндіреді. Екінші қызметі бағдарламалық. Қоғамдағы түрлі ол шағын топтық болсын, ол ірі партиялық болсын саяси институттар жайлы нақты мағұлматтар алады. Осы арқылы халық өзіне қажетті бағытты тандап өзінің мүддесіне сай әрекет етеді. Одан кейінгі үшінші қызметі іске асыру қызметі. Екі тарапты бір нүктеге жұмылдыру, мүддесіне сай оның қажеттіліктерін өтеу. Төртінші қызметі түрлі кикілжіндердің алдын алу және болған жағдайда бәсендету. Соңғы қызметі бұл баға беру қызметі. Идеология түрлі нәрселерді бақылай отырып, арнайы сүзгі жасайды. Адамдар өзіне қажетті өз ұстанымына сәйкес идеология қарай икемділе бастайды ол оң болсын ол теріс болсын. Осылау әлеуметтік топтардың пайда болуы тізбек бойынша жалғаса береді.
Саяси идеологияның маңызды концепциялары оның түрлерімеен, ұстанушы идеяларымен бөлініп шығып, негізделеді. Осы саяси идеологияның негізгі бес түрі бар. Бұл либерализм, коммунизм, консервативизм, социол-демокративизм, және ең соңғысы фашистік идеология.
Ең әуелі концепциясы либерализм. Терменологиялық баламасы «еркін» деген мағына білдіреді. Оның негізі Ренессанс дәуірінен басталды. Бұл кезде тек ғылым мен өнерде ғана емес саясатта еркін идеялар өз өзегін тауып жатты. Адамдар өз мүдделерін мемлекеттен жоғары қойып, табиғи құқықтарын сақтағысы келді. Либерализм демократияға жол ашты. Дегенмен, либерализм жеке мүддені қорғанмен нарық бәселекестіктігіне адамдар ілесе алмады. Осылай бұл идеологияны ұстанушылар бірте-бірте экономикасы гүлденбеді.
Екінші консепциясы консерватистік идеология. Бұл идеология өз мүдделерін түрлі теріс әрекеттер арқылы қорғады. Мемлекетке соққы беріп, түрлі бүліктер мен ереуілдер арқылы көрініс берді. Бұл саяси санаға ұлкен күйзеліс алып келді. Консерваттардан кейінгі идеология коммунизмдік. Біз идеологияны жалпыға жағдай жасау арқылы жүзеге асыра аламыз деп есептеді. Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастыруды көздеді. Барлығын өздері ойлағандай болғанын қалады. Ең соңғы екеуі социол-демократия мен фашисттік идеология. Бірі орта жол ұстанымы болса, бірі өте қауіпті эгоисттік идеология болды. Бұл әлемдік деңгейде соққы жасады.
Қорытынды ойымды, саяси идеологияның қандайда бір концепциясын болсын ол белгілі бір мүдде негізінде құрылды. Ол бір есе прогресс жаса, бір есе регресс жасады. Не болсада прогресс қарсы прогресс керек.


  1. Рухани жаңғырудың саяси философиялық негізін анықтаңыз.

2017 жылы елбасымыздың қолдауымен «Рухани жаңғыру» мақаласы жарыққа шықты. Бұл мақаласына сәйкес рухани жаңғыру дегеніміз не, оның саяси және экономикалық айырмашылығы бар? деген сауап көптін көкейін мазалап жүрді. Себебі, жаңару мен жаңғырудың аражігін әлі ажарта алмай, бұл сөздердің төркінін ешкім ажырата білмеді. Елбасымыз осы мақаласында еліміздің модернизациясының үшінші кезені жариялады. Бірінші кезеңі еліміз егемендік алған кезден бастап басталды. Бұл кезде Кеңес одағы ыдырап, әрі ел өз еншісін алып, еліміз жаңа мемлекет болып құрылды. Бұл тұста саясаты да, экономикасыда өте мүшкіл болды. Екінші кезеңі 1997 жыл. Бұл кезде біз нақты жоспармен мақсаттарға көштік. Осы арқылы еліміз экономикамыз дамып, бір кездері дағдарысқа ұшырады тіпті мұнай бағасы түсті. Кейінгі үшінші кезеңі бұл осы 2017 жылы басталды.
Елбасымыз жаңғырудың үш бағытын ұстады. Бірінші саяси бағыты конституциямызда тағыда оң өзгерістердің болуы. Өзгерістің басты мақсаты, өз өкілеттілігін парламентке және үкіметке беру. Зайырлы идеологияның жүзеге асыру, осы арқылы жауапкершілікті ұғындыру. Халық үніне құлақ салып, мемлекет беделін арттыру. Екінші бағытты бұл экономикалық бағыты. Еліміздегі жол, су, жер және де жұмыссыздық мәселелерін тек оларды қайта қолға алып жаңғырта аламыз. Басты мақсаты – ескі қателіктерден қорытынды шығарып, экономиканың жаңа кескінін құру. Елімізде әрине табиғи пайда-қазбалар өте көп, дегенмен оларды игере беру оның мүлде жойылып кетуі мүмкін. Бір күн болмаса бір күні таусылады. Сол себептіден халық әсіресе ел болашақтары жастар қолмен емес баспен жұмыс істейтін замаанға ауысу. Өзіміздің бойымыздағы капиталды өңдіріске шығару. Интеллектуалды тұрғыда дамып, бәсекелестікке қабілетті болу. Үшінші бағыты бұл рухани жаңғыру. Бұл дегеніміз біз өзіміздің санамыздың, сезімдік қабылдауымызды, мінезіміздің, іс-әрекетімізді өзгерту. Егер бірінші біз мемлекетіміздің өзгертікіміз келетін болсақ, өзімізді өзгертуімііз керек. Адам өзін өзгерту арқылы әлемді, келешектің нақты картасын сыза алады. Дегенмен, қоғамдық сананы өзгерту өте қиын. Біздің ел зайырлы мемлекет болғандықтан әртүрлі көзқарастар бар. Бұл әртүрліктерді бір жүйеге топтастыру өте қиын. Субъективті өзгеріс, объективті реттелуге алып келеді. Ең бірінші жастар өзінен бастау керек. Прагматиктік биімделік керек.
Рухани Жаңғырудың тағы бір аспектісі бұл болмысымыздың жаңғыруы. Көбі айтып жатады ескі бұл ұмытылған тарих оны қозғаудың еш мәнділігі жоқ деп. Дегенмен, ескіні жаңғыртатын болсақ ол бізге заман талабына сай нәтиже беруге алып келеді. Жаңғыру бұл ескі көзқарасты түпкілікті қабылдау емес, ескі көзқарасты заман талабына сай өңдей отырып жүйелеу. «Жаңару» мен «Жаңғырудың» арашығын ашып көруіміз керек. Себебі, бұл тарихта біздің түпкі болмысымыз жатыр. Біз осы айнаға қарап өзіміздің шын мәнісінде кім екендігімізді көре аламыз. Егер ағашта мықты діңгек болмас ол көпке бармайтын айшық сол секілді тек қазақ халқы ғана емес әрбір ұлт өзінің болмысын жоғалтпаса оның туы мәнгі самғайды.
Ойымды тұжырымдайтын болсам, тарих бұл тұтас ұлттың тағдыры. Кешегісі, бүгінгісі және ертені. Халықта мынадай бір жүйелі ой бар. «Егер ұлтты түпкілікті құртқын келсе оның тілі мен жазбаларын құрт деген екен.» Егер халық өз жұрттың тани алмаса әлемді еш тани алмайды. Оған анық мысал өз ұлтымыздың тағдырын мысалға келтіруге болады. Ендеше, мәңгі өзектілігімізді жоғалтқымыз келмесе «ұлттық кодымызды» ұмытпау керек. Егер сандықтың кілті болмаса ол ашылмайды. Ал ол кілттің иесі әр ұлттың өзі ғана. Әр халқымыздың қолында тарихтың мәнін ашатын, болашақтың «АЛТЫН КІЛТІ» болуы керек.

1. Саясат философиясындағы биліктің мәні

Саясат және билік ұғымы олар бір-біріне өте жақын ұғымдар қарапайым тілде айтсақ олар бір-бірінсіз мүлдем болмайды. Саясат яғни бұл билік. Саясат пайда болғанан бастап билік оған егіз ұғым ретінде қатар өмір сүрді.Билік және басқару жүйесі үнемі өзгерісте болған оған дәлел түрлі тарихи шығармалар болып табылады,


Бірінші кезең яғни ежелгі заман философиясындағы билік мәселесі. Антика немесе ежелгі қытай үнді философиясындағы билік жайлы ойлары. Антика философиясындағы билік жайлы ойларына тоқтала кетсек. Аристотель ол өз ойын былайша айтқан болатын : Саясат-адамдарды басқару өнері .Ғалым өмір сүрген уақытта қала мәдениетті және басқару өнері дамудың сара жолына түсті. Қалалар бір мемлекет ретінде қаралып ол жерлерде демократиялық қоғам орнады. Әрине сол кездегі аз санды халық үшін бұл билік түрін орнату ыңғайлы болды бірақ осыған қарамастан демократиялық билікке қарсы ой айтушы философтар көп еді.Аристотельдің ойынша билік тек ақылдылардың қолында болу керек яғни елді ең жақсы басқарушылар олар философтар деп есептеді. Философтар елді басқару керек деген ойды ұстанушы философ ғалымдар көп болды тіпті оларды өз еңбектерінде атап өтті мысалы : Платон,Аристотель.Әл-Фараби тағысын тағы.
Екінші кезең бұл орта ғасыр.Осы уақытта философияда ,ғылымда ,тіпті билікте толығымен діннің құрсауында қалды. Орта ғасыр философиясына біздер : Фома АкВинский, Авриеле Августин,Фараби,Ғазали,Ибн Сина т.б
Орта ғасыр да билік ұғымы дін және құдай ұғымдарымен бірге өмір сүрді қарапайым тілде айтсақ дін толығымен билікті өзіне бағындырды. Папалар билігі өте ықпалды болды олар ел билігіне араласып тіпті патшалрды сайлауғада құқылы болды. Билік және саясат жайлы ойлар ғалымдардың мына еңбектерінде көрініс тапты. Авриеле Августиннің Күн қаласы еңбегі, Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары,Жүсіп Баласағұнның Ақиқат сыйы т.б
Жаңа заман және қазіргі философияда билік жайлы ойлар өзгерді. Түрлі мемлекеттер құрлып олардың басқару жүйесіде әрқалай. Жиырмасынша ғасырда коммуснитіук және социалистік басқару жүйелері орнады.Қазірде көптеген елдер толыққанды демократиялық қоғам орнаған. Билік елді дамытатын алтын кілт.

2. Саясат философиясындағы саяси билік тұжырымдамалары.

Саясаттың ең негізгі мәселісі мәселесінің бірі ол билік екені хақ.Осы тұста билік байланысты ойларда әртүрлі мысалы: Орта ғасыр философтарының бірі Ибн Халдун өз сөзінде билік жайлы мындай ой білдірді: Адамдардың табиғаттағы жануарлардан ерекшелігі оның билік үшін күресуінде.
Ал танымал ағылшын әлеуметтанушысы Парсонс былай ой айтты: Экономикада ақша қандай маңызды болса саясаттада билік сондай маңызды.
Билік ұғымының әртүрлі мағынада әр салада қолданылады:
1.Отабасыдағы билік яғни ата-аналар билігі
2. Мемлеттік билік. Мемлекет аралық билік
3. Экономикалық билік.
4. Саяси билік
5.Рухани билік
6.Құқықтық билік
Адамдар пайда болғанан бастап билік өмір сүріп келеді осыған байланысты ғалымдар оларды бірнеше кезеңдергі жіктейді.
Бірінші кезең алғашқы қауымдық құрылыс. Адамдардың ьоп болып өмір сүруі,тірі қалуға ұмытылу.
Екінші кезең құлдық қоғам.Құлдық жүйенің орнауы бұл уақытта құлдар адамдар қатарынан шығарылды,бірақ соған қармастан дәл осы құлдық жүйенің арқсында өте ірі қалалар түрлі мәдени ескерткіштер жасалды.
Үшінші кезең феодалдық қоғам . Бұл қоғамдық жүйеде феод басты болды. Феодалистер яғни жер иелері өздеріне басы байлы шаруларды жұмысқа алды.Феодалистік қоғам деген аты болмаса құлдық жүйеге жақын болды. Шаруалар жер иелеріне толық тәуелді болды.
Төртінші кезең капиталистік қоғам. Капитализмде ең бастысы ол капитал . Менің ойымша кез-келген дамуды қалайтын қоғам капиталистік қоғамды орнатуы керек.Бұл жүйенің ең үлкен ерекшелігі дамуға ешқандайда кедергі жоқ, жеке адам яғни индивидке аса қатты көңіл бөледі. Ең бастысы сау бәсеке орнайды ал бәсеке сапалы дүниенің кепілі.
Тағы бір кезең деуге тұралық қоғам комунистік қоғам. Осы жүйе орнаған ел ол КСРО болатын. Әрине бұл қоғам тең құқылықты орнатқанымен оның ең үлкен кемшілігі бәрінің ортақ болуы және индивидтің дамуына кедергі жасалуы.Осыған байланысты болар КСРО сан жылдық тарихы болғанына қарамастан құрдымға кетті.
Билік қызметерін бірнеше топтарға жіктеуге болады.
* Қоғамда саяси жүйені қалыптастыру
*Әр түрлі деңгейдегі мемлекет пен қоғам істерінбасқару.
*Үкімет органдары , саяси емес процестерге басшылық жасау.
*Қоғамдық тәртіппен тұрақтылықты орнату.

3.Платонның идеалды мемлекет теориясы.


Платон антикалық философ көп философиялық еңбектердің авторы. Ең танымал еңбектерінің бірі ол Идеалды мемлекет. Осы еңбек толықанды философиялық негіздерге толы ол осы еңбекті мінсіз елдің белгілерін атап өтті.


Бірінші идеалды мемлекет азаматарының ойлары мен мүделері сол елге сәйкес келуі шарт. Мақсаттар мен мүделер сәйкестігі өз кезегінде мемлекеттік рух қалыптастырады. Мемлекеттік рух қоғам дамуының кепілі.
Платонның ойынша идеалды мемлекеттің ең негізі қағидасы ол жерде әділетіліктің болуы. Әділетілік жеке және тіпті мемлекет мүделеріненде маңызды болуы керек.Екіншіден әділетілік принципі әрбір тұтастықта орнауы шарт.
Платон өзінің идеалды мемлекетінің халқын үш топқа жіктеген:
* Философтар-билеушілер
*жауынгерлер
*қолөнершілер мен шарулар

Дәл осы үш топтың өкілдері өз жұмыстары атқару қажет. Ең биігінде филослофтар яғни ел басқарушылар болады. Олар мемлеттік мәселелерді елдің болашағына байланысты шешімдерді қабылдайды. Платон үшін елді философтардан артық ещкім басқаруға лайықты емес деп санады. Тисінше ел басқарушы философтарға қойылатын талапта аса жоғары болды. Олар білімді және ең бастысы адал болуы керек елді эмлция емес рационалды билік етуі шарт. Әрине философ болған кез-келген адам рационалды ойлаушы деуге келеді бірақта олар үшін алдымен мораль және этикалық талаптарға сәйкес билік етуі шарт. Антика заманында философтар аса сыйлы болды сондықтанда болар көптеген антика философтары билікті басқарушылар міндетті түрде философ болуы керек деп ойлауы.


Екінші топ өкілдері олар жауынгерлер. Бұл тап өкілдері физикалық тұрғыдан мықты болуы керек былайша айтқан шыныққан шымыр болуы шарт. Жауынгерлердің ең басты міндеті ел қауіпсіздігін сақтау және сыртқы жаудан қорғау.
Үшінші топ өкілдері олар шаруалар немесе қолөнершілер. Қарапайым қала тұрғындары негізі міндеттері бұйымдар жасау. Олар тұрғындар болғандықтан олардыңда дамуға қосатын үлесі көп екендігі анық халықтың басым көпшілігі осылар болды.
Айта кететін жайт Платон идеалды мемлкетте құлдарды адам қатарына жатқызбады. Әрине сол кездегі қоғамдық ойлау үшін бұндай ойлау жат емес.
Еңбекте Платон тәрбиегеде аса қатты көңіл бөлді ол балаларды отбасыда тәрбиелеуге қарсы шықты. Оның ойынша бала тәрбиесіне бүкіл ел жауапты яғни бала бір отбасының ғана баласы емес халықтың баласы боп өседі. Бала жан-жақты тәрбиеге ие болады және бүкіл елді жақсы қөреді себебі ол үшін бүкіл халық оның отбасы.Балаға тәрбиені беру аса жауапты іс болғандықтан оған таңдаулы адамдар білім береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет