Семинар 1 Бражанова Дана Корабаевна эж кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі



бет1/6
Дата24.02.2022
өлшемі0.77 Mb.
#455711
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Бакалавриат ЭЭ ТЭ Метрология және ақпараттық-өлшеу техникасы Семинар 1 Бражанова Д К-1

Қарағанды техникалық университеті

Қарағанды техникалық университеті


Метрология және ақпараттық-өлшеу техникасы
Семинар 1
Бражанова Дана Корабаевна – ЭЖ кафедрасының оқытушысы,
техника ғылымдарының магистрі

Қысқаша теориялық мәліметтер Метрология негіздері

Сабақ жоспары

1. Материалды терең зерттеу.

2. Алынған білімді талдау.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Метрология – өлшеулер, әдістері мен олардың бірлігін қамтамасыз ету құралдары және талап етілетін дәлдікке қол жеткізу әдістері туралы ғылым.

Өлшеу –электрлік шамаларды өлшеу әдістері және құралдарын зерттейтін метрология облысы.

Негізгі зерттеу объектісі электр сигналы болып табылады, сондықтан радиоэлектроникада өлшенетін физикалық шамаларды екі топқа бөлуге болады:

- сигнал сипаттамалары мен параметрлері,

- сигналдарды тізбектер түрлендіретін сипаттамалары мен параметрлері.

Қысқаша теориялық мәліметтер

МЕСТ 16263-70 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Терминдер мен анықтамалар» сәйкес.

Өлшеу –арнайы техникалық құралдар– өлшеу құралдары көмегімен физикалық шаманы тәжірибелі жолмен табу процесі.

Өлшеу нәтижесі – оны өлшеу жолымен табылған физикалық шаманың мәні.

Физикалық шама –көптеген объектілер, физикалық жүйелер, олардың жай-күйі мен оларда болып жатқан процестерге сапалық қатынаста жалпы, бірақ олардың әрқайсысына сандық қатынаста жеке қасиет.

Физикалық шаманың шынайы мәні –объектінің сәйкес қасиеттерін сапалық және сандық қарым-қатынастарда мінсіз көрсететін физикалық шаманың мәні. Оны енгізбесе болмайтын қателіктер әсерінен эксперименталды анықтау мүмкін емес.

Қысқаша теориялық мәліметтер

Қателік – бұл өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың шынайы мәнінен ауытқуы.

Физикалық шаманың нақты мәні – эксперименттік жолмен табылған және шынайы мәнге өте жақындатылған, осы мақсат үшін оның орнына пайдаланылуы мүмкін физикалық шаманың мәні.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет