Сборник материалов международного научного форума «филологическая наука в ХХІ веке: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата08.11.2022
өлшемі2.33 Mb.
#464265
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
abdezuly. sborgik filologicheskaya nauka v 21 veke.

Пайдаланған әдебиеттер: 
1. Вали // Ислам. Энци-клопедический словарь. М., 1991 
2. Қазақ Энциклопедиясы, 1 том 
3. Жирмунский В.М. Сказание об Алпамыше и богатырская сказка. М., 1960 
4. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы: Ғылым, 1984 
5. Әжіғали С.. Оразбек Е. Қазақтардың дінге сенгіштігі // Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. 
Алматы: Арыс, 2005 
6. Селезнев А.Г., Селезнева ІІА. Материалы для изучения культа святых в Сибирском исламе // Университеты как 
регионообразующие научно-образовательные комплексы. Омск, 2005 
7. Арғынбаев X. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969 
8. Ахметов Ә. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (салыстырмалы этнолингвистикалық зерделеу). Алматы: Ғы-
лым, 1995 
 
 
Құрманқызы Ш. С., 
Қазақ қыздар мемлекеттік педагогикалық 
 университетінің магистранты
 
ҚАЗАҚТАРДЫҢ МИФТІК ТАНЫМЫНДАҒЫ ГЕНОТИПТІК ДІНИ ЖҮЙЕЛЕР 
 
Қазақтардың мифологиялық тарихи даму жолында генотиптік діни жүйелер басым болды. Бұл 
ұғымға Профессор Т.Ғабитов төмендегідей анықтама береді: “Генотиптік діни жүйе деп -рулық-
тайпалық қауымға тән ілкі ата текті қастерлеп, оларды жаратушы және қоғамдық өмірдің барлық 
салаларында шешуші күш ретінде қабылдайтын сенімдер мен нанымдардың бірлігін айтады. 
Генотиптік сенімнің орталық бейнесі –аруақ”. Ата-баба аруағын қастерлеу – сақтар заманынан осы 
күнге дейін жалғасқан дәстүр. 
Қазақ халқының дүниетанымында Әулиеге табыну дәстүрі ежелден бар. Тәңірге сенген ежелгі 
түркілер Ұмай ананы, Қызыр атаны, ата-баба аруақтарын желеп-жебеуші санап, оларға үнемі сиынып 
отырған. Күнге, Айға, Отқа табыну, ел иесі Көкбөріні қасиет тұту, су иесі Сүлейменге жалбарыну, 
тіршілігінің негізітөрт түлік малдың иелері — Қамбар атадан, Шопан атадан, Ойсыл қарадан, Зеңгі 
бабадан, Шекшек атадан жәрдем күту, т.б. ислам дініне дейінгі ежелгі нанымдар Қазақ халқының 
дүниетанымында күні бүгінге дейін сақталған.
Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстан баб, Қожа Ахмет Иасауи, Бекет ата, Сопы Әзіз, Оқшы ата, т.б. 
Әулиелер білімпаз діндарлығымен де, қарапайым ізгілігімен де халық жадында мәңгілік сақталған. 
Қазақ халқы, сондай-ақ, ел қорғаған батырларды, ұлт бірлігін сақтаған билерді, ақыл-парасатымен 
тұтас аймаққа үлгі болған аналарды Әулиелер қатарына қосып, олардың аруақтарына табынып 
келеді. [2].Демек, әулие культінің орнығуына жергілікті халықтың табиғат нысандарына табыну 


137 
жорасы, шаманистік мифологиясы, аруақтарды ұлықтау рәсімдері өзгеше лепте үндесіп, айырғысыз 
тұтастықта ұштасып, әбден кірігіп кететіні байқалады. Көзі тірісінде елді рухани тура жолға бастаған 
әулиелердің қайтыс болғаннан кейін де қадір-қасиеті тағы да арта түседі. Осыған орай олардың 
қабіріне кесене тұрғызылып, ол мұсылмандардың тұрақты зиярат ететін киелі мекеніне айналады. 
Мәселен, Қазақстандағы Баба түкті Шашты Әзіз, Арыстанбап, Ысқақ бап, Шайқы Ибраһим, Иасауи, 
Әулие ата, Қоңыр әулие, Бекет ата т.б. әулиелердің сағаналарына халық әлі күнге дейін тәу етеді. 
Қазақтың әпсана-мифтерінде әулие кереметті көрсетуші, тылсым сырды шешуші, жоқтан барды 
жасаушы, батырларды жебеуші nip, дін жолында құрбан болушы тұлға ретінде дәріптеледі. Оның 
мұндай қызметтері, әлбетте, өңірдегі табиғат нысандарымен тікелей байланыста болып келеді. 
Мәселен, қазақ мифтерінде төмендегідей мотивтер тұрақты кездеседі. Елге белгілі әулиелер (Масат 
ата, Укаша ата, Түлкібас, Азанұр әулие, Шілтер әулие т.б.) намаз оқып тұрғанда, аңдып жүрген аяр 
жаулары оған аяқ астынан қастандық жасайды да, олар қаза тапқаннан кейін марқұмның денесінен 
(қанынан, ізінен, түкірігінен) жергілікті жағырапиялық нысандардың түр-түсі, кескін- келбеті пайда 
болып қалыптасады. Ал атса оқ өтпейтін қасиетті әулиенің осал тұсын дұшпанға айтып берген 
опасыз келіні (кейде тоқалы) қарғыстан меңіреу тасқа айналады[4]. 
Ондай өлкелер Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Сыр бойында көптеп кездеседі. Мысалы, Укаша 
әулиенің қаза тапқанда домалаған басы еніп кеткен таудың қуысында киелі құдық пайда болса
Көзата қабірінің қасынан жанарды емдейтін бұлақ ағып шығады. Түлкібас әулие түкіріп қалғанда, он 
екі қарсыласы езіліп кетеді, сол жерде он екі шипалы бұлақ пайда болған деген аңыз бар. Бұл 
мифтерде халықтың ислам дініне дейінгі табынып келген табиғат нысандары туралы ежелден бері 
айтылып жүрген әпсана-хикаялары енді әулиенің қасиетті өмірбаянымен етене ұштасып, басқа 
сипатта жаңғырып, киелі өзен-су, тау-тас жаңа діннің күшті насихат құралына лайықталғаны және де 
соның арқасында осындай көрікті мекендер мұсылмандардың діни жоралғы өтеп, жиі-жиі зиярат 
ететін орнына айналғаны байқалады. Әулиенің ерекше кереметтерінің бірі - перзентсіз ата-анаға 
ұрпақ сыйлайтын қасиеті екендігі қазақ мифтерінде, ертегілерінде, эпостарында тұрақты дәріптеледі. 
Әсіресе әулиенің шапағатына қатысты пайда болған қасиетті нысандар мифте өте-мөте иланымды 
суреттеліп, тіпті сол өлкелер ел жадында бұлтартпас деректермен куәландырылып, бүгінгі ұрпақтың 
да бағзы заманғы ғажайыпты көруіне бағыт-бағдар нұсқалып, соның нәтижесінде мұқтаж жандар 
тәуап ете барып, ғұрыптық жора орындайтын нүктеге айналған деуге әбден болады. 
Қазақта әулиеге қатысты мынандай ырымдарды кездестіруге болады. Мәселен, пұшпағы 
қанамаған бедеу әйел жуынып-шайынып тазаланып алған соң, әулие адамдардың қабіріне барып тәу 
етіп жалбарынса, сүйегі жазылып, бала көтереді деп ырымдайды[6]. 
Қазақтар әсіресе әулиелі жерлерді қастерлеп, қасиет тұтқан. Мысалы, Алпамыс жырындағы 
мына жолдарды алып көрелік. 
Байбөрі байдың бәйбіше, 
Жырының аты Аналық. 
Жылай береді зарланып 
Көрмедік деп самалық. 
Жасымыз болса кеп қалды, 
Енді қандай қылалық. 
Мақұл десең алғаным,
Алаша төсек салғаным. 
Әзіреті Сұлтанға 
Екеуміз де баралық. 
Әулие қылса керемет, 
Болар ма екен жаңалық? 
Бермесе Құдай, не шара, 
Далада өліп қалалық! 
Осы айтқанға тоқтаған Байбөрі бабамыз ендігі жерде алды-артына қарамайды: 
...Бір күндік жерге шұбады. 
Сол уақтар болғанда, 
Күн ұяға қонғанда. 
Бір төбенің басында, 
Үркердей боп тұрады. 
Байеке, жолың болсын деп, 
Қабыл болсын мұның деп, 
Қол жайып, дұға қылады... 


138 
Оқиғаның әлі де сол Жиделі-Байсын жерінде өтіп жатқаны ақиқат. Осынау «Әулие қоймай 
қыдырған, Етегін шеңгел сыдырған» сапар Баба Түкті Шашты Әзізге зиярат қылумен аяқталатын-
дықтан, жыр жолдарын бөліп-бөліп беріп отырмыз.
... Аналық жазған аңырап,
Бұ да көлік мінбеді. 
Кей жерде жаяу үдеріп,
Кей жерде жатып түнеді. 
Күннен-күнге түн қатып, 
Бейшара әбден жүдеді. 
Бірнеше күн жүргенде, 
Өлдік-талдық дегенде, 
Әзіретке келеді... 
Жиделі-Байсыннан шыққан Байбөрі мен Аналық еш жерге аялдамай, Әзіретке-Түркістанға келіп 
жетеді.... 
Әзіреттің төбесін 
Күндік жерден көреді. 
…Көзінің жасы көл болып, 
Отырған орны сел болып, 
Жеті күн ұдай түнеді. 
Бай-бәйбіше екеуі 
Ешбір нышан білмеді. 
Қожалардан бата алып, 
Жапан кезген атанып, 
Жоғары қарай өрледі.... 
Алпамыс жырында әруаққа, әулиеге сиынуда кейіптендіру мен адамдандыру фантастикалық 
қияли түсініктерге жүгінген. Сондықтан оларда идеялық тегі жағынан мифологиямен кіндіктес 
болып келеді. Дүниенің заңдылықтарын жете түсініп, пайымдай алмаушылық таным процесінің көне 
жүйелеріне негіз болады. Осындай көне методологиялық дүниетанымды принципті басшылыққа 
алған жыр мазмұнында адам мен шындықтың онтологиялық (заттық) тегі ажыратыла бермейді. Тіпті 
кәдуілгі (эмпириялық) сана оны дәл ажырата алғанымен, көркемдік сана үшін дәстүрлі түсінік даяр 
тұрған әшекей қызметін атқарады. Өйткені халықтық шығармашылық, фольклор дәстүрлі көзқа-
расты дүниетанымдық алғы шарт етеді. Қазақтар жақсылық істерді басқаратындарын әруақ, періште 
т,б, десе, жамандық істерді басқаратындарын пері, шайтан, албасты, жезтырнақ т.б. деп атайды.
Көне шамандық, тәңірлік дінмен қабаттаса жүрген мифологиялық таным, кейін келе-келе ислам-
дық дінмен астасып, кірігіп кеткен тұстары да болды. Бұрынғы шамандық, тәңірлік мифі исламдық 
сиынуларға ұласып, әулие басына түнеу, аталар аруағынан медет сұрау секілді мифологияға ауысады. 
Оны біз Алпамыс батыр жырын жырлаған жыршының фактілерінен көреміз. 
...Сөйтіп, «алыстан ат арытып, тон тоздырып» жеткен Әзіреттің басына 7 кун түнегеннен кейін 
Байбөрі мен бәйбішесі Аналық «жоғары өрлепті». 
Жағрафияны жақсы білетін азамат Түркістан қаласының өкпе тұсындағы қазіргі Кентау деген 
қала орналасқан жерден Қаратау сілемдерінің басталатынын бірден бағамдайды. Одан әрі таудан 
асатын жол Ащысай арқылы Теріскейге — Созак, еліне сұғына енеді. Ұзын ырғасы 40-50 шақырым 
жуықтап қалатын таудың жалпы ені одан асып түсу үшін біршама күш-қуатты қажет ететіні сөзсіз. 
Оның үстіне, еңкілдеп алға тарта беретін жазық емес, мұнан өткен адам жиі-жиі дем басып, ірілі - 
уақты қасиетті жерлерге тоқтайтыны тағы бар. Сол себепті жырда былай деп айтылыпты: 
Әзіреті Қаратау, 
Әулиенің кені еді. 
Өзен сайын тастамай
Бәріне бір-бір түнеді. 
Кім біледі, осынау әулиелі-киелі жерлердің қатарында «Жылаған Ата», «Үкаша Ата», «Балықшы 
Ата», Созақтың маңындағы «Жылтырақ Ата», «Қазаншы Ата», «Қарабура» сияқты әулиелердің 
болуы да ықтимал. Бірақ, жырды жырлаушы оны түстеп-түгендемейді. Тек: «Өзен сайын тастамай, 
Бәріне бір-бір түнеді» деп сыдыртып өте шығады. 
Ендігі жерде жырдың оқиғасы Қаратаудың екінші Теріскей бетіне ауысады. Жырды жасаған адам 
бір қарағанда, осы өлкені бір кісідей білетін-ақ жан. Ал, екінші жағынан жалпы нобаймен сыдыртып 
өте беретін сияқты. Осы айтқанымызды жыр жолымен үндестіріп көрелік: 
Ол уақытта Баба ата, 


139 
Томпайып жатқан жер еді. 
Ат бесік салып басына 
Қабірін бұлар түзеді. 
Қалған малын сарып қып, 
Бұған да үш күн түнеді. 
Осымен өтті тоқсан күн, 
Ешбір аян бермеді. 
Күдер үзіп бәрінен, 
Одан да әрі жөнеді... 
Бұл жерде біз бүкіл әулие атаулыны кезіп, басына түнеген Байбөрі мен Аналыққа жыршы қалай 
болғанда да, атақты әулиені «Көк есегі астында, Ақ сәлдесі басында, Сырлы асасы қолында» деп 
суреттейді. Халық жүрегіне жақын болсын дегендегісі ме, қалай?! 
Иә, сол әулие бабамыз есектен түспей тіл қатқандағы айтқаны: 
Ей, бейшара, мүгедек, 
Жаныңызға не керек? 
Дейсің ғой маған ұл керек, 
Әулиені қыдырдың, 
Жердің жүзін сыдырдың. 
Маңдайына төбелеп. 
Әрқайсының әр түрлі, 
Мәртебесі бір бөлек. 
Сен үшін бәрі қиналды, 
Бір жерге тегіс жиналды. 
«Бір ұл бер» деп осыған, 
Бір Жаратқан Құдайдың, 
Тура өзіне жылады... 
Білетін жандар Баба Түкті Шашты Әзіздің Сақы әулие Баба Түкті Шашты Әзіз — деген тіркеспен 
аталатынын да жақсы біледі. Мұндағы «сақылық» жомарттық деген сөз.Ол алдына келген адамның 
көңілін қайтармайтындығынан солай атанған. 
«Алпамыс батыр» жырын жасаған ұлы жырау осыны білгендіктен, әулиелердің де әрқайсысының 
өзіндік ерекшеліктері мен атқаратын міндеттерінің болатындығын айтып өтеді, Солар айтқан ақ 
тілектің түйіні осы арада шешілгенін меңзейді:
Менің атым Шашты Әзіз, 
Қыламын десең ықылас, 
Жарылқады Жаратқан. 
Ей, бейшара, көзіңді аш, 
Ұлыңның аты Алпамыс. 
Қызыңның аты Қарлығаш.
Атса мылтық өтпейді, 
Шапса қылыш кеспейді. 
Қалмақтармен болар қас. 
Түрегелде қолыңды жай, 
Болады өзі өмір жас...-дейді. 
Қазақ халқы тәңірге деген мифтік наным-сенімді Ислам дінін қабылдаған соң тонын өзгертіп, сол 
мифтік ұғымды қайта қабылдаған. Біз жоғарыда айтып отырған Байбөрі мен Аналыққа бата берген 
Шашты Әзіз, Қорқыт ата секілді тәңірлік діннің өкілі болса, Әзірет Сұлтан және өзге әулиелер Ислам 
дінінің өкілдері. Міне, қазақтың көне мифтерінде екі діннің де өкілдері кездесетіні сондықтан. 
Қазіргі күндері ел мен жерді жаудан жан аямай қорғап, ерлігімен, әділеттілігімен көзге түскен, 
сол арқылы халық жадында сақталған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек сияқты 
батырларды, Төле, Қазыбек, Әйтекедей билерді қастерлеп, оларға атап ас беру – осы дәстүр көрінісі. 
Артында қалған ұрпағы о дүниелік болған адамның аруағын риза етуді парыз санаған. “Өлі риза 
болмай, тірі байымайды” деген халық даналығында аруаққа деген көзқарас айқын көрініс тапқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет