Семестрлік жұмыс №1



бет4/4
Дата21.12.2023
өлшемі35.98 Kb.
#487236
1   2   3   4
Rusya filos

Қорытынды
Қазақ философиясының көрнекті өкілі – Шәкәрім Құдайбердиев. Өзінің рухани ұстаздары Шоқан, Абай, Ыбырайға қарағанда грек, европа философиясының тарихын тереңірек біліп, оған баға беріп, өзіндік ой қорытқан. Ол Батыс пен Шығыстың мәдениетін жетік білген.
Шәкәрім философиясының негізгі өзегі - адам. «Адамның мәні – оның дүниені танып білуінде, ол тек адамға ғана тән нәрсе», - дейді ол.
Шәкәрімнің философиялық ой сараптауын «Үш анық» атты арнайы философиялық трактатынан көруге болады, ол зерттеушінің 28 жылдық еңбегінің қорытындысы. «Үш анық» қазақ халқының тарихи тағдырына үлкен өзгеріс әкелген жылдары жазылған. Бірінші орыс революциясы, бірінші дүниежүзілік соғыс, ақпан, қазан революциялары және тағы да басқа оқиғалар қазақ жеріне көп әсерін тигізді. Осы жағдайлар Шәкәрімді немқұрайлы тыныштыққа қалдыра алмады. Халқы туралы толғаным болашағы ойшылды қиналдырып, осы тоқыраудан шығу жолына итермеледі.
«Тіршілік туралы адам арасында көптен бері айтылып келе жатқан екі түрлі жол бар. Бірі, дене өлсе де жан жоғалмайды, өлгеннен соң да бұл тіршілікке тіпті, ұқсамайтын бір түрлі өмір бар. Сондықтан жалғыз ғана дүние тіршілігінің қамын ойламай, сол соңғы өмірде жақсы болудың қамын қылу керек дейді. Мұны ақырет - өлгеннен соңғы өмір жолы дейді. Енді бірі, бұл әлемдегі барлық нәрсенің бәрі өздігінен жаралып жатыр, оны былай қылайын деп жаратқан иесі жоқ, һәм өлген соң тірілетін жан жоқ дейді», – деп жазды Шәкәрім «Үш анықта».
Ғалым идеализм, материализм демесе де соларды анықтап отырғаны түсінікті. Осы екі ұстанымды түсіндіре отырып, ақыр аяғында Шәкәрім өзінідік концепция ұсынады.
Оның пікірінше, бірінші ақиқатты жаратушы мен жанның мәңгілігін мойындайтын сенім, яғни діни ақиқат құрайды.
Екінші ақиқат – сезімдік қабылдаулар мен рационалдық ойлауға сүйенетін ғылыми ақиқат.
Үшінші ақиқат – бұл жан ақиқаты, оның субстанциалдық негізі - ұждан. Адам жақсы өмір сүру үшін таза еңбекке, ұждан ақылға, шын жүрекке сүйенуі тиіс.
«Үш анықта» белгілі, белгісіз көптеген ғалымдардың аттары келтірілген. Бұл ғалымның іздену аясының кеңдігін дәлелдейді.


Әдебиеттер тізімі
1. Құдайбердіұлы Ш. Үш анық. – Алматы, 1991. – 203 б.
2. Шәкәрім. Иманым. – Алматы: «Арыс», 2000. – 19 б.
3. Ізтілеуова С. Шәкәрім поэзиясындагы тұлға мәселесі. – Алматы: «Сана», 2000. – 56-57 б.
4. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім шығармаларының дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы: «Санат», 2001. – 338 б.
5. Тілеуханова А. Шәкәрім шығармаларындағы шеберлік пен таным бірлігі. – Алматы: «Сана», 1995. – 175 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет